Abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет3/6
Дата11.11.2022
өлшемі38,75 Kb.
#49553
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық тұсаукесері
«Қазақ тілі» пәнін оқыту – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландырып, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік жасайтын бірден-бір пән. Демек студенттің алған теориялық білімін (тілдің салалары бойынша) іс жүзіне асыруға, келешек мамандығының негізін қалауға мүмкіндік беретін де қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің маңызы зор.
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландыру және бастауыш сыныпта жүргізілетін «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға кәсіби дайындау.
«Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
– бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны мен жүйесін;
– «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» оқулықтары мен оқу кешендерінің мазмұнын біледі;
– «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» оқыту әдістемелерін меңгереді;
– бастауыш сыныптарда «Әліппені», «Ана тілін», «Қазақ тілін» оқытуды жоспарлайды және қысқа мерзімді сабақ жоспар жасай алады;
сабақ беру білігі бар және сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б.) жүргізе алады.
Түлекте жалпы құзыреттіліктің болуымен сипатталады:
ПҚ1 – бастауыш білім берудің ерекшелігін түсінеді, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастықтарын жүзеге асыру құралдарын біледі;
ПҚ2 – бастауыш сыныптарда математика, тіл, әдебиет, музыка, жаратылыстану, көркем еңбек, дене шынықтыру, АКТ-ны оқытудың теориялық негіздері мен әдістерін меңгерген.
ПҚ3 – математика, ана тілі, әдебиет, музыка, жаратылыстану, көркем еңбек, дене шынықтыру, АКТ тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
ПҚ4 бастауыш сынып оқушыларын ана тіліне оқытуда бастауыш тіл білімінің теориялық негіздері мен технологияларын меңгерген.
Оқыту нәтижелері мыналармен сипатталады және осы бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
ОН1 – педагогикалық ғылымның мәнін, оның әдіснамалық негіздерін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үдерісін түсінеді; бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін жобалайды, іріктейді және қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет