Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылуы шар тәрізді буындағы сияқты үш білікті айнала қозғалуға мүмкіндік беретін бірнеше буындардың қосылысы болып табылады
Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылуы шар тәрізді буындағы сияқты үш білікті айнала қозғалуға мүмкіндік беретін бірнеше буындардың қосылысы болып табылады.
Ауыз омыртқа-шүйде буыны,(articulatio atlanto-occipitalis), айдаршықтарға жатады., ол шүйде сүйектің екі айдаршығын және ауыз омыртқаның ойыс жоғарғы буын шұңқырынан құрылған. Бұлар біріңғай үйлесімді буын түзіпқозғалыс жасайды.
Төс (sternum) – кеуекті, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Сабы, денесі, семсершесі. Төстің сабының екі шетінде 1 қабырға мен бұғана сүйегі бірігетін жерінде ойық бар.
Қабырға (үстінен көрініс)
А — I қабырға; Б — II қабырға: 1 — қабырға томпағы; 2 — қабырға ойығы; 3 — мойыны; 4 — басы; 5 — денесі
Қабырға (costae)
Қабырғалар 12 жұп, иілген ұзын сүйектер. Оның омыртқа және төстік ұшы бар.
Омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Төс жағынан қабырға шеміршекке өтеді. Үш топқа бөлінеді:
Жоғарғы 7 жұп-негізгі қабырға, 3 жұп-жалған, 2-жұп кезеген қабырғалар. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, басқаларға қарағанда қысқа, төс сүйекпен байланыспайды.
Төс пен қабырғалардың бірігуі
(алдынан көрініс):
1 — ішкі қабырғааралық бұлшық ет; 2 — сыртқы қабырғааралық бұлшық ет; 3 — төс денесі; 4 — төс-қабырға буыны; 5 — төс-қабырға қосылысы; 6 – шеміршек аралық буын;
1 — латеральды көлденең қабырға буыны; 2 — ішкі қабырғааралық мембрана; 3 — сыртқы қабырғааралық бұлшық ет; 4 — сүйек үсті буын; 5 — көлденең аралық буын; 6 — сары буын.