ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г.
59
П.А. Гальперин мен В.В. Давыдовтың оқу іс-әрекетінің құрылымы туралы түсініктері естімейтін
балалардын психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу үшін теориялық база ретінде қажет болды.
М.М. Нудельман естімейтін балалардың шығармашылық қиял ерекшеліктерімен таныса отырып,
қиялды зерттеудің бірқатар әдістерін жасап шығарды. Бұл еңбектер «Особенности психического раз-
вития глухого ребенка» (1975) атты оқу құралының негізі болды. Аталған оқу құралы В.А. Синякпен
бірлесе отырып жазылды. [5]
Л.И. Тигранова нашар еститін балалардың логикалық ойлауының қалыптасу негіздерін және
оларды жалпылаудың психологиялық ерекшеліктері мен қалыптасу жағдайларын зерттеді.
Т.В. Розанова есту қабілеті бұзылған баланың қабылдау, бейнелік және сөздік ес, көрнекі бейне-
лік, сөздік, логикалық ойлауының даму ерекшеліктерін зерттей келе, баланың есту бұзылысымен
түсіндірілетін психикалық даму ерекшеліктерін ашып қана қоймай, арнайы оқыту мен тәрбиелеу
жағдайында да олардың таным сферасының потенциялды мүмкіндіктерін дамыту жағын қарастыра-
ды. Т.В. Розанова күрделі кемістігі бар естімейтін балаларды клиникалық-психологиялық-педагоги-
калық зерттеуге көп көңіл бөлді, оны терең зерттеп, олардың психикалық жағдайын анықтады,
осының негізінде арнайы оқытуды ұйымдастыруды қолға алды. Оның басшылығымен естімейтін
балалардың эмоционалды сферасы, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі және тұлғааралық қарым-
қатынас дамуы бойынша зерттеулер жүргізілді.
Қоршаған ортаны тану оны сезіну мен қабылдау, есту қабілеті зақымдалған тұлғалар үшін аса
маңызды. Бұл жағдайда балаларға бағыт беру, оларды қоғамға бейімдеу, өз құрдастарынан кем
сезіндірмеу, өзін-өзі тәуелсіз сезінуі үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Ал жағдайда бір жұмысты
жүргізбес бұрын, баланың жас және жеке ерекшеліктерін анықтау қажет. Қазіргі таңда бұл
мәселемен айналысатын ғылым ретінде сурдопсихологияны атай аламыз.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1
Богданова Т.Г. Сурдопсихология. – М., 2002.
2
Занков Л.В.; Соловьев И.М.: /Очерки психологии глухонемого ребенка /Издательство: М.:
Учпедгиз/Переплет: твердый; 112 страниц; 1940 г.
3
Соловьев И.М. Психология познавательной деятельности нормальных и аномальных детей:
сравнение и познание отношений предметовә / И.М. Соловьев. – Москва: Просвещение, 1966. – 224 с.
4
Психология глухих детей /Под ред. И Т. Соловьева, Ж.И. Шиф, Т.В. Розановой, Н.В. Яшковой.
— М.: Академия, 2011. – 201 б.
5
Синяк В.А., Нудельман М.М. Особенности психического развития глухого ребенка.
Достарыңызбен бөлісу: