Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


  Қазақ  және  ағылшын  ертегілерінің  мазмұндық-құрылымды



Pdf көрінісі
бет31/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
1.4  Қазақ  және  ағылшын  ертегілерінің  мазмұндық-құрылымды 
жүйесі 
Ғаламның концептуалды бейнесі идеалды, менталдық құрылым ретінде 
тек  тілдік  мағыналар  мен  құрылымдарды  терең  талдау  арқылы  ғана 
айқындалады  және  осы  ретте  оны  тілдің  белгілі  бір  концептілер  жүйесімен 
сәйкес  келетінін  есепке  алған  дұрыс  деп  санаймыз.  Өйткені  концептілер 
жүйесі арқылы тіл иелері қоршаған ортадан келіп түсетін ақпараттар ағынын 
интерпретациялайды,  жіктейді,  құрылымдайды  және  ең  алдымен, 
қабылдайды. Сондықтан да адамның өзі тіл арқылы осы дүниеде өмір сүріп, 
тіл арқылы сол дүниені танып біледі.  
Ғаламның тілдік бейнесі сол бір тілдік ұжымның қарапайым санасында 
тарихи  тұрғыдан  қалыптасып,  ақиқат  шындықты  концептуалдау  мен 


 
43 
 
категориялаудың  белгілі  бір  тәсілі  болып  саналады.  Әрбір  ғаламның  тілдік 
бейнесі  сол  тілдің  құрылыс  үлгілерінен  тұрады  және  сол  арқылы  ғалам 
бейнесінің  небір  түрлері  қалыптастырылып,  кеңістік  пен  уақыт  өлшемінде 
сан алуан ғаламның ұлттық тілдік бейнелері сақталады. Өз кезегінде, адам тіл 
суреттейтін  ғалам  бейнесінің  басты  фигурасы  болып  саналады.  Тілдің 
семантикалық  жүйесі  антропоөзектік  принципке  негізделеді:  тіл  заттардың 
көлемін,  пішінін,  сапасын,  кеңістікте  орналасуын,  т.б.  қасиеттерін  сипаттап 
беру  үшін  адамды  пайдаланады.  Сөйлеуші  тұлғаның  фигурасы  дейксис, 
уақыт  және  модальдылық  категориясының  басты,  өзек,  орталықтық  бейнесі 
болып саналады.  
Яғни,  тіл  адамның  концептуалды  ғалам  бейнесін  экспликациялайтын 
құрал іспетті. Тіл жеке тұлғалардың білімі мен тәжірибесін беруге қабілетті, 
сондықтан да ол жаңа ғалам бейнесін қалыптастыруға немесе ғалам бейнесі 
туралы бар ақпаратты түзетуге, өзгертуге мүмкіндігі болады.  Осы тұрғыдан 
келгенде,  тілді  көзбен  көру  құбылысымен  салыстыруға  әбден  болады.  Тіл 
таңбалық  жүйе  ретінде  тек  ақиқат  шындықты  ғана  емес,  сондай-ақ 
символдық әлемді де тіркейді. Ал, ол әрбір тіл үшін өзгеше, себебі көптеген 
тұстары  бойынша  ғаламның  ғылыми  бейнесімен  сәйкес  келе  бермейді.  Сол 
себепті  де,  символдық  әлемді  «ғаламның  аңғал,  қарапайым  бейнесі»  деп  те 
анықтайды.  Әрбір  халықтың  табиғаты,  тұрмыс-тіршілігі,  тарихы, 
құндылықтары  өзгеше  болып  келеді  және  дәл  осы  ерекшеліктер  ғаламның 
ұлттық бейнесін құрайды.  
Ақиқат  шындықтың  және  оның  ғалам  бейнесіндегі  перцептуалды 
көрінісі  барлығы  үшін  бірдей  (түрлі  ұлт  өкілдері  қоршаған  ортаның  нақты 
нысандарын  қабылдаудың  психофизиологиялық  қабілеттерге  орай  бірдей 
көріп таниды), алайда әрбір ұлттың ұжымдық санасында осы әлем болмысы 
түрліше  ой-түсінік,  пайымдаулар  арқылы  қалыптасады.  Сондықтан  тілді 
мәдениет, ұлттық психология, тұрмыс-тіршілік салтының т.б. ерекшеліктерін 
білмей  меңгеру  өзара  түсіністіктің  жоғары  деңгейде  жүзеге  асуын 
қамтамасыз ете алмайды.  
Ғаламның  тілдік  бейнесін  дайын  (тіркелген)  тілдік  формалар  арқылы 
айқындалатын мән-мағыналар құрайды. Және осы мән-мағыналар ғаламның 
тілдік  бейнесінің  негізі  болып,  жалпы  ғаламның  концептуалды  бейнесін 
ұғымдар,  бағалау,  көріністер,  суреттер,  бейнелер  –  концептілер  арқылы 
толықтырып отырады. Концептілер адамның заттық және танымдық қызметі 
барысында  да,  сонымен  қатар  ауызша,  жазбаша  мәтіндер,  түрлі  сөйлеу 
туындылары түрінде де, басқа адамдар ұсынған ғалам сипаттамалары арқылы 
да  қалыптасады.  Біздің  жұмысымызда  «концепт»  деп  жедел  жадтың  түрлі 
субстартты  бірліктері,  яғни  көріністері,  бейнелері,  ұғымдары  түсініледі. 
Осындай  концептілер  жиынтығы  «ғаламның  концептуалды  бейнесі»    деп 
аталатын біртұтас жүйеге біріктіріліп отырады.  
Жалпы концепт дегеніміз – идеалды сипаттағы белгілі бір материалдық 
негіз:  жоғарғы  деңгейдегі  абстракция  мен  жинақталып  қорытындылаудың 
маңызды  дәрежесі.  Басқаша  айтқанда,  концепт  –  белгілі  бір  маңыздың 


 
44 
 
менталды  репрезентациясы.  Ол  сол  маңызға  қатысты  көптеген  білімдердің, 
ассоциациялар  мен  көріністердің  менталды  теориясы.  Осымен  байланысты 
концептілер  мифологиядан  туындаған  ғаламның  фольклорлық  бейнесінің 
негізін де құрайды. Мифпен өзара тығыз байланысты фольклордың жанры – 
халық ертегісі екенін атап айтқан болатынбыз.  
Ағылшын халық ертегілері уақыты бойынша басқа тілдерге қарағанда 
кештеу  жазбаға  түсіріліп  жинақталған.  Ағылшын  халық  ертегілерінің 
алғашқы  жинақтары  ХIХ  ғасырдың  соңында  жарық  көрген.  Ертегілерді 
жинап, екі том етіп шығарған ғалым Джозеф Джейкобс (1854-1916) ағылшын 
фольклор  клубының  президенті  болған.  Д.Джейкобс  ертегілерді  жинау 
барысында  қиындықтар  мен  кедергілерге  тап  болған,  себебі  көптеген 
ертегілер  ұмытылған  және  ол  Ресейдегі  А.Афанасьев,  Франциядағы 
Ш.Перро,  Германиядағы
 
ағайынды  Гримм  секілді  ертегілерді  әдеби өңдеуге 
алмаған. Оның басты мақсаты – ертегі халық шығармаларында үлгілерін сол 
халық қай формада жасады, сол күйінде беру болған.  
Ағылшын  қиял-ғажайып  ертегілері  қазақ  ертегілері  секілді  бастама, 
сюжет  дамуы,  кульминация  және  түйін  секілді  құрылымдардан  тұрады. 
Қиял-ғажайып  ертегінің  сюжет  негізі  сиқырлы  амал-құралдар  немесе 
ғажайып  көмекшілер  арқылы  белгілі  бір  жоғалтқан  нәрсені,  дүниені  я 
айырылған затты қайтарумен басталады. Ертегінің экспозициясында аталған 
бастамаға  себеп  болған  барлық  жағдаяттар  айтылады:  тыйым  салу  немесе 
белгілі бір тыйым салынған іс-әрекеттерді бұзу, т.б.  Ал қазақ қиял-ғажайып 
ертегілерінің  бастамасынан  кейін,  оның  нақты  кейіпкерлері  сөз  болады. 
Әдетте,  олар  екі  ұрпақ  өкілдері  болады:  ата-анасы  мен  балалары,  үлкендер 
мен  кішілер.  Қазақ  ертегісінің  басқалардан  бір  ерекшелігі  –  эпос  түрінде 
басталады,  яғни  қартайған  кісілерден  баласы  жоқ  және  жалбарынып  сұрап 
алған  баласының  дүниеге  келуі  де  «наннан,  бір  үзік  майдан,  күн  нұрынан» 
т.б., өсуі де өзгеше болады («Ер Төстік», «Нан батыр»). Олар күн сайын емес 
сағат  сайын  өседі  екен:   «бір  айда  бір  жастағы  баладай,  үш  айда  үш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет