Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет72/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
their  mother  and  father».  Дегенмен,  қазақ  және  ағылшын  мәдениеттерінде 
екі  санының  жағымсыз  коннотациялары  жоқ.  Басым  жағдайларда 
«бастапқы  жағдаятта»  кейіпкерлер  саны:  үш  ұлы  және  әкесі.  «Ерте 
заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің 
аты  -  Асан,  ортаншысының  аты  -  Үсен,  ал  ең  кенже  баласының  аты  - 
Хасан  екен.  Хасан  өте  сұлу,  ақылды,  әрі  батыр,  ақ  көңілді  бала  болып 
өседі» («Алып қара құc - Самұрық»). 
Бұл  ретте,  үш  санына  бір  саны  қосылады.  Аталған  формула  3+1 
көптеген  мәдениеттерде  магиялық  болып  саналған.  Христиан  дініндегі 
киелі  үштік  мағынасы  баршаға  белгілі.  В.Л.Рабинович  өзінің  «Алхимия- 
орта ғасыр мәдениетінің феномені» атты кітабында Ф.Цейтлиннен сілтеме 
келтіреді:  «Иисус  Августинге  сәйкес  апостолдар  санының  он  екі  болуын 
қалаған.  Үш  үштіктің  саны  және  сол  негізде  құралғанның  жанның  саны. 
Төрт – материалдық заттардың элементтер саны мен символы. Үшті төртке 
көбейту  дегеніміз  –  материяны  рухпен  толтыру,  яғни  әлемге  сенім 
ақиқатын  он  екі  апостол  арқылы  түсіндіру.  Төртке  үшті  қоссақ,  болады 
жеті – адамзат саны: адам өмірі жеті түрлі жас ерекшелігінен тұрады. Жеті 
саны  адамның  қоршаған  әлемге  деген  үйлесімді  қарым-қатынасын 
білдіреді.  Жеті  планета  адамдар  тағдырын  басқарып  отыр.  Жаратушы 
ғаламды  жеті  күн  ішінде  жасап,  жеті  сыр-құпияның  кілтін  бергісі  келген» 
[155]. 
Қазақ 
қиял-ғажайып 
ертегілерінің 
ағылшынға 
қарағандағы 
айырмашылықтарының  бірі  –  алты  санының  қолданысы:  «Кендебай  ай 
сайын  емес,  күн  сайын  өсіпті,  алты  күнде  күліпті,  алпыс  күнде  жүріпті, 
алты  жылда  жігіт  болыпты»; «Кендебай  қасқырдың  терісін  сойып  алып, 
биенің  қасына  келсе,  бие  жанталасып  өлгелі  жатыр  екен.  Кендебай  алмас 
қанжарымен  биенің  қарнын  жарып  жіберіп,  құлынын  суырып  алыпты. 
Арыстай  еркек  құлын  екен.  Кендебай  құлынды  үйіне  алып  қайтыпты,  оны 
құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. 
Алты  айдың  ішінде  алты  кез  ат  болып  шығыпты»;   «Кендебай  Керқұланы 
құстай  ұшырып,  алты  қырдың  ар  жағынан  қаша  жөнелген  құланды  көзді 
ашып-жұмғанша  қуып  жетіп,  құйрығынан  ұстайтын  болыпты»;  «Мен 
Мергенбай  деген  батырдың  жалғыз  баласы  едім.  Қазір  алтыға  шықтым. 
Биыл  төртінші  жыл,  елімізге  жау  тиіп,  жылқы  біткеннен  тігерге  тұяқ 
қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан 
келгенде,  алты  күн  қатарынан  ұйықтайтын»;  «Кешке  басқа  қойшылар 
келгенде,  манағы  қозышы  тағы  да  келмейді.  Кендебай  іздеп  барып,  талып 
жатқан  баланы  тауып  алады.  Бала  есін  жинағаннан  кейін  Кендебай  мән-
жайды  сұрайды.  Бала  жөнін  айтпайды.  Содан  кейін  Кендебай  балаға 
ашуланады.  Сонда  қозышы  бала  айтады:  - Кешеден  бері  күн  батқан  кезде 
алты аққу төбемнен айналып ұшады » («Керқұла атты Кендебай»). 
Шын  мәнінде,  әрине  жеті  саны  көп  жағдайда  басты  кейіпкердің 


 
115 
 
инициациясы  барысында  қолданылады:  «And  the  bread  said,  «Little  girl, 
little  girl,  take  us  out,  take  us  out.  We  have  been  baking  seven  years,  and  no 
one has come to take us out»», «then she met a cow, and the cow said. «Little 
girl, little girl, milk me, milk me! Seven years have I been waiting, and no one 
has  come  to  milk  me».  Сиқырлы  көмекшілер  де  кейіпкерді  құтқару 
мақсатында  дуа  сөзі  ретінде  айтады:  «When  the  witch  came  up  she  said: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет