«А.Қарсақбаев атындағы мдшо бар орта мектеп» кмм тақырыбы: Мәтін есептер және оларды шешу әдістері Математика пәнінің мұғалімі Р. Ж. Нурмухамбетова



бет4/5
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98125
түріОқулық
1   2   3   4   5
Есепті талдау
  • а)Алты қанат киіз үй туралы түсінік.
  • ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы
  • б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.
  •  Есепті схема сурет түрінде жазу.
  •    
  •  
  • Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға көбейту.
  • Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.
  • 12+72+432+2592+15552+93312=111972
  • Есептің нәтижесін тексеру:
  • 2·6=12 432·6=2592
  • 12·6=72 2592·6=15552
  • 72·6=432 15552·6=93312
  • Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.
  • Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.
    • Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер алғырлыққа, салыстыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді. Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек.
    • Есептің мәтінін анықтау.
    • Белгісіз шамаларды анықтау.
    • Теңдеу құру.
    • Теңдеуді шешу.
    • Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
    • Есепті тексеру.
    • Есептің толық жауабын жазу.
    •  Мысалы төмендегідей есептерді теңдеу құру арқылы шығарып көрейік.
    •  7 есеп. Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
    •  Шешуі:
    • Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.
    • Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.
    • 5*(0+Х)=36+Х 5*Х=36+Х
    • 5*Х-Х=36 4*Х=36
    • Х=36:4 Х =9
    • 5*(0+9)=36+9 45=45
    • Баласы 9 жаста болса, онда әкесінің жасын табу үшін:
    • 36+9=45
    •  Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.
    • 8 есеп. Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет