Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


part of the American people



Pdf көрінісі
бет68/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
part of the American people» [148].  
«Р.Чейз  ашық  айтады:  Джек  –  нағыз  американдық  кейіпкер,  оның 
британ  аралас-құралас  тамырлары  жоқ.  Алайда,  кейіннен  көптеген 
фольклор  зерттеушілері  Р.Чейздің  бұл  көзқарастарын  жоққа  шығарады» 
[147, 25 б.].  Белгілі ғалым К.Линдал былай дейді: «Америкалық Джек пен 


 
107 
 
британдық  Джектің  айырмашылығы,  олардың  мінез-құлықтарында  да 
емес,  оның  айналасындағы  басқа  ертегі  кейіпкерлерінде.  Америкалық 
Джек  үнемі  жалғыз,  ол  ешкімге  сенбейді,  тек  өзіне  ғана  сенеді.  Ал  бұл 
дегеніміз  –  таза  америкалық  қоғам  құрылысына  сәйкес  келетін  тәртіп  - 
«self-reliance»  негіздердің  негізі.  Ол  негізгі  алты  құндылықтың  бірі  «one 
has  to  pay  for  individual  freedom».  «The  defining  trait  of  Chase's  and 
Hoffman's  hero  is  his  isolation,  expressed  in  his  separation  from  home  and 
parents,  his  traveling  and  working  alone,  and  his  self-reliance  and  lack  of 
interest in a mate» [15, 24 б.].   
Америкалық Джекті өзгешелеп тұрған басты белгі – өз күшіне деген 
сенімі; қиындықтарды жеңуде ол тек өз күшіне ғана сенеді. Ал ағылшын 
ертегілерінің  басты  кейіпкеріне  сиқырлы  жан  иелері  көмек  береді.  Олар 
алдымен оны сынайды, сонан соң оған сиқырлы заттарды сыйға тартады. 
Айта  кететін  тағы  бір  ерекшелік,  ол  басты  кейіпкер  жолында  кездесетін 
көмекшілер  жайында:  егер  ағылшын  ертегілерінде  ол  сиқырлы  күш  иесі 
ергежейлі  (гном)  немесе  ақ  басты  кедей  бейшара  болса,  америкалық 
фольклорда ол үнемі бай шаруашылық иесі болады: «In Britain, the donor 
is usually a  magical  being  - a dwarf or,  more often, a  white-haired «beggar» 
with  magic  powers.  Jack  passes  a  test  of  virtue,  usually  by  giving  the  last  of 
his food to the man, who then rewards Jack with a magic gilt to help defeat the 
evil  king  or  giant.  The  typical  American  donor  is  a  rich  landed  man.  Jack 
works  to  earn  money  from  this  man  or  -  far  more  rarely  -  to  win  the  man's 
daughter  as  a  wife.  The  donor  has  no  magic  to  lend  Jack  but  normally 
provides  food,  clothes,  weapons,  or  money.  It  often  happens  that  Jack 
ultimately gives his donor more valuable help than the donor has given him. A 
rich  man  may  give  Jack  a  thousand  dollars,  and  some  food  if  Jack  kills  the 
giant, but when Jack succeeds, the donor prospers more than Jack does» [147, 
28 б.]. 
Сонымен,  туыс  болып  келетін  мәдениеттердің  өзінде  де  үлкен 
айырмашылықтар  орын  алады.  Ал  басты  кейіпкерлердің  есімдері  белгілі 
бір халықтың ең маңызды деп саналатын ұлттық белгілерін айқындайды. 
Халық  эпосының  кейіпкерлері  сол  ұлттың  тұрмыс-тіршілігін  көрсетеді. 
Сол  себепті  де  америкалық  Джек  тек  өзіне  ғана  сенеді,  өйткені  ол  сол 
қоғамның  жарқын  өкілі,  ал  ағылшындық  Джек  сиқыршы  көмекшілердің 
көмегіне  жүгінеді.  Яғни  америкалық  Джекті  өз  бақытын  ешбір 
кедергілерге қарамастан өзі жасауға қабілетті ертегі кейіпкерлерінің жаңа 
формациясы деп санаймыз.  
Ертегі кейіпкерлерін есімі бір сөзбен берілетін білім, тәжірибе және 
салт-дәстүрлер  жиынтығын  айқындайды.  Бұл  өз  алдына  бір  халықтың 
архетипі, өйткені: «жалқы есімдер жүйесі табиғи тілдің тек категориялық 
саласын  ғана  жасамайды,  сонымен  қатар  оның  ерекше  мифологиялық 
қабатын  да  құрайды.  Бірнеше  тілдік  жағдаяттар  тұрғысынан  алатын 
болсақ, жалқы есімдердің болмысы басқа тілдік категорияларға қарағанда 
ерекше  көрініс  береді.  Бұл  табиғи  тілдің  ортасына  енгізілген  өзгеше  бір 


 
108 
 
тіл сияқты деген ой келеді» [145, 62 б.]. 
Сонымен, 
көптеген 
ертегікейіпкерлерінің 
есімдері 
ежелгі 
мифологияға  тікелей  қатысты  өзіне  сәйкес  мәтіндердің  ықшамдалған 
формасын  болып,  мифтік  символдар  ретінде  танылады.  Сондықтан  да 
фольклор  шығармаларындағы  жалқы  есімдерді  зерттеу  белгілі  бір 
халықтың  жасырын  тарихын,  ежелгі  білімдер  жүйесін  айқындауға  толық 
негіз  бола  алады.  Сонымен  бірге  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  отырған  қиял-
ғажайып  ертегілері  халқының  әдеп-ғұрыптарын,  мінез-құлқын,  жан 
дүниесін жете түсінуге де мүмкіндік берері сөзсіз.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет