А. Т. Ақажанова



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6404
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 шеттетуге  қарсы  əрекет  етеді,  тұлғааралық  мəселелерді  ше-

шуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға  жəне өз қиындық-

тарымен  жалғыз  қалуға    жол  бермейді,  басқалардың  мəселелерін 

анықтайды; 

 топ  қоғамды  кішкентай  түрде  бейнелейді,  əріптестердің 

қысымы  секілді  жасырын  факторларды  айқындайды,  шынайы 

өмірдегі  өзара  қарым-қатынас  жəне  өзара  байланыс  жүйесін 

үлгілейді, яғни қауіпсіз жағдайда балалар тұрмыстық жағдайларда 

байқалмайтын,  қарым-қатынастың  жəне  басқа  жасөспірімдердің, 

өздерінің  мінез-құлықтарының  психологиялық  заңдылықтарын 

көріп жəне сараптама жасай алады; 

 өзіне  ұқсастардан 

(ұқсас  мəселелер),  шынайы,  баға  жетпес 

байланыс  алуға  мүмкіндік,  өз  бейнеңді  сенің  қайғы-мұңыңды  өте 

жақсы  түсінетін  басқа  адамдардың  көзінен  көру,  өйткені  олар  да 

сондай мəселелерді басынан өткеріп жатыр; 

 

 

100



 топта  жасөспірімдер  өзін  басқалармен  идентификациялауға 

мүмкіндік алады, өзін жəне басқа адамды жақсы түсіну үшін жəне 

мінез-құлықтың  басқалар  қолданатын  тиімді  тəсілдерімен  танысу 

үшін  басқа  адамның  рөлін  "ойнай"  алады.  Бұның  нəтижесінде 

туындайтын эмоционалдық байланыс, қайғысына ортақтасу, эмпа-

тия  тұлғаның  жетілуіне  жəне  өзіндік  сананың  дамуына  септігін 

тигізеді; 

 топтағы  өзара  əрекеттестік  əркімнің  психологиялық  мəселе-

лерін  анықтауға  көмектесетін  жағдай  туғызады 

(индивидуалды 

жəне терапевтік жұмыс кезінде бұндай əсер болмайды

). 


Психологтың  міндеті-қысымға  бақылаудан  шығуына  жəне 

топтағы  жемісті  қарым-қатынасты  бұзуға  мүмкіндік  бермеу;  топ 



өзін-өзі  ашу,  өзін-өзі  талдау  жəне  өзін-өзі  түсіну  үдерістерін 

жеңілдетеді. Бұл үдерістер басқа адамдардың қатысуынсыз толық 

болмайды;  өзін  басқаларға  таныту  жəне  өзін  өзі  тану  өзін  өзі 

түсінуге жəне өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. 



 

11-тақырып бойынша сұрақтар 



 

1. Мұғалімнің кəсіби-педагогикалық əрекеті. 

2. Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі жүйелері. 

3. Тəуелді  мінез-құлқы  бар  тұлғаға  ықпал  етудің  жаһандық 

əлеуметтік стратегиялары. 

4. Тренингтік топтардың психологиялық ерекшеліктері. 

 

11

-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер    



  

Акажанова  А.Т.,  Ельшибаева  К.Г.  Практикум  по  девиантоло-

гии.— Алматы: Заң əдебиеті, 2008.   

Акажанова  А.Т.  Учебно-методический  комплекс  по  спецкурсу 

«Психолого-педагогическая  коррекция  девиантного  поведения  не-

совершеннолетних».— Алматы, 2005. 

Бурменская  Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. Возрастно-пси-

хологическое консультирование: Проблемы психического развития 

детей.—  М., 1990. 

Григорьев Т.Г. Основы конструктивного общения.— М., 1997. 

Дубровина  И.В. Школьная психологическая служба.— М., 1991.  

 

 

101 



Дусманбетов  Г.А.,  Шерьязданова  Х.Т. «Саморазвитие  лич-

ности подростков».— Алматы, 2004. 

Көмекбаева  Л.К.  Білім  беру  ұйымдарындағы  психологиялық 

қызметті  ұйымдастыру / Мектеп  психологтары  мен  мұғалім-

дерге арналған əдістемелік нұсқау.— Алматы: Қайнар, 2005.      

Малкина-Пых  И.Г.  Кризисы  подросткового  возраста    (Спра-

вочник практического психолога).— М., 2004. 

Меновщиков В.Ю. Психологическое консультирование. Работа 

с кризисными и проблемными ситуациями.— М., 2002. 

 Непомнящая  Н.И.  Психодиагностика  личности:  теория  и 

практика.— М., 2001. 

 Садвакасова  З.М.,  Зиябекова  Б.Т.,  Мадалиева  З.Б.  Тренинг  в 

подготовке специалистов в вузе.— Ч. I,  II.— Алматы, 2007. 

Петровская  Л.А.  Теоретические  и  методические  проблемы 

социально-психологического тренинга.— М., 1982. 

Романова-Бавокова  Н.А.  Основные  направления  работы  прак-

тического психолога.— Алматы, 2006. 

 Тесленко  А.Н.,  Керимбаева  М.С.,Джакупова  Г.А.  Профилак-

тика  подростковой  девиации:  теория  и  практика.—  Астана, 

2005. 

  Тутушкина М.К. Психологическая помощь и консультирование 

в практической психологии.— СПб., 1999. 

  Сидоров Н.П. Социальная помощь детям и подросткам //Пси-

хологическая наука и образование. 1997. 

   Шерьязданова  Х.Т.,  Дусманбетов  Г.А.  Казахстанский  под-

росток: движение в зону риска. Вестник ун-та «Кайнар». 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



102

КУРСТЫҚ ЖƏНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ  

ТАҚЫРЫПТАРЫ 

 

1. Қылмыстық  мінез-құлықты  анықтаудағы  биологиялық  фак-



торлардың алатын орны. 

2. Кəмелетке  толмағандардың  "құрбан  болушылығы"  жəне 

олардың əлеуметтік-психологиялық себептері. 

3. Мінез-құлықтың бұзылуының əлеуметтік шарттары. 

4. Девиантты  мінез-құлықты  зерттеудегі  превентивті  психо-

логия мен педагогика. 

5. Есею  жəне  ересек  адамның  əлеуметтік  рөлін  қабылдау 

мəселесі. 

6. Əлеуметтік  орта  жəне  кəмелетке  толмаған  балалардың  де-

виантты мінез-құлқы. 

7. Кəмелетке  толмағандарды  құқықтық  əлеуметтендіру  бары-

сындағы отбасы мен құрдастарының рөлі. 

8. Құбылыстану жəне маргиналды мінез-құлық түрлері. 

9. Құндылықта  бағыттар  мен  жасөспірімдердің  өз  жеке  тұл-

ғаларына өз-өзінің бағалауы. 

10. Балалық жəне жасөспірімдік эгоцентризм. 

11. Балалар  мен  ата-аналар  қарым-қатынастарының  стильдері 

мен кəмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқы. 

12. Жағдайы  нашар  отбасыларындағы  психологиялық  əлеумет-

тік жəне түзету-оңалту жұмыстары. 

13. Жастардың субмəдениетінің түрлері мен девиация мəселесі. 

14. Жасөспірімдердің  ауытқушы  мінез-құлқын  психологиялық 

түзету. 

15. Девиантты жəне делинквентті мінез-құлыққа салыстырмалы 

талдау. 

16. Кəмелетке  толмағандардың  əлеуметке  қарсы  мінез-құл-

қының детерминанттары. 

17. Жасөспірім мен қылмыс. 

18. Балалар  мен  жасөспірімдердің  девиантты  мінез-құлқына 

əлеуметтік бақылау. 

19. Психодиагностикалық əдістеме жəне оларды қолдану. 

20. Психогимнастикалық жаттығулар жəне олардың маңызы. 

21. Жасөспірімдермен  жұмыстағы  əлеуметтік  жəне  психоло-

гиялық тренингтер. 



 

 

103 



22. Кəмелетке  толмағандардың  мінез-құлықтарындағы  ауытқу-

шылықтардың алдын алу жəне оларды түзету. 

23. Жасөспірімдерге индивидуалды кеңес беру. 

24. Кəмелетке толмағандармен топтық терапия түрлері. 

25. "Қиын"  жасөспірім-оқушылардың  бос  уақытын  ұйым-

дастыру. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



104

Аттестациялық сұрақтардың тақырыптары 

 

№ 

1

 аралық бақылау 



 

1. Кəмелетке  толмағандардың  əлеуметтік  құқықтық  нормала-

рын сақтау. 

2. Ауытқушы мінез-құлық мотивтері 

3. Формальды емес криминогенді топтар 

4. Девиантты мінез-құлық жəне БАҚ 

5. Кəмелетке  толмағандарға  қылмыстық  топтардың  деструк-

тивті ықпалы 

6. Ч.Ломброзоның "туа біткен қылмыскер" теориясы 

7. Кəмелетке  толмағандардың  қылмыстық  мінез-құлқын  анық-

таудағы биоəлеуметтік факторлар 

8. Отбасының  нашар  жағдайы — девиантты  мінез-құлық 

факторы ретінде 

9. Субмəдениет жəне девиантты мінез-құлық 

10. Сексуалды мінез-құлық құбылысы 

11. Жеке тұлғаны əлеуметтендіру факторлары 

12. Суицид — өзекті əлеуметтік психологиялық мəселе ретінде 

13. Кəмелетке  толмағандардың  қылмыстылығы  жəне  превен-

тивті қызметтер 

14. Жасөспірімнің "криминалды тұлғасы" құбылысы 

15. Кəмелетке толмағандардың жас ерекшеліктері 

16. Жасөспірімдік  вандализмнің  психологиялық-педагогикалық 

сипаттамасы 

17. Кəмелетке  толмағандардың  девиациясын  зерттеудегі  пəн-

аралық əдіс 

18. Жете түсінген жəне түсінбеген девиация мəселесі 

19. Бейімсізденген жасөспірімдердің құндылықтық бағыттары 

20. Жəбірленуші жасөспірімдердің мінездемелік ерекшеліктері 



  

№ 2 аралық бақылау 

 

1. Девиантты  балалармен  жəне  жасөспірімдермен  оқу-тəрбие 

жұмысының мазмұны мен əдістемесі. 

2. Əлеуметтік педагог жəне оның қызметтері. 

3. Мұғалім жəне психологиялық-педагогикалық тəжірибе. 


 

 

105 



4. Психодиагностиканың негізгі əдістері. 

5. Топтық психотерапия. 

6. Бірлескен топтық əрекет жəне "қоғамнан алшақтатылғандар" 

7. Кəмелетке толмағандармен жүргізілетін психологиялық түзе-

ту жұмысының мазмұны. 

8. Отбасы əлеуметтік-педагогикалық жұмыс нысаны ретінде. 

9. Отбасы мен балаларға əлеуметтік көмек. 

10. Отбасылық қарым-қатынас пен өзара байланысты түзету. 

11. "Тұлғаның өзін-өзі дамытуы" бойынша тренингтер. 

12. Жекетұлғалық мүмкіншіліктерді белсендіретін  жаттығулар. 

13. Кəмелетке  толмағандармен  түзету  жұмысының  əлеуметтік-

педагогикалық бағыты. 

14. Кəмелетке  толмағандардың  жəбірленушілік  (құрбандық) 

мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық түзету. 

15. Психолог-кеңесші жəне оның қызметтері. 

16. Мектептегі  психологиялық-педагогикалық  кеңес  беру  жұ-

мысы. 

17. Жас  ерекшеліктік — психологиялық  кеңес  беру  мəселелері 



мен ерекшеліктері. 

18. Жұмыс барысында кеңесшінің жасөспірімге ықпалы. 

19. Кəсіби іріктеу бойынша психологиялық-педагогикалық əре-

кеттің ерекшелігі мен міндеттері. 

20. Кəмелетке толмағандармен педагог-психологтың диагности-

калық-түзету жұмысы.  

 

Емтихан сұрақтары 

 

1. "Девиантология" курсының пəні, міндеттері мен мақсаты. 

2. Девиантты мінез-құлықты психологиялық-педагогикалық тү-

зету əдістері. 

3. Курстың басқа ғылыми пəндермен пəнаралық байланыстары. 

4. Кəмелетке  толмағандардың  девиация  мəселесіне  арналған 

теориялық зерттеулер. 

5. Құқықтық əлеуметтендіру жəне жасөспірімнің жеке тұлғасы. 

6. Мектептік  дезадаптацияның  психологиялық-педагогикалық 

факторлары. 

7. Ауытқушы мінез-құлықтың жалпы сипаттамасы. 

8. Жасөспірім  топтарының  криминогендік  бағыттарының  ерек-

шеліктері. 

 

 



106

9. Қылмыстық  мінез-құлық  генезисіндегі  биологиялық  пен 

əлеуметтіктің өзара қатынасы. 

10. Кəмелетке толмағандардың тез өзгеретін құндылықтарының 

сипаты мен себептері.  

11. Девиантты мінез-құлық жəне бұқаралық ақпарат құралдары. 

12. Превентивті педагогика жəне психология. 

13. Субмəдениет жəне девиантты мінез-құлық. 

14. Жасөспірімдік жастың дағдарыстары. 

15. Жыныстық  тəрбие  жəне  кəмелетке  толмағандардың  пси-

хосексуалды денсаулығы. 

16. Кəмелетке  толмағандардың  "құрбан  болушылығының"  ин-

дивидуалды-психологиялық ерекшеліктері. 

17. Девиантты  мінез-құлықты  қайтадан  əлеуметтендіру  психо-

логиялық-педагогикалық үдеріс ретінде.  

18. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын 

əлеуметтік бақылау.  

19. Жете түсінген жəне түсінбеген девиация мəселесі. 

20. Мектеп психолог-педагогы əрекетінің негізгі бағыттары. 

21. Дамыту жəне психологиялық түзету жұмысының мазмұны. 

22. Жасөспірімдермен психолог-кеңесшінің жұмысы. 

23. Зерттеу əдісін таңдау. Психологиялық диагноз. 

24. Кəмелетке толмаған балаларға психологиялық кеңес берудің 

ерекшеліктері. 

25. Ойын жаттығуларының əлеуметтік-психологиялық сипатта-

масы.  


26. Жасөспірімдердің рөлдік ойындары. 

27. "Қиын"  балалар  мен  жасөспірімдердің  пайда  болуының 

негізгі себептері. 

28. Темперамент пен мінезді акценттеудің түрлері. 

29. Отбасындағы психотерапевтік көмек. 

30. Отбасы ішіндегі дезинтеграцияның себептері. 

31. Кəмелетке  толмағандармен  жүргізілетін  профилактикалық 

жəне түзету жұмыстарының ерекшеліктері. 

32. Психологиялық-педагогикалық  түзету  жұмысының  норма-

тивті-құқықтық негізі. 

33. Ата-аналар  көзқарасы  тұрғысынан  жасөспірімдік  девиация 

мəселесі. 

34. "Адам — Отбасы — Қоғам" жүйесіндегі əлеуметтік педагог.  


 

 

107 



35. Отбасы — əлеуметтік-педагогикалық  жұмыстың  нысаны 

ретінде. 

36. Топтық  түзету-дамыту  жұмысының  дəстүрлі  жəне  дəстүрлі 

емес формалары. 

37. Эмпатия жəне кеңес беру үдерісі. 

38. Невротикалық тұлғаның дуализмі. 

39. Əлеуметтік қызметкер жəне психолог. 

40. Бейімделетін  мінез-құлық  пен  тұлғаның  дезадаптациясы 

ұғымдары. 

41. Э.Фроммның  "Бостандықтан  қашу"  кітабындағы  тұлғаны 

тегістеу туралы ойы. 

42. К.Роджерстің топтық терапиясы. 

43. Э.Берн еңбектеріндегі психикалық даму. 

44. Л.С.Выготскийдің психикалық дамуды кезеңдерге бөлуі. 

45. Р.Кеттелдің тұлғалық профилін құруы. 

46. Делинквентті  жəне  құқыққа  қайшы  мінез-құлықтары  бар 

балалар. 

47. Ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мəселесі. 

48. Сабақтан  тыс  уақытта  кəмелетке  толмағандармен  жүргізі-

летін тəрбиелеу-түзету жұмыстары. 

49. Жас  ерекшелікке  қатысты  психологиялық  кеңес  беру  мəсе-

лелері. 


50. Кəсіби кеңес беру ерекшеліктері мен міндеттері.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



108

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ГЛОССАРИЙ 

 

Агрессивтілік — басқа  тіршілік иесін басуға жəне зиян келті-

руге бағытталған дұшпандық, шамданған сипатты мінез-құлық. 



Бейімделу — өмірлік əртүрлі жағдайларына үйрену үдерісі. 

Аддиктивті мінез-құлық — тəуелді мінез-құлық. 

Алексия — ми  қабындағы  сөйлеу    аймағының  органикалық 

зақымдануының салдарынан туындаған оқу қабілетінің бұзылуы. 



Мінезді  акценттеу — тұлғаның  белгілі  бір  психологиялық 

зақымдаушы  əсерлерге  осалдығы  мен  кейбіреулеріне  төзімділігі 

кезінде көрініс табатын мінездің жекелеген қасиеттерінің шамадан 

тыс күшеюі.   



Адамгершіліксіздік — адамгершілік  нормаларын  сақтамау, 

өнегесіздік. 



Амнезия — жадтың бұзылуы, еске түсіруге қабілетсіздік. 

Ауытқушы  балалар — маңызды  туа  біткен  немесе  қабыл-

данған  кемістіктерден  туындаған,  əдеттегі  физикалық  жəне  пси-

хикалық дамудан көп ауытқыған балалар. 

Қоғамдық  тəртіпке  қайшы  мінез-құлық — əлеуметтік 

нормаларға  қайшы  келетін,  əлеуметтік  тəртіпке  жəне  айналадағы 

адамдардың амандық-саулығына  қауіп төндіретін мінез-құлық.  

Асоциалды  мінез-құлық — адамгершіліктік-өнегелі  норма-

ларды орындаудан бас тарту əрекеті.   



Тақуалық — сопылық    өмірге,  жалғыздыққа,  өмірлік  игілік 

пен лəззаттан бас тартып, қатаң өмір салтына бейімділік.  



Асфиксия  —  тұншығу.  Балаларда  асфиксия  дүниеге  келу 

кезінде жаңа туған баланың жолдасы арқылы ананың организмінен 

оттегінің  келуінің  тоқтауы  салдарынан,  жаңа  туған  нəрестенің 

өкпемен дем алуы əлі қалыптаспаған кезде пайда болады.  



Енжарлық — селқостыққа, сылбырлыққа бейімділік.  

Аттитюд — əлеуметтік  нұсқау,  яғни  тұлғаның  топтық  немесе 

əлеуметтік  құндылықтарға  бағытталғандығы,  оларға  сай  əрекет 

етуге дайындығы. 

Аутизм — "ақиқат болмыстан қол үзуге" бейімділік, өзінің ішкі 

уайымына берілу, тұйықтық. 



Аутистік  мінез-құлық — қоршаған  ақиқат  болмыспен,  адам-

дармен  араласпау,  өзінің  қиял  əлеміне  бату  кезінде  көрінетін 

мінез-құлық. 


 

 

109 



Аффект — жанға  ауыр  тиетін  жағдайларда  пайда  болатын 

жүйкелік-психикалық  қозу,  ашуланған,  долданған  хал,  ашу 

қысқанда  уақытша  естен  адасу.  Аффект  кезінде  бас  миының 

бақылау  əрекеті  əлсізденеді.  Аффект  кезінде  адамның  беті  боза-

рады  немесе  қызарады,  көз  қарашықтары  тартылады  немесе 

үлкейеді,  еріндер  мен  буындар  дірілдейді.  Аффект  жүйке  жүйесі 

тұрақсыз адамдарда жиі кездеседі.  

Мақтаншақтық — өзін-өзі мақтау, мақтаншақтық. 

Рухсыздық — интеллектуалды, рухани мазмұнның болмауы. 

Мейірімсіздік — аяушылық білдіруге қабілетсіздік, қатыгездік. 

Өнегесіздік — адамгершіліксіздік,  əдептілік  ережелерін  бұзу, 

оларға қарама — қайшы əрекет ету.   



Жауапсыздық  —  бір  нəрсеге  өзінің  жауапкершілігін  қабыл-

дамау немесе жете түсінбеу. 



Дау-жанжалдан аулақтық — дау-жанжалды болдырмау.  

Мəдениетсіздік — мəдениеттің,  мəдениеттіліктің болмауы. 

Бейқамдық — қамсыздық, сақтық шараларын қолдана білмеу. 

Иланушылық — ықпал етуге, бұйрық беруге, басқаруға бейім-

ділік жəне əдет. 



Қозғыштық — ашу  кернеген  жағдайында  мінез-құлықтың 

ұшқалақтығы. 



Əсерленгіштік — əсерге тез көнгіштік, эмотивтілік, сезгіштік. 

Ашушаңдық  кейігіштік, ашуланшақтық, қызбалық. 

Дөрекілік — əдепсіздік,  көргенсіздік,  жабайылық,  өрескелдік, 

бұрмалау. 



Ұстамдық — байсалдылық,  бір  нəрсені  дəл  сақтауға  бейім-

ділік, бірізділік, ұстамды, байсалды болу. 



Босаңдық — ширақтықтың, сергектіктің, энергияның болмауы. 

Вуайеризм 

(визионизм) — жалаңаш адамдарға немесе жыныс-

тық  қатынастарға  сығалап  қарауға  ұмтылыспен  байланысты  сек-

суалды девиация.  



Гедонизм — лəззат, рақат. 

Гендер —  жыныс. 

Геронтофилия — кексе  адамдар  мен  қарияларға  жыныстық 

əуестікпен байланысты сексуалды девиация. 



Гиперсексуалдылық — жыныстық қатынастың жоғарылығы. 

Гомосексуализм — субъектінің  сексуалды  қозуы  мен  лəззат 

алуы үшін өзімен бірдей жынысты нысанды таңдауы. 

 

 

110



Адамгершілік — басқалардың игілігіне бағытталғандық, адам-

дарды жақсы көру  жəне ықыластылық. 



Гэмблинг — ойынға тəуелділік. 

Девиантология — мінез-құлықтағы  ауытқуларды  зерттейтін 

ғылым тармағы. 



Девиация — нормадан ауытқу. 

Деликт — құқықтық нормаларды бұзатын іс-əрекет.  

Делинквенттілік — қалыптасқан  тəртіпті  бұзуға,  ұсақ  заң 

бұзушылықтар мен қылықтар істеуге бейімділік.  



Делинквентті  мінез-құлық  —  нақты  тұлғаның  белгілі  бір 

қоғамда  жəне  белгілі  бір  кезеңде  бекітілген  нормалардан  ауыт-

қушы, қоғамдық тəртіпке қауіп төндіретін іс-əрекеттері. 

Деструктивті мінез-құлық — зиян келтіретін, бұзуға əкелетін 

мінез-құлық. 



Мінез-құлықты  анықтау    белгілі  бір  мінез-құлықты  туды-

ратын, арандатушы, күшейтпелі жəне қолдаушы факторлар жиын-

тығы. 

Тілектестік — басқаның игілігіне көмектесуге даярлық, мейір-

бандылық.  



Қылымсу — ақ  пейілділіктің  жəне  шынайылықтың  болмауы, 

боямалылық, сыланып-сипанушылық. 



Құрбан болғыштық — өзін-өзі құрбан етуге дайын болу. 

Мейірімсіздік — аса қаталдық, рақымсыздық, дəрменсіздік.  

Тəуелділік — лəззат алу немесе бейімделу үшін біреуге немесе 

бір нəрсеге арқа сүйеуге тырысу. 



Тəуелді мінез-құлық — психикалық күйді өзгерту мақсатында, 

қандай  да  бір  затты  қолдануға  немесе  арнайы  белсенділікке 

психологиялық жəне физикалық тəуелділікпен байланысты мінез-

құлық. 


Қызғаншақтық — үнемі қызғаныш сезімге бейімділік. 

Менсінбеушілік — асқақтық, шадырлық, тəкаппарлық.  

Мазасыздық —  шағымдануға, күңкілдеп ұрсуға, қандай да бір 

елеусіз құбылысты немесе затты тыңғылықты талдауға бейімділік, 

беймазалық. 

Қорыққандық — жасқаншақтық,  қорқақтық,  үнемі  зекуден, 

жазалаудан қорқу. 



Ұялшақтық — ұяңдық, жасқаншақтық, абыржуға бейімділік.  

Баяулық 

−жайбасарлық, босаңдық. 



 

 

111 



Ызалылық — ызалы  ашушаңдыққа  бой  алдыруға  бейімділік, 

қастық ойлаушылық. 



Кекшілдік — өкпелерді ұзақ есте сақтауға бейімділік. 

Зоофилия 

(содомия)  —  хайуанаттармен  жыныстық  қатынас 

жасауға əуестікке байланысты сексуалды девиация. 

Ұшқалақтық — жеңілтектік,  көңілділік,  жайдарлылық,  шал-

дуарлық.  



Нəзіктенушілік — нəзіктік.  

Албырттық — ырықсыздық,  дөрекі,  дəлелденбеген  қылық-

тарға дайын болу. 



Инфантилизм — адам  ағзасы  мен  психикасында  дамудың 

балалық  сатысына  тəн  ерекшеліктер  мен  мінез  белгілерінің  сақ-

талып қалуы.  

Енжарлық — талғаусыз, селсоқ болуға бейімділік. 

Интервенция — жағымды  өзгерістер  жасау  мақсатында  əсер 

ету,  теріс  мінез-құлықты  жеңу 

(мінез-құлықты  түзету,  тұлғаны 

оңалту


). 

Дел-салдық — бар  бұзылымдарды  үлкейтуге  бейімділік, 

денсаулыққа қатысты шүбəланғыштық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет