3. Пәннің академиялық презентациясы Қазақ тілінің сөзжасам, морфология салалары – ұзақ замандардан бері екшеліп, толығып қалыптасқан, өзіндік заңдылықтары жетілген жүйелі құбылыс. Оған түркі тілдерінің көне жазба ескерткіш үлгілеріндегі туынды сөздер дәлел бола алады. Сөзжасамның негізгі теориялық мәселелерінің жүйеленуі, оның даму жолдары, тәсілдері мен заңдылықтары, семантикалық құрылымы, туынды сөздің табиғаты арқылы түсіндіріледі. Сөзжасам үдерісі – тілдің шығу кезеңімен бірге дамып келе жатқан күрделі құбылыс. Сондықтан сөзжасамның ішкі даму заңдылықтары бар, сөз тудырушы тәсілі мен жолдары қалыптасқан тіл білімінің бір саласы ретінде танылады.
Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфология салаларын зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының филология факультетінің қазақ тілінің келешек мамандарына жан-жақты толық білім беру мақсаты қойылады.
Оқу курсының типі: ТК “Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы” курсының мақсаты- қазақ тілінің сөзжасам, морфология салаларын зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында қазақ тілінің келешек мамандарына жан-жақты толық білім беру мақсаты қойылады. Тілдің сөзжасам жүйесі – қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын сөзжасамдық заңдылықтар мен амал-тәсілдер арқылы жасалған жаңа туынды сөздермен толықтырып отыратын тілдік құбылыстан мәлімет беру және олардың өзіндік ерекшеліктері мен белгілерін меңгерту. Студенттерге ғылыми-теориялық мағлұматтар беру. қазақ тілі білімінің салалары морфология мен сөзжасамның бір-бірімен тығыз байланысты екенін, яғни тілдегі бар сөздердің, сөз формаларының, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің түзілісін тілдік заңдылықтар негізінде органикалық тұтастық ретінде қарастыра отырып білім беру және оладың ерекшеліктері мен белгілерін меңгерту.
Пәнді оқып үйренудің міндеттері: Білім алушылардың пән бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ (ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеттері "
қазақ тілінің грамматикалық жүйесін тереңірек таныту;
сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын және сөзжасамдық
мағынасын ажырата білуге үйрету;
-негізгі грамматикалық ұғымдар мен олардың түрлері жөнінде білім-дағдыларын
жетілдіру;
сөздің морфологиялық құрамы мен түрлерін, сөз формалары және олардың
жасалу тәсілдерін, сөзжасамдық негізгі ұғымдарды меңгерту;
сөз таптарын таптастыру принциптерін меңгерту;
студенттерге осы саладағы ғылыми бағыттарды және тұжырымдарды саралауға,
оны өздерінің зерттеу жұмыстарымен үйлестікте зерделеуге баулу.
морфология мен сөзжасамдық негізгі ұғымдарды меңгерту;