А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет145/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250
Бүйрекүсті бездері 
– бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп 
эндокринді бездер. Олар
 
екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және 
ішкі ми қабаты (98-сурет). 
Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды 
кортикоид­тар
деп атай-
ды. Олар әсері әртүрлі екі гормон бөледі. 
Минералокортикоидтар
ағзада 
минералды заттардың: тұздар мен су мөлшерін реттейді. 
Глюкокорти-
коидтар
тағамның құрамындағы нәруыздардың көмірсуларға айна луын 
қамтамасыз етеді. Сондықтан адам құрамында тек нәруыз бар тағам же-
генде де қанның құрамындағы көмірсудың мөлшері азаймайды.
Бұл гормондар күйзеліс кезінде бөлінеді. Олар ағзада көмірсулар мен 
майлардың алмасуын реттейді, қан тамырлар жүйесінің қызметін, қаңқа 
бұлшық еттерінің және ішкі мүшелердің бұлшық еттерін белсендіре 
97-сурет. 
Ересек 
адамның айырша 
безі
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


173
түседі. Күйзелісті жағдайда адреналиннің бөлінуі артады. Ол қанда қант 
мөлшерін арттырып, жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді және бұлшық 
еттердің жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Көру өткірлігін арттыру үшін 
көз қарашығын үлкейтеді. Бауыр ағзаны мол энергиямен қамтамасыз ету 
үшін қордағы глюкозаны бөледі. Жарақат алған кезде қан тамырларды 
тарылтып, қанның ұю жылдамдығын тездетеді. Дәрігерлер кейде жүрегі 
тоқтап қалған адамның жүрегіне қайта соғуы үшін адреналин егеді.
Басқа күтпеген ауыр жағдайда бүйрекүсті бездері 
нарадреналин
бөледі. Бұл гормондар барлық омыртқалыларда негізінен жылықан-
дыларда секреттеледі.
Ұйқы безінің
қызметін гипофиз безінің гормондары басқара ал-
майды. Ол 
гипофиз­ қызметіне­ тәуелсіз.­
Оның гормондары қанның 
құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты бөлінеді. Егер гормон көп 
бөлінсе, ағза өздігінен уланады. Ал шектен тыс аз мөлшерде бөлінетін 
болса, ағзада энергия жетіспеушілік байқалады. Осыған байланысты 
ең алдымен мидың, содан соң ағзаның басқа да мүшелерінің қызметі 
бұзылады.
Біз тәтті тамақты көп жесек немесе бірнеше күн аш жүрсек те қанның 
құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты –
 
0,1–0,12% болады. Оған 
ұйқы безінің гормондары жауапты. Тәтті тамақ жегенде 
инсулин
гормо-
ны бөлінеді. Ол қанның құрамындағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда 
қорға жиналатын, ерімейтін 
гликогенге
айналдырып, қанттың мөлшерін 
төмендетеді. 
98-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет