«А.Қарсақбаев атындағы мдшо бар орта мектеп» кмм тақырыбы: Мәтін есептер және оларды шешу әдістері Математика пәнінің мұғалімі Р. Ж. Нурмухамбетова



бет2/5
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98125
түріОқулық
1   2   3   4   5
Жұмыстың зерттеу нышаны: Математиканы оқытудағы басты құндылықтарының бірі оқулық. Математика оқулықтарында кездесетін мәтін есептерге көп көңіл бөлу арқылы соларды оқыту үрдісіндегі бағдарламаларының оқу құралдары мен оқу әдістемелік құралдары негізге алынды: − «Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар» − «Мәтін есептер шығаруға әдістемелік нұсқаулар»
  • −«Қазақтың қара есептері» оқу құралдары
  • −«Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журналдары
    • Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады:
    • 1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады
    • 2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады
    • 3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.
    • Мәтін есептерді шығару кез- келген есепті шығара білуге үйретеді:
    • а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді;
    • б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді;
    • в) есептің шығару жоспарын құру;
    • г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару;
    • д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару;
    • е) есептің дұрыстығын тексеру.
    • Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады:
    • 1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер;
    • 2) пропорционал бөлуге арналған есептер;
    • 3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер;
    • 4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер.
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет