жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асырады. ішкі мүшелердің жиырылуын (жүректің соғуын, қан мен лимфаның жылжуын, несептің шығуын және тағы басқа ағзадағы қозғалыс-қимылдарды) қамтамасыз ететін жоғары дәрежедегі маманданған ұлпалар. Бұлшық ет ұлпаларының атқаратын қызметтері ұқсас, бірақ құрылысы мен шығу тегі әртүрлі. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы миоциттерден тұрады, олардың көлденең жолақтары болмайды. Жиырылуы біздің еркімізге тәуелсіз жүреді. Олардың қызметін вегетативті жүйке жүйесі реттеп отырады
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуіне морфофункциональді және гистогенетикалық (шығу тегі) ерекшеліктері негіз болған. Морфофункциональді – құрамындағы жиырылғыш органоидтарға тәуелді 2 топқа бөлінеді: 1. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпалары – құрылымдық бірлігі симпластар; 2. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары - құрылымдық бірлігі миоциттер.
Гистогенетикалық - шығу тегіне тәуелді 5 топқа бөлінеді: 1. Мезенхимадан дамыған; 2. Эпидермальді (тері эктодермасынан дамыған); 3. Нейральді (жүйке түтігінен дамыған); 4. Целомды (спланхнотомның миоэпикардиальді пластинкасынан дамыған); 5. Сомиттік (миотомнан дамыған). Алғашқы үш тобы бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатса, соңғы екеуі көлденең салалы бұлшық ет ұлпасына жатады. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпаларының негізгі екі түрі бар: қаңқа бұлшық еті және жүрек бұлшық еті.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының шығу тегі миотомның жасушалары – миобласттар. Дифференциация барысында екі түрлі жасушалық топтар саласы қалыптасады: Біріншісі - бір саладағы жасушалар тобы бірігіп, ұзынша симпластар түзеді, олар бұлшық ет талшықтары, онда түйіршікті эндоплазмалық тор жақсы дамыған, арнайы органоид миофибрилдер дамып талшықтар ішін толтырады, ядро шетіне ығысып, жасуша орталығы мен микротүтікшелер толық жойылып, түйіршікті эндоплазмалық тор біраз редукцияға ұшырап, дефинитивті құрылым миосимпласт пайда болады
Екіншісі – жасушалар жеке дифференциацияланып миосателлиттер қалыптасады. Олар миосимпласттардың үстінде орналасады. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылымдық бірлігі – симпласт, ет талшықтары. Олардың сырты базальді мембранамен қоршалған, құрамында миосимпласт пен миосателлиттер бар. Ет талшығының ұзындығы сантиметрмен өлшенеді, ал ені 50-100 мкм. Миосимпласттың плазмалеммасы мен базальді мембранасының құрған комплексін сарколемма деп, ал талшықтың цитоплазмасын саркоплазма деп атайды.
МИОСИМПЛАСТ
Миосимпластың құрылысы Миосимпластың құрамындағы ядролар тікелей сарколемманың астында орналасқан, пішіні сопақша, саны он мыңнан асады. Миофибриллалар миосимпласты бойлай ұзыннан созыла орналасып, оның негізгі бөлігін толтырады
Миофибриллалар көлденең салалы бұлшық ет пен жүрек бұлшық еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етеді. Олар бөліктерден тұрады. Бөліктердің жарықты өткізу қабілеті әртүрлі. Бөліктердің бірі күңгірт – жарық сәулесін нашар өткізеді, екіншісі ақшыл - жарық сәулесін жақсы өткізеді, оларды дискілер деп атайды. Миофибриллалар көлденең салалы бұлшық ет пен жүрек бұлшық еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етеді. Олар бөліктерден тұрады. Бөліктердің жарықты өткізу қабілеті әртүрлі. Бөліктердің бірі күңгірт – жарық сәулесін нашар өткізеді, екіншісі ақшыл - жарық сәулесін жақсы өткізеді, оларды дискілер деп атайды.
Жүректің көлденең салалы ет ұлпасы - миокард немесе жүректің етті қабаты. Шығу тегі ұрықтың мойын бөлігіндегі спланхнотомның висцеральді жапрақшасынан (мезодермадан) дамиды, оны миоэпикардиальді пластинка деп те атайды. Миокардта екі түрлі бұлшық ет болады: жұмысшы және өткізгіштік. Оның негізгі бөлігін құрайтын жұмысшы бұлшық еті. Жүректің миокардындағы жасушалары - кардиомиоциттер. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бір-бірімен жалғасып жатқан бұлшық ет талшықтарынан тұратын симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп жүрек бұлшық етінің жеке жасушалардан тұратынын, олар бір-бірімен талшықтары арқылы жалғасатынын көрсетті.
Жүректің бұлшық ет ұлпасы
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады - сыртқы немесе эпикард, ортаңғы – миокард, ішкі – эндокард. Эпикард – жүректің сыртқы сероздық қабықшасы, миокардпен тығыз байланысқан. Миокард – жүректің етті қабаты, бір-бірімен байланысып, тығыз орналақан көлденең салалы ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады, олардың арасында борпылдақ дәнекер ұлпалар, қан тамырлары және жүйке талшықтары орналасқан. Эндокард – жүректің ішкі астары, құрамында көптеген эластинді талшықтар бар, бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан және эндотелийден тұрады. Жүректің жақтаулары мен қалталары эндокардтың қатпарлары.
Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Бұлшық ет жасушасы қабықшамен қапталған, оны миолемма деп атайды. Миолемма сыртқы жағынан базальді мембранамен (пластинкамен) қоршалған. Базальді пластинка механикалық функция мен жасушаның гомеостазын сақтауда маңызды рөл атқарады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы мезенхималық, эпидермальді, нейральді болып жіктеледі.