Педагогикалық менеджмент заңдылықтары мен принциптері аңдатпа



Дата25.11.2023
өлшемі15,28 Kb.
#126522
түріЗакон
Байланысты:
пед м


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Аңдатпа: Сіздер бұл мақаладан педагогикалық менеджмендтің қыр-сырымен қатар, оның негізгі заңдылықтары мен принциптерімен таныс бола аласыздар.
Кілт сөздер: Педагогика, заңдылық, принцип, менеджмент, білім.
---
Аннотация: Помимо тонкостей педагогического менеджмента, вы можете ознакомиться с его основными закономерностями и принципами.
Ключевые слова: Педагогика, законность, принцип, менеджмент, образование.
---
Abstract: In addition to the subtleties of pedagogical management, you can familiarize yourself with its basic laws and principles.
Keywords: Pedagogy, legality, principle, management, education.
Педагогикалық менеджмент - мектеп жұмысын басқарудың мазмұны мен əдістері, оқу-тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру туралы педагогика ғылымының бір бағыты ретінде, білім берудің жаңа парадигмасы мен басқару теориясының дамуына байланысты қайта жаңғыртылуда. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде əлемнің алдыңғы қатарлы тəжірибесін бойына жинақтаған білім берудің ұлттық моделі, білім сапасы мен оны бағалау өлшемдері, нəтижеге бағытталған басқарудың индикаторлары, критериалдық бағалау- əлемнің үздік тəжірибесі ғана емес- сапалы оқытудың бірден бір үлгісін дəлелдейді. Білім берудің түрлі деңгейлерінде оқыту мазмұны, əдістері мен құрылымдары жаңартылып, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, ақпараттық-комуникативтік, интерактивтік, роботтық технологиялар кеңінен ендірілуде. Білім беру ұйымдарында білім сапасын дамытуды, мектеп басшылары мен педагогтардың сыни ойлау деңгейі мен педагогикалық көзқарастарының күтілетін нəтижеге бағытталған–жаңа өзгерістерге сай болуын қажет етеді. Оны қамтамасыз ету мектептанудың төмендегі бағыттарын: - мектеп басқарудың дəстүрлі сипатын, құрылымы мен мазмұнын жаңарту; - нəтижеге бағытталған білім беру мақсатына сай басқаруды ресурстық, əдістемелік, технологиялық қамтамасыз ету үшін мектеп басшыларының заманауи құзыреттіліктерін дамыту; - оқытудың субъектаралық, коллобративтік, бірлесе оқыту түрлеріне сəйкес басқаруды корпоративтік, нəтижеге бағытталу түрінде ұйымдастыру; - оқыту бағдарламалары мен əдістемелерінің өзгермелі жағдайында педагогтардың құзыреттілігін көтеру арқылы үнемі кəсіби-əдістемелік дамыту жолдарын қамтамасыз етуді айқындайды.
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
Педагогикалық менеджменттің негізгі заңдылықтары-адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру; адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогический менеджмент и управление развитием образования/ Баймолдаев Т. М., Безруков В. И, Носков И. А, Соловова Н. А.

2-е издание.- Алматы, 2008.-460 стр.
2. Құлыбаева Д. Халықаралық типтегі мектептердің білім беру жүйесін басқарудың əдіснамалық негіздері.- Алматы, «Эдельвейс», 2010. -458 б.
3. Переломов Л.С., Конфуций: жизнь, учение, судьба, М., «Наука», 1993.
4. Тейлор Ф. У. Принципы научного менеджмента/ http: //www. improvement. ru/ bibliot/taylor/index.shtm 5. Герчикова И. Н. Менеджмент. 2-е изд., перераб.и доп.- М., Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995. 6. Анри Фай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет