Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет28/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
and  at  length, after he  had  crossed  a little  stream  of  water  which trickled  across 
the lane from a ferncovered spring in the fell side, the sounds ceased altogether» 
(«The  Headless  woman»)  –  «Бірте-бірте  ол  тездетілген  кезде  дыбыстар 
әлсірей бастады, ақырында, ол өсіп келе жатқан бұтақтардан аллеяға ағып 
жатқан судың кішігірім ағынынан өтіп бара жатып, дыбыстар толығымен 
тоқтап  қалды»  («Әйел  басы  жоқ»).  Ертегідегі  кейбір  жағдаяттарда  су 
айдыны  шекара  ретінде  метафоралық  мағынасында  қазіргі  өмір  мен 
болашақтың  немесе  өмір  мен  өлімнің  де  шекарасы  болып  саналады.  Су 
айдыны  жер  қабатынан  төмен  орналасқан  адамдарға  бейтаныс  кеңістік 
бейнесінде суреттеліп, тіршілік әлемін «тозақ, өлілер» дүниесінен ажыратып 
тұрады. 
Ағылшын ертегілеріндегі су айдыны – арғы жақтағы дүние. Бұл қиял-
ғажайып тіршілік иелерінің (су иелерінің) кеңістігі жер адамдарына «жоғары 
- төмен» тік тіресімі арқылы қарама-қарсы қойылады. «Арғы жақтағы дүние» 
ұғымының бастапқы мағынасы «суға  қатысты» немесе «судың/өзеннің арғы 
жағында»  дегенді  білдірген  (көптеген  халықтардың  мифологиялық 
көзқарастары  бойынша,  өлген  адамдардың  жаны  о  дүниеге  су  арқылы 
апарылған  екен.  Мысалы,  антикалық мифте  қайықшы  Харон  қайтыс  болған 
адамдардың жандарын жер асты Стикс өзені арқылы тозаққа жеткізген) [68]. 
Бұл  көзқарастар  ертегілерде  де  сақталған.  «The  Lady  of  Llyn  y  Fan 
Fach» ертегісінде әйелі – су перісі өз күйеуінен жасауын алып қайтадан көлге 
кетеді: «They disappeared beneath the placid waters of the lake», ал қайғырған 
күйеуі  оның  артынан  еріп  барып,  жер  бетіндегі  өмірімен  қоштасады:  «He 
followed his wife despairingly down to the lake and, overwhelmed by grief, walked 
on  into  the  lake  behind  her.  His  body  was  never  found».  Көлдің  қаһарлы 
атмосферасы  «түнек»  және  «суық»  ұғымдарымен  байланысты  эпитеттермен 
беріледі:  scudding  waters,  dark  waters,  cool  waters.  «Under  the  water,  beneath 
the water» секілді құрылымдар төменде болуды білдірсе, «to plunge, to sink, to 
drop, to dive, to drown oneself» қозғалыс етістіктерінің семантикасы – төменге 
қарайғы бағытты айқындайды.  
Төменге  қарай  ығысудың  кеңістіктік  семалары  етістіктердің 
семантикалық  құрылымдарында орын алады:  «My  hour  is come,”  said  Lutey, 
the moment he saw her; and, rising like one distraught, he plunged into the sea… 
then they both sank». «Су кеңістігі» концептінің метафоралық мән-маңызының 
ерекшеліктері  –  бұл  концептінің  этномәдени  маркерлігін  анық  көрсетеді. 
Ағылшын  концептосферасы  үшін  сан  алуан  түрлі  метафоралық  бейнелер  
келеді  және  метафораланудың  дереккөзі  «су  кеңістігі»  болып  саналады. 
Ағылшын  қиял-ғажайып  ертегілеріндегі  «су  кеңістігі»  фантазиялық 
концептінің  бейнелі  құрамы  төмендегідей  концептуалды  метафоралар 
көмегімен репрезентацияланады: 
1) 
су  айдыны  –  бұл  контейнер  (фантазиялық  тіршілік  иелерінің 
мекені):  sea = dwellings; houses = abodes; rooms = caverns; 


 
39 
 
2) 
су айдыны – бұл шекара: lake/stream of water = border; 
3) 
су айдыны – бұл о дүние: lake = the other world. 
«Су  кеңістігі»  фантазиялық  концептінің  бейнелі  мазмұны,  сондай-ақ 
тілдік тәсілдер арқылы да репрезентацияланады. Атап айтқанда, концептінің 
көзге  көрінетін  және  естілетін  сипаттамаларын  бейнелейтін  эпитеттер, 
синтаксистік  құрылымдар  мен  белгілі  семантикасы  бар  етістіктермен  де 
беріледі.  Сонымен,  қиял-ғажайып  ертегілер  бұрынғы  заман  адамдарының 
дүниетанымынан,  сан  алуан  түрлі  қауіп-қатерлерден  құтылу,  тұрмыс-
тіршілік ету, қоршаған ортаның сырын танып білу және оны өзіне бағындыру 
жайындағы  қиял-фантазиядан  туындаған.  Сол  себепті  де  бұл  ертегілерде 
көне  заман  адамдарының  еңбек  үдерісі  барысында  алдына  қойған  мақсаты, 
арман-тілегі мен ниеті, жақсылықты аңсаған көзқарастары да көрініс тапқан.  
Қазақтың  қиял-ғажайып  ертегілерінің  ішінде  ерекше  орын  алатыны  – 
«Ер  Төстік»  ертегісі  екені  белгілі.  Бұл  ертегінің  басты  идеясы  –  адамзат 
баласына  қарсы  келетін  күштермен  күресу,  оларға  қарсы  тұрып  жеңіске 
жету.  Ер  Төстік  –    ертегінің  басты  кейіпкері  болып  табылады.  Басты 
кейіпкердің  бейнесі  ертегіде  сан    түрлі  жолмен  беріледі. «Ер  Төстік» 
ертегісінің  басты  ерекшеліктері  –    оқиғалар  ғажайып  сипатта,  неше  түрлі 
фантазия элементтеріне құрылып өрбиді, ертегінің кейіпкерлері жердің асты-
үстінде бірдей жүреді.  
Жоғарыда  байқағанымыздай,  ағылшын  ертегілері  үшін  «су  кеңістігі» 
аса маңызға ие болатын болса, қазақ ертегілері үшін «жерасты кеңістігінің» 
рөлі ерекше. Әрине, жерасты патшалығы туралы сюжеттер барлық елдердің 
ертегілерінде  кездеседі.  Бірақ  оның  мән-мағынасы  мен  маңызы  өзгеше. 
Жерасты  өркениеті  туралы  әңгімелер  қазақ  ертегілерінде  өте  жиі  кездеседі. 
Ол  жер  асты  елі,  жер  үсті  елі секілді  тіркестерден  байқалады.  Сонымен 
бірге,  «адам  құлағы  естімес,  көзі  көрмес  жақ»,  «жер  түбі»,  «жеті  қабат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет