А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет144/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250
Қалқаншамаңы бездерін
ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша без-
дің бір бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде (1924 ж.) 
олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған (96-сурет). Бұл бездер 
паратгормон
бөледі. Бездердің саны төртеу, олардың екеуі қалқанша 
бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан. Қалқанша 
безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. 
Қ а л қ а н ш а м а ң ы б е з д е р і н і ң қ ы з м е т і : 
бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен 
кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға 
өтеді.
Егер организмде 
паратгормон
жетіспесе немесе бездерді алып 
тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері ар-
тады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық 
еттер түйіліп қалады. Тістер өте сынғыш болып, оларда бор
т
үстес дақтар 
96-сурет.
 
Қалқанша 
және қалқаншамаңы 
бездері
Жоғары 
қалқаншамаңы 
бездерi
Қалқанша
безi
Төменгi 
қалқаншамаңы 
бездерi
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


172
пайда болады. Паратгормон шамадан ар тық бө лінгенде сүйекте кальций 
мүлдем азаяды. Сүйектер қиса йып, сынғыш болады, қан та мырларда, 
бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Қалқаншамаңы 
бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен 
фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.
Айырша без 
(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын 
жауып орналасқан без (95, 97-сурет). Адамның балалық шағында ірі 
(30 г) болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20 г). Бұл без 
ти-
мозин­
гормонын бөледі. Ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі 
болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті 
төмендейді. Көкбауырдың мөл ше рі кішірейіп, қандағы лимфоцит жасу-
шалары азайып, антидене тү зілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет