175
2. Эндемиялық зоб пен кретинизм ауруларының пайда болу себебі неде?
Аурулардың пайда болуын қандай бездің жұмысымен байланыстыруға
болады?
3. Соматотропты
гормондардың
түзілуі
және
оның
мөлшерінің
өзгерулеріне байланысты пайда болатын аурулардың белгілеріне тал-
дау жасаңдар.
Синтез:
1. Ойланып талдаңдар: біздің ағзамызда қандай
без гипофизге тәуелсіз
және неліктен?
2. Бүйрекүсті бездерін белгілері бойынша жүйелеңдер. 1. Қай қабатында
түзіледі? 2. Әсер ету жылдамдығы қандай? 3. Көңіл күйге немесе зат
алмасуға байланысы. 4. Эволюциялық маңызы.
Бағалау:
Берілген өзгерістерді бағалаңдар: 1. Бірнеше минут ішінде көз дің
қарашығы үлкейеді,
тыныс алу, жүрек соғуы, бұлшық еттің жиы-
рылуы жылдамдайды. 2. Жоғарыдағыдай
белгілермен қоса дене
температурасы аздап көтеріледі,
салмағы кемиді, ұзақ уақыт бойы
ұйқысыздық мазалайды. 3.
Денедегі ісік, тері астына судың жина-
луы, ауа жетіспеушілігі, артық салмақ, үнемі тоңып жүру, ұйқының
қанбауы және енжар болу қандай ауру түрін білдіреді?
Достарыңызбен бөлісу: