58
7-тақырып
Девиантты мінез-құлық жəне бұқаралық ақпарат
құралдары
Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы — мінез-
құлқында ауытқушылық бар кəмелетке толмаған балалар санының
өсуі болып табылады. Мінез-құлықтың асоциалды, агрессивті,
деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқа-
ралық ақпарат құралдары
(БАҚ), əсіресе теледидар, компьютерлік
ойындар, видеофильмдер жəне т.б. үлкен əсер етеді.
БАҚ-тың теріс ықпалын жақтаушылар адамдар агрессивті бо-
луға өзгелердің агрессивті əрекеттерін бақылай отырып үйренеді
деген фактіге сүйенеді. М.Хьюсман зерттеушілер тобымен бірге
20
жыл бойы телехабарлар мен агрессивтіліктің арақатыстылығын
бақылаған
(Бэрон. Агрессия). Олар 30 жаста жасаған қылмыстың
ауырлығы
8 жастағы көретін телехабарлармен сəйкес келетіндігін
анықтаған. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмі
(БАҚ) мынандай болуы мүмкін: телехабарларға шамадан тыс
құмарлық — агрессивті фантазия — өзін кейіпкермен теңдестіру
— мəселелерді шешу мен адамдарға ықпал етудің агрессивті
жолдарын меңгеру — агрессивті əрекеттерді қайталау-тұлғааралық
қарым-қатынаста мəселелерді шешу үшін агрессияны қолдану
−
қуаттану — агрессивті əдеттер — дамымаған əлеуметтік жəне оқу
біліктіліктері — фрустрация — телебағдарламаларды шамадан тыс
көру.
Агрессивті мінез-құлықтың бақылау арқылы қалыптасуы
бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін: біріншіден, көрген
хабар шынайы болуы жəне баурап алуы қажет; екіншіден, көрген
хабарды агрессия ретінде қабылдау қажет; үшіншіден, агрессия
көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана агрессия үлгі бола
алады, нақты тұлға үшін агрессияның ықтимал нысаны фильмдегі
агрессияның құрбанымен ассоцияланады. Еліктеп үйренудің
келесі принципиалды шарты агрессия нəтижесінде кейіпкер мақ-
сатына жетеді немесе агрессордық кейпіне кіреді.
БАҚ-тың девиантты мінез-құлыққа ықпалын зерттеу үшін
зерттеу əдістері жəне бұл мəселеде əртүрлі ғылыми психоло-
гиялық теорияларды білу керек.
59
Бұндай теориялар мен əдістер төмендегі ғылыми бағыттар
болып табылады:
1. Бихевиористтік психология қойнауында туындаған, А.Бан-
дура мен оның əріптестері тұжырымдаған əлеуметтік ілім тео-
риясы. Осы аталған теорияға сəйкес, адам айналасындағылардың
іс-əрекеттеріне қарап мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Бұл
жағдайда БАҚ жəне оның рөлі өте маңызды, себебі бұқаралық
ақпарат құралдарында көрсетілетін көрсетілімдер ілім көзі болады.
А.Бандураның тəжірибелерінде ересек адам қуыршақты балғамен
ұру арқылы агрессивтіліктің осы тəрізді ұшқындарының мүмкін
екендігін көрсетті, бұл балада болатын бастаудың босаңсуына
əкеледі. Үлкендердің үрмелі қуыршақты ұруын балалардың
бақылауы үлкендердің осы тəрізді əрекеттері жазылып алынған
кинопленканы көрумен ауыстырылған, бұның да əсері ұқсас бол-
ған, яғни балалар осы секілді мінез-құлықты қайталаған. Осы-
лайша, зорлық-зомбылық əрекеттерін бақылау зорлық-зомбы-
лықпен байланысты ойлардың белсендірілденуіне əкеліп соғады.
"Медианы түсіну: адамның сыртқы өсуі" атты еңбегінде
М.Маклюэн бойға біткен əдеттер мен мінез ерекшеліктеріне
байланысты мінез-құлықтың өзгермелі, күшейтпелі немесе,
керісінше, əлсіреуші үлгілерінің іріктелуіне назар аударады:
а
) үлгіге еліктеу — егер адамды қызықтырған кейіпкердің
қылықтары сюжетпен дəлелденген болса, онда адам телекейіп-
кердің мінез-құлқына еліктей бастайды. Өзін телекейіпкермен
теңдестіру жəне оған жаны ашу
− бұл оның кейіпкердің əрекеттерін
шынайы өмірде еліктеп істеуі əбден мүмкін екендігін көрсетеді;
ə
) сенсибилизация — көрермендер (кəмелетке толмағандар)
экранда болып жатқандарды қатты ілтипатқа алған кездегі
эмоционалды-сезімтал реакция кезінде туындайтын өзгеше кері
күшті əсер жəне олардың қиялдарында жағымсыз бейне туын-
датады, сондықтан да адам өз мінез-құлқында фильмдер кейіпкер-
леріне еліктемеуі мүмкін. Бұндай көріністер балаларда қорқы-
ныштың, үрейленушіліктің жəне əртүрлі үрейдің пайда болуына
себепкер болуы мүмкін;
б
) десенсибилизация
(
сезімталдылықтың төмендеуі
)
— бұл
көрермендерде терең эмоционалды реакция əсерін тудыратын
көріністер, бірақ олар біртіндеп əдетті жəне үйреншікті, тұр-
60
мыстық құбылыстарға айналады. Бұған күнделікті қорқынышты
фильмдері, шайқас фильмдері жəне т.б.;
в
) қуаттану — психологияда бұл үлкен маңызға ие, себебі ол
реакциядан кейінгі кез келген оқиғаларды сипаттайды, егер
қуаттану жүзеге асса, реакция қайталануы əбден мүмкін.
2. Когнитивтік (танымдық) теория — ақпаратты алу, меңгеру
үдерісінде соңынан қайтадан еске түсіруде адамдар жəне оқиғалар
туралы тұлғаның еске түсіруін реттейтін "схема" қатысады. Бұл
ақпараттардың барлық түрлерін өңдеудің жалпы сипаттамасы,
соның ішінде алынған ақпарат туралы бар білімдер құрылымымен
байланысты бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын ақпарат-
тарға да тəн. Осы аталған теория негізінде экранда көргенді
(теледидар, компьютерлік ойындар жəне т.б.) игеру жүзеге асады.
Əртүрлі сценарийлермен таныса отырып, тұлға оларды біртіндеп
ұзақ уақыттық жадыға сақтай бастайды.
3. Тарату, əдетке айналдыру теориясы — бұл теорияның
негізгі ережелерінің бірі БАҚ-тың ұзаққа созылған қайталанбалы
ықпалы
(əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар) балалардың
шынайы жəне əлеуметтік əлем туралы түсініктерін үнемі өз-гер-
теді. Үндестіру, яғни адамдардың əртүрлі көзқарастарын əлеумет-
тік шындықтың біркелкі қалыбына салу-құрастыру үдерісі ар-
қылы, яғни көрермендер əлемде болып жатқан оқиғалар туралы
оларды телебағдарламалар призмасы арқылы бақылап, білу кезін-
де жүзеге асырылады. Сақталған ақпарат негізінде тұлға шынайы
өмір туралы өзінің түсінігін қалыптастырады. Бұндай "ақиқат
болмыс" əртүрлі формада қалыптасады жəне гендерлік рөлдер
туралы түсінікке, көзқарастар мен нұсқауларға, жастардың өмір
жолын таңдауларына, адам денсаулығында көрінетін əдеттерге
ықпал етеді.
4. Əлеуметтену теориясы — тарату, əдетке айналдыру теория-
сымен ортақ белгілері көп, əсіресе БАҚ-тың ұзаққа созылатын əсер
ету үдерісімен байланысы бар, адамдардың əлем туралы білімге
қажеттілігін қамтамасыз етеді, өз рөлін жəне ондағы маңыз-
дылығын анықтайды, жеке тұлғаның өнегелі-моральдық қасиет-
терінің қалыптасуына септігін тигізеді.
5. Идентификация — қандай да бір телебағдарламаның əсе-
рінен туындаған адамның эмоционалды күйі. Бұл өзін кейіпкермен
61
салыстыру мен эмпатиялық əсерленушілік деңгейіне байланысты.
Көбінесе "идентификация" ұғымы ересектердің мінез-құлық үлгі-
лерін балалардың меңгеру үдерісін түсіндіру үшін қолданылады.
Қазіргі психологияда аталмыш ұғым мінез-құлықтың белгілі бір
түріне түрткі болатын қарым-қатынастың мағыналық өрісін
үлгілеу үдерісі ретінде түсіндіріледі.
6. Қолдану жəне қанағаттану теориясы — адамдарды Бұқа-
ралық ақпарат құралдарының қандай да бір түрін таңдауға, соны-
мен қатар шешім қабылдау мен өнімді қолдануда мақсаттарды
анықтауда аудиторияның белсенді рөліне түрткі болатын фак-
торларға үлкен мəн береді.
Зерттеу əдістері. Зерттеудің теоретикалық талдауы қазіргі
сатысында БАҚ-тың ықпалы мен жасөспірімдік жастағы девиант-
ты мінез-құлық арасындағы өзара байланысты анықтауға мүм-
кіндік беретін психодиагностикалық құралдарға іріктеу жүргізу
қажеттілігін көрсетті. Жалпы ғылыми əдістермен бірге ғылыми-
психологиялық зерттеулер əдістері кешенін де қолданған жөн:
а
) салыстырмалы əдіс;
b
) психологиялық диагностиканың əдістер кешені;
с
) əңгімелесу;
d
) математикалық статистика мен нəтижелерді өңдеу СТА-
ТИСТИКА
5.0 бағдарламасының көмегімен персоналды ком-
пьютерде жүргізіледі.
1. Сауалнама
12—15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасын-
дағы телебағдарламалардың танымалдық рейтингтерін құрастыру
үшін жасалған. Оған жасөспірімдердің жақсы көретін телебағдар-
ламалары мен кинофильмдер жанрларын анықтауға септігін ти-
гізетін сұрақтар енгізіледі. Сұрақтар төмендегі үлгіде қойылады:
1. Сенің үйіңде теледидар бар ма?
2. Сен қандай арналарды көруді жақсы көресің?
3. Сенің сүйікті телебағдарламаларың қандай?
4. Сен кинофильмдердің қандай жанрларын жақсы көресің?
5. Соңғы жылдары көрген бірнеше фильмдеріңді жəне не ұна-
ғанын айтып берші.
2. Телебағдарламалардың тақырыптық мазмұнына талдау
əдістемесі
(жасөспірімдер арасындағы танымалдық рейтингі)
62
оның құрамындағы материалдардың қызметтік тиістілігін тексеру
мақсатында онда берілетін ақпараттарды объективті зерттеуге
бағытталған. Талдау бірлігі ретінде материалды тұтас сипаттайтын
белгісі алынады:
a) ақпараттық
(жаңалықтар, саяси бағдарламалар);
b) оқу-танымдық;
c) спорттық;
d) көңіл жадырататын
(көркем фильмдер, мультфильмдер, саз-
ды бағдарламалар, шоу
).
3. "Контент — талдау" əдістемесі. Талдау бірлігі болып мə-
тіннің жеке үзіндісі алынады
(сөз, кейіпкер, байымдау, белгілі бір
тақырыппен сəйкес келетін абзац немесе мəтіннің берік бекімеген
бөлімі
). Телебағдарламалардың мінез-құлықтың ауытқуына тіке-
лей немесе жанама əсер ететін мəтіндері
(бұл жерде мəтін деп кез
келген ақпаратты, мазмұнды, бейнені жəне т.б. түсінеміз
) саны
төмендегідей формамен жүзеге асады:
1. Зорлық-зомбылыққа бейімделу — БАҚ тұтынушыларының
зорлық-зомбылық құндылықтарын белсенді бейімдеуі;
2. Девиантты мінез-құлықты ақтау — девиантты мінез-құлықты
түсіндіру, кешіру үшін қолданылатын дəлелдер;
3. Девиантты мінез-құлықты батырлық ету — бұл жоғары
идеалы миссияны орындауға іс-əрекетті немесе қылықты жатқызу
есебінде дəріптеу;
4. Девиантты мінез-құлықты насихаттау — девиантты мінез-
құлықты көрсетуге бағытталған қандай да бір көзқарасты, идеяны,
ілімді, білімді тарату жəне түсіндіру;
5. Девиантты мінез-құлықты иелену — меншіктену орындау
барысында зорлық-зомбылық кездесетін міндеттерді адам ашық
түрде өз мойнына алуда жүзеге асады;
6. Девиантты мінез-құлыққа арандату — арандатушылық,
девиантты мінез-құлықтың пайда болуына əкелуі мүмкін іс-
əрекетке біреуді итермелеу.
4. Эмпатиялық үрдістер деңгейін зерттеу əдістемесі.
Бұл əдістемені эмпатияны
(жаны ашуды), яғни өзін басқа адам-
ның орнына қоя білу іскерлігін, басқа адамдардың қайғыруына
63
еркін эмоционалды ықыластылыққа қабілетті зерттеу үшін
И.М.Юсупов ұсынған. Эмпатия тұлғааралық қарым-қатынастарды
теңдестіруге септігін тигізетіндіктен, ол адам мінез-құлқын
əлеуметтік шартты етеді. Аталмыш əдістеме
36 пайымдаудан
тұрады, оларға бес жауап варианты ұсынылады: "білмеймін",
(0
ұпай
), "жоқ" (1 ұпай), "кейде" (2 ұпай), "жиі" (3 ұпай), "əрқашанда
дерлік"
(4 ұпай), "иə, үнемі" (5 ұпай). Əдістемеде дəйектілік
өлшемі бар. Нəтижелерді есептеу
2, 5, 8, 9, 10, 12, 13, 15, 16, 19, 21,
22, 24, 25, 26, 27, 29 жəне 32 тармақтарға берілген жауаптарға
жазылған барлық ұпайларды қосу жолымен жүзеге асады.
Нəтиженің эмпатиялық үрдістердің даму шкаласымен арақатысы
белгіленеді:
a)
82-ден 90-ға дейін эмпатиялылықтың өте жоғары деңгейі;
b)
63-тен 81-ге дейін — эмпатиялықтың жоғары деңгейі;
c)
37-ден 62-ге дейін −эмпатиялықтың қалыпты деңгейі;
d)
12-ден 36-ға дейін — эмпатиялықтың төменгі деңгейі;
е
) 11 жəне бұдан аз ұпай — эмпатиялықтың өте төмен деңгейі.
7-тақырып бойынша сұрақтар:
1. БАҚ жəне олардың девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына
əсері.
2. Девиантты мінез-құлыққа БАҚ-тың əсерін зерттеу əдістері.
3. БАҚ-тың кəмелетке толмағандарға арналған бағдарламала-
рындағы жағымды жəне жағымсыз жақтары.
7
-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер
Акажанова А.Т. Теоретико-психологический анализ влияния
средств массовой информации (СМИ) на формирование девиант-
ного поведения несовершеннолетних.— Алматы, 2007.
Андрианов М.С. Психологические механизмы воздействия
средств массовой информации на процессы правовой социали-
зации.— М., 1998.
Теоретико-психологический анализ влияния СМИ на форми-
рование девиантного поведения несовершеннолетних.— Алматы,
2007.
64
Джаманбалаева Ш.Е. Социальные проблемы девиантного по-
ведения.— Алматы, 1990.
Дусманбетов Г.А., Шерьязданова Х.Т. Психология деструктив-
ных факторов процесса социализации старших подростков.—
Алматы, 2003.
Змановская Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося
поведения).— М., 2004.
Кон И.С. Психология ранней юности.— М., 1989.
Криминологи о неформальных молодежных объединениях.— М.,
1990.
Шерьязданова Х.Т., Дусманбетов Г.А. Казахстанский подрос-
ток: движение в зону риска.— Алматы: Вестник «Кайнар».
65
8 -тақырып
Кəмелетке толмағандардың жəбірленуші
болғыштығының психологиялық жəне педагогикалық
аспектілері
Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім"
дегенді
[латын тілінің vikmima — жəбір (құрбан), грек тілінің
Logos-ілім сөздерінен шыққан
] білдіреді. Жəбірленушіні зерттеу-
мен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағы-
насында виктимология немесе криминалдық виктимология деп
қылмыс жəбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет.
Жəбірленуші болушылық немесе құрбандық — бұл адамды
қылмыс құрбанына айналуға бейім етуі мүмкін физикалық, пси-
хикалық жəне əлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері. Викти-
мизация — жəбірші (құрбан) болушылықты игеру үдерісі.
"Қылмыс құрбаны" ұғымы "зардап шегуші" ұғымына қарағанда
кең. Қылмыс құрбаны — заңды түрде зардап шегуші деп мойын-
далғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық
əрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез
келген адам. Басқаша айтқанда, "жəбірленуші" — виктимоло-
гиялық ұғым, "зардап шегуші" — қылмыстық-процессуалдық
ұғым. Бұл ұғымдар өзара сəйкес келмеулері мүмкін. "Жеке
тұлғаның құрбан болуы ... қылмыстық əрекетпен жасалғаннан
басқа, дəлірек айтқанда, белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны
болуға қабілеттілік, немесе, басқа сөзбен айтқанда, объективті
түрде мүмкін болған жағдайдың өзінде болдырмауға қабілет-
сіздік".
Соңғы жылдары криминалистикалық зерттеулер қылмысты ашу
мен тексеруде қылмыс құрбанының рөліне баса назар аудара
бастады. Виктимология — криминологияның маңызды бағытта-
рының бірі ретінде, зардап шегушінің жеке тұлғасын, оның
таныстарын, қылмыскермен өзара қарым-қатынасын, қылмыскерді
айыптау жағдайындағы құрбанның мінез-құлқындағы ерекшелік-
терін зерттейді. Виктимологиялық зерттеулерде қылмыс гене-
зисіндегі құрбанның рөлі, оның қылмыскермен тұлғааралық
байланыстары мен қарым-қатынастары маңызды орын алады.
66
Салыстырмалы тұрғыда, виктимология өз алдына жеке ғылым
ретінде жақында ғана, тек
1947 жылдан кейін ғана пайда болды
(Л.В. Франк).
Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның рөлі идеясы жаңа
емес, көне дəуірден бастап, бұл идея көптеген заң жəне əдеби
ескерткіштер мен басқа да дереккөздерде көрініс тапқан.
Афиналық шешен жəне көрнекті саяси қайраткер Демосфен
(біздің дəуірге дейінгі 384—322 жылдар) өлтіру ісі бойынша сотта
сөйлеген сөзінде былай деген: "Иə, менің ойымша, ең басында осы
істер туралы құқықтық нұсқауларды бекіткен төрешілер, адамдар
ең алдымен жалпы өлтіруді рұқсат етілмейтін іс деп есептеу
немесе кейбір жағдайда оны əділ деп мойындау қажет деген
сұрақпен айналысқан; бірақ, мына оқиғаны ескере отырып, Орест
анасын өлтіргендігі үшін айыпты деп мойындалғанымен, оны
бəрібір ақтады, құдайлар сотында, олар кейде өлтіру əділ іс
болады деген тұжырымға келді..."
[Аристотель "Афина саяса-
ты".— М.,
1937, 76—79 беттер]. Бұл мифта зардап шегушінің
кінəсі айыпталушының жауапкершілігін жеңілдетеді немесе
жояды немесе оның заңсыз əрекеті біріншінің мінез-құлқынан
туындайды деген идея бар. Сонымен қатар, бұл жерде "қыл-
мыскер-құрбан", "құрбан-қылмыскер" жай-күйінің динамикасы
жақсы көрсетілген. Мифта сипатталған өлтіру жағдайы ең жақын
туысқандардың арасындағы қарым-қатынастардан туындаған.
Əкесі өз туған қызын құрбандыққа шалады..., əйелі күйеуін
өлтіреді..., ұл өзінің ақ сүт беріп өсірген анасын өлтіреді.
Басқа түрде виктимгендік жағдай Авельді ағасы Каинның
өлтіруі туралы жалпыға танымал інжілдік аңызда "үлгіленген"
["Інжіл аңыздары".— М., 1968, 21 бет]. Аталмыш жағдайда құрбан
өзі қылмыстың жасалуына себепкер болады, ол бұл істі өз қа-
лауынсыз, осы əрекетімен, белгілі бір жағдайда, ренішті ағасының
қызғанышын тудырады, қызғанышқа бой алдырған ағасы өзінің ең
жолы болғыш "бəсекелесін" өлтіруге шешім қабылдайды. Авель
ағасы Каинның тұнжыраңқы көңіл күйін көреді, төніп келе жатқан
қауіпті сезеді, ағасының алдында қандай да бір кінəсін сезеді,
алайда өлім қақпанына оңай түседі. Озбырлық алдында болған,
құрбанның жоғарыда суреттелген жай-күйі "Авель синдромы" деп
аталады.
67
Тек əдеби дереккөздерде ғана емес, заң саласының дереккөз-
дерінде де, соның ішінде қарапайым заңдар дереккөздерде де
құрбанға тікелей қатысты нормалар бар. Бірінші кезекте олар
қанды кек, өзін-өзі қорғау, зиянның орнын толтыру секілді типтік
құбылыстарды қамтиды. Қанды кек алғашқы қауымдық қоғамда
жəбірленуші шыққан ру немесе тайпадан тыс тұрған адамдарға
бағытталады. Бұл барлық отбасының, рудың немесе тіптен тұтас
бір тайпаның ісі болып табылады. Бұндай кезде өте күрделі
жағдайлар туындайды. Өйткені бұндай жағдайда адамдардың
тұтас бір қауымы оларға тікелей зиян келмесе де өздерін жəбір-
ленушілер деп есептеді, ал айыпкер немесе оның ұрпақтары даяр-
ланып жатқан кек алу əрекетінің ықтимал зардап шегушілеріне
айналды.
Жəбірленушінің сұлбасына, заң бұзушылықтың орын алуын-
дағы оның рөліне, жəбірленушінің кінəсі мəселесіне баса назар
аударған римдік құқық нормалары даусыз қызығушылық
тудырады. Х
ΙΙ кестелер заңдарында былай жазылған: "Егер дене
мүшесін зақымдаған болса жəне жəбірленушімен татуласпаған
болса, онда оған да дəл сондай зақым келтіріледі". Римдік құқық
жəбірленушіден де, заң бұзушыдан да қамқоршылықтың жоғары
деңгейін талап етті. Римдік заңгерлердің дигесталарды басшы-
лыққа ала отырып, төбелеске қатысушылардың кінəлеріне қатысы
мəселелерді шешу тəсілі үлгі тұтарлық
(Дигесталар — Римнің
классикалық заңгерлерінің құқық мəселелері бойынша жəне
заңдық күші болған шығармаларының жүйелі орналасқан жəне
тақырыптар бойынша біріктірілген жинағы: арзан асхананың
қасында болған түнгі төбелес туралы əңгіме
).
Қылмыстың виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті
жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М. Дос-
тоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар", Ф.Верфельдің "Өлтіруші
емес, құрбан кінəлі", Л.Франктің "Себеп", Т.Драйзердің "Амери-
кандық қайғы" жəне басқалар туындылары.
Көне заманның өзінде адамның тағдыры белгілі бір деңгейде
оның өзіне байланысты екендігі анықталған. Бұл халықтық
фольклорда көрініс тапты: "Əр адам өз бақытының ұстасы",
"Батырдың қолындағы қысқа қылыш ұзарады" жəне т.б. Тарихта
"мүмкін емес" деп ешқашан айтпайтын жəне əрқашанда орын
алған жағдайдан басым түсетін адамдар болғандығы белгілі.
68
Осымен бірге адамдардың басқа санаттары да бар: үнемі жолы
болмайтын, əрқашанда ісі оңға баспайтын адамдар; жəне
Н.В.Гоголь "тарихи адамдар" қатарына жатқызғандар: қашан
болмасын жəне қайда болмасын, олар əйтеуір қандай да бір
оқиғаға тап болады.
ХІХ ғасырдың соңында — ХХ ғасырдың басында құрбан
тақырыбы əдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтар-
дың жəне криминологтардың шығармаларында айқын көрініс
тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон
Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің
нақты санаты мен жəбірленушілердің нақты түрлерінің арасын-
дағы тəуелділік туралы идеяны ұсынды
["Қылмыскер жəне оның
құрбаны",
1948]. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың
ішінде — Ф.Т.Джас
["Өлтіру мен оның мотивтері"], ал 1958 жылы
М.Е.Вольфганг "Өлтірудің түрлері" атты еңбек жариялады. Бұл
еңбекте ғалым көптеген зерттеулердің нəтижелерін қорытып,
өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде
қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады. Алаяқтық,
қарақшылық шабуылдар, азаптау, бұзақылық, зорлау жəне тағы
кейбір түрлері секілді қылмыстардың виктимологиялық аспекті-
лері ғалымдардың назарын өзіне аудартты. 1967 жылы израилдық
ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаят-
тарды зерттеді ["Зорлау түрлері", 1971 жыл].
Ресейлік ғалымдар да
(Ю.М. Антонян, А.П. Дьяченко, В.П.
Коновалов, Л.Ф. Франк жəне басқалар
) құрбан болушылықты
зерттеуге белсенді ат салысты.
1972 жылы "Виктимология жəне
құрбан болушылық" атты ғылыми монография жариялаған Лев
Вольфович Франк кеңестік виктимологияның ақсақалы саналады.
Л.В.Франктің ойынша, адамның мінез-құлқы қылмыстық қана
болмайды, сонымен қатар оның құрбан болуына əкеліп соқтыруы
мүмкін: қауіпті, аңғырт, ұяттан безген, арандататын, яғни өзі
қауіпті болуы мүмкін.
Қазіргі виктимология бірнеше бағытта жүзеге асады:
1. Əлеуметтік қауіпті көрініс құрбаны құбылысын, оның
социумға тəуелділігін жəне басқа əлеуметтік институттар жəне
үдерістермен өзара байланыстарын суреттейтін виктимологияның
жалпы "фундаменталды" теориясы. Осыған қоса, виктимология
теориясының дамуы, өз кезегінде, екі бағытта жүзеге асады:
69
Біріншісі, құрбан болушылық пен виктимизацияның тарихын
зерттейді, девиантты белсенділік формасы ретінде құрбан
болушылық құбылысының салыстырмалы дербестігін ескере
отырып, негізгі əлеуметтік өзгерістердің ауысуының ізінше
олардың пайда болуы мен даму заңдылықтарын талдайды;
Екіншісі, жай-күйді орта деңгейлі теориялармен алынған
мəліметтерді жалпы теориялық қорыту жолымен əлеуметтік үдеріс
(құрбан болушылық пен қоғамның өзара əсерін талдау) жəне
ауытқушы мінез-құлықтың индивидуалды көрінісі ретінде зерт-
тейді.
2. Орта деңгейлі жеке виктимологиялық теориялар (криминал-
дық виктимология, шетін виктимология, зақымды виктимология
жəне басқалар
).
3. Қолданбалы виктимология — виктимологиялық техника
(эмпирикалық талдау, жəбірленушімен алдын алу жұмысының
арнайы техникасын, əлеуметтік қолдау технологиясын, қайта
қалпына келтіру жəне орнын толтыру механизмдерін, сақтандыру
технологияларын жасау жəне енгізу, тағы басқалар
).
Жəбірленуші дəрежесіне сүйеніп, оның төмендегі түрлері
ажыратылады:
а) Қауіптің жоғары қасиеттері бар құрбан əлеуметтік
−өнегелі
деформациямен сипатталады. Зорлық-зомбылық қылмыстар көбі-
несе девиантты ортада жасалады. Бұндай қылмыстардың мотив-
тері — пайдакүнемдік, бұзақылық, кек алу жəне т.б. болуы мүмкін,
барлық жағдайда да олар тұлғааралық қарым-қатынастың ерекше-
лігіне байланысты болады. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкше-
лік, гомосексуализм, заңсыз сауда, қылмыстың орта мүшесі болу
жəне т.б. зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың ықтималды
қаупін арттырады.
ə) Қауіптің тым жоғары қасиеттері бар құрбан, оның əлеуметтік
статусында шабуылға ұрыну қауіп-қатері бар. Оларға заң
қызметкерлерін, бақылаушылар жəне кəсібіне байланысты құрбан
болу қаупі жоғары адамдар, өзінің ерекше қылықтарымен жəне
эстетикалық кейпімен қылмыскердің назарын аударуға қабілетті,
сонымен қатар психикалық аурулар жəне психопатологиялық
ауытқулары бар адамдар жатады.
б) Қауіптің азғантай қасиеттері бар құрбан қарапайым жағдай-
ларда жəне қауіп факторларында өмір сүреді, жоғары жəне тым
70
жоғары дережелі құрбан болушылық қаупі бар адамдарға тəн
арнайы жеке тұлғалық жəне мінез-құлықтық қасиеттер көрініс
таппайды.
в) Ықтимал
(кездейсоқ) құрбан. Олар — лаңкестік əрекеттің,
өлтірудің немесе ерекше қауіпті жолмен ауыр зиян келтіру.
Оларды орындау барысында үшінші адамдар зардап шегеді.
Индивидуалды құрбан болушылықты анықтайтын жеке
тұлғалық қасиеттердің маңыздылық дəрежесі мен сипаттамаға
сүйеніп, құрбанды бірнеше түрлерге бөлуге болады:
1. Əмбебап түрі. Бұл түрге олардың қылмыстың əр алуан
түрлеріне қатысты потенциалды осалдығын анықтайтын, айқын
көрінетін белгілері бар адамдар жатады. Бұл құрбандық бейім-
діліктер иелері, аталмыш бейімділіктері əртүрлі қылмыс жағ-
дайында жүзеге асуы əбден мүмкін. Бұл түрге жататын құрбандар
өздеріне тəн құрбандық мінез-құлық белсенділігімен де,
енжарлықпен де сипатталады.
2. Іріктеуші түр. Бұл түрге жəбірленушілердің кейбір түрле-
ріне қатысты жоғары осалдығы бар, олардың субъективті жəне
объективті сипаттамаларын ескеретін адамдар жатады. Құрбан-
дардың əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша
саралау:
жыныстық ерекшелік бойынша;
жас ерекшелігіне қарай;
олардың рөлдік мəртебесіне байланысты;
олардың қылмыскерге көзқарасына байланысты;
келтірілген зиянға байланысты;
өнегелік-психологиялық белгілер бойынша;
келтірілген зақымның түрі мен еселігі бойынша;
қылмыстың ауырлығына байланысты;
"кінəнің дəрежесіне";
олардың мінез-құлық сипаты бойынша.
Қылмыстың жəбірленушісі болу ықтималдылығының дəреже-
сін бекіту жəне оның түрлерін анықтау тиісті органдардың ық-
тимал жəбірленушілерді іздеп табу жəне олармен жағымды белгі-
лер мен қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізетін жеке алдын
алу жұмыстарын жүргізу, жағымсыз жекетұлғалық қасиеттерді түп
тамырымен жою бойынша істейтін əрекеттерін жеңілдетеді.
71
8 -тақырып бойынша сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |