Сегізкөз бірігіп кеткен 5 омыртқалар жиынтығы. Пішіні үшбұрышты, жалпақ, төменге қарай тарылады. Алдыңғы бетінде көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. 4 жұп тесігі бар, жұлынның жүйкелері шығады.
Құйымшақ А — алдынан көрініс;
Б — артқы көрініс:1 — құйымшақ мүйізі; 2 — өсіндісі; 3 — құйымшақ омыртқалар.
Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы байланысқан.
1 — жоғарғы буын өсіндісі III бел омыртқаның; 2 — төменгі буын өсіндісі II бел омыртқаның; 3 — доға-өсінділер буыны; 4 — сары буын; 5 — көлденең өсінді III бел омыртқаның; 6 — артқы ұзынша буын; 7 — сілікпетәрізді ядро; 8 — фиброзды сақина; 9 — алдыңғы ұзынша буын;
Омыртқаның бірігуі
Дененің тірегі болып табылатын меншікті бағананың өзін түзетін омыртқа денелері өзара омыртқа аралық дисктер (discus intervertebralis)деп аталатын симфиздер арқылы қосылып, байланысады. Әрбір осындай диск талшықты-шеміршекті табақша болып табалады. Бұл талшықтар табақшаның беттерінде аса берік фиброзды сақина (annulus fibrosus) түзеді, табақшаның ортасында жұмсақ талшықты шеміршектен тұратын арқа хордасының қалдығы сілікпетәрізді ядро (nucleus pulposus) болады. Бұл ядро күшті қысылған және ұдайы кеңеюге тырысады, сондықтан ол серпіндіріп және буфер тәрізді соққыларды жұмсартып тұрады.