жер астына түсіп кеткендей», «жер астынан шыққандай», «жерден
тажал шыққандай», «адам аяғы жетпес жер» және т.б. фразеологизмдер
мен тұрақты теңеулерден де көрінеді.
Ертегі желісі бойынша, сегіз ағасын іздеп шыққан Ер Төстік сан алуан
қилы оқиғаларды басынан кешіреді. Мыстан кемпірден қашып келе жатқан
Ер Төстік өзінің тұлпарымен бірге жер астына түсіп кетеді де, сондағы
жылан Бапы ханның патшалығына тап болады. Әдетте, мұндай эпизоды
төменгі дүниеге түсіп кету деп түсініледі. Алайда, Бапы ханның жерасты
патшалығы үштағанды (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) құрылымның төменгі
дүниесі емес. Ол ғаламның түп бейнесі, оның сакрлады, ішкі орталығы
болып саналады. Егер де Бапы хан патшалығының орналасуын адамның
тұрмыс-тірішілігіне қатысты анықтайтын болсақ, онда ол аспан, жоғарғы
дүниеге адамзат әлемінен жақын болып келеді.
Жер астына түсіп кеткен Ер Төстік ғалам орталығына, жер жәннатына
жетеді. Ертегінің кез келген элементін символ деп түсінген дұрыс. Бапы
ханның патшалығы жер әлемінен өзгеше және онда небір қызықты дүниелер
орын алады: «Төр алдына бара бергенде екі сұр жылан ысылдап келіп,
40
Төстіктің жеңінен кіріп, қойнынан шығады, қойнынан кіріп, қонышынан
шығады. Төстік олардан да сескенбейді. Төрге барып отыра бергенде,
төсектен екі дәу жылан ысылдап көтеріледі. Төстік олардан да сескенбейді,
төрге шығып отыра береді...Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланның бірі
үлкен кісі болады да, бірі соның бәйбішесі болады... Екі сұр жыланның бірі
әдемі жігіт, бірі әдемі қыз болып кетеді...Босағадағы екі қара жылан екі
қара құл болып кетеді».
Бапы хан Ер Төстікке қалауын орындағаны үшін өзінің қызын береді
де, өз еліне кетуіне батасын беріп шығарып салады: «Жер үстіне шығатын
есікке дейін алты айлық жол екен. Жолдың ауырлығына шыдамай, жылан
Бапы ханның қызы және жолдастарының бәрі қырылып қалады». Бұл ретте,
біз о бастан-ақ адамдар дүниетанымында кеңістіктер арасында шекаралар
болғанын ұғынамыз. Жоғарыда байқағанымыздай, бір кеңістіктен екіншісіне
өтетін есіктер болған. Жалпы жерасты кеңістігі ертегіде төмендегідей тіл
бірліктері арқылы сипатталады: үңгір, тас, тау, дала, мекен, ел, ауыл, құдық,
зындан, оба, жалпақ жартас және т.б. Ал, «жер» концептісіне қатысты
өлшем атауларына мыналар жатқызылады: бір жұмалық жер, бір күндік
жер, алты айлық жер, бір айлық жер, адам баспаған жер т.б.
Сонымен, қазақ, сондай-ақ ағылшын ертегілеріне де мифологиялық
сипат пен белгілер тән. Сондықтан біздің зерттеуіміз үшін ертегі мен миф
екеуі бір дүние ме, жоқ әлде екі бөлек нәрсе ме? Миф пен ертегінің
арақатынасы қандай? секілді сұрақтар концептуалдық мағынаға ие. Осымен
байланысты К.Леви-Стросс өзінің «Структурная антропология» еңбегінде:
«Ертегі – көнерген, ескірген миф болып табылады. Кезінде адамдар үшін
жоғары деңгейдегі ақиқат және оған иланып сенген миф уақыт өте келе
аталған әлеуметтік қызметін жоғалтқан. Адамдар мифке сенімін жоғалтқан
кезде ол ертегіге трансформацияланған», - деп көрсетеді [69]. Демек, ертегі
мен мифтің генетикалық байланысы бар.
Ал, В.Я.Пропп керісінше ертегі мен мифтің генетикалық байланысы
жоқ деп санайды. Е.Бете, В.Вундт, Д.Бринтон, О.Рэнд, Ф.Боас сынды батыс
ғалымдарының көзқарастарын талдай келе В.Я.Пропп олардың миф, ертегі,
аңыз,
әфсана-хиқаят
секілді
категорияларды
бір-бірінен
ажырата
алмайтындығын атап көрсетеді. В.Я.Пропп мынадай тұжырымдарды
ұстанады: 1) миф ертегіге қарағанда әлде қайда бұрынғы құрылым; 2) миф
сакралды мағынаға ие, ал ертегі – көңіл-көтеретін дүние; 3) миф дегеніміз –
ежелгі халықтардың әңгімелері және олар киелі қасиетке ие дүниелер [70].
Ал, басқа бір еңбегінде В.Я.Пропп миф пен ертегінің тікелей
байланысы жайында сөз етеді де, инициация ертегінің ежелгі негізі болып
саналады деп пайымдайды [71]. Шын мәнінде, де инициациялар өлім туралы
көзқарастармен тығыз байланысты. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, басты
кейіпкерлер көп жағдайда жерасты әлеміне түсіп, қиын сынақтардан өтеді.
Олар жерасты әлемінде көп уақыт өткізіп, ерекше қиындықтарға қайтар
жолда, жер үстіне шығарда тап болады. Н.Төреқұлов қазақ қиял-ғажайып
ертегілерінің үш негізгі сюжеттер желісін атап көрсетеді. Олар:
41
инициациялар, жерасты рухтары жайлы шамандық көзқарастар және сыйлық
алу немесе айырбас, айырбастау құбылысы [72]. Бірақ та, біздің ойымызша,
сыйлық алуды жеке сюжет ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені сыйлық
алу, сондай-ақ айырбастау немесе сыйақы алу секілді элементтер жалпы
қиял-ғажайып ертегілерінің негізгі қызметі болып саналады.
Қазақ ғалымдары С.А.Қасқабасов пен Е.Д.Тұрсынов та миф пен
ертегінің өзара байланысы туралы сөз етеді. Мысал ретінде қазақ
ертегілерінің танымал кейіпкері Жалмауыз кемпірді келтіріп, оның кей
жағдайда басты кейіпкерге көмек көрсете алатынын , ал, негізінен ертегінің
жағымсыз кейіпкері екенін атап көрсетеді. Авторлардың пайымдауынша,
ертегідегі Жалмауыз кемпір бейнесі мифтен алынған және миф бойынша ол о
бастан Жерді тудырған түп негіз және адам баласының қамқоршысы болған.
Ертегіде оның бейнесі толық өзгеріске ұшырап, адамның қас жауына
айналған [73; 74]. Мысалы, «Еркем-Айдар» ертегісінде ол жауыз қарындасқа
немесе әйелге айналып, дәу алып көмегімен ағасын немесе күйеуін құртып
жоймақшы болады. Сонымен, мифологиялық кейіпкерлердің қызметтері
ертегілер, көп жағдайда ,әлеуметтік маңызы өзгеруіне байланысты қарама-
қарсы сипатқа ие болады. Осымен байланысты қиял-ғажайып ертегілері мен
мифтердің генетикалық өзара қатыстылығы бар деп тұжырымдауға әбден
болады деп санаймыз.
Жалпы, ертегілерде мифтегідей уақыт пен кеңістіктің нақтылығы
айқын емес. Көптеген халық ертегілері, оның ішінде қазақ ертегілері де
төмендегідей тілдік құрылымдармен басталады: « Ерте, ерте, ерте екен,
Достарыңызбен бөлісу: |