ƏОЖ 541.128; 541.13
ЖАЛПЫ ЖƏНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНДА AҚПАРАТТЫҚ ЖƏНЕ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Тəліпбекова Ə.Ж. – магистрант, Сүлейменова О.Я. – х.ғ.д., доцент əл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
e-mail: azima.t@mail.ru, o_yachmet@mail.ru
*
. Мақалада жоғары оқу орындарында жалпы жəне бейорганикалық химия пəні бойынша білім алушылардың
білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда заман талабына сай сабақты ыңғайлы етіп ұйымдастыру мақсатында
ақпараттық жəне коммуникативтік технологияларды қолданудың мүмкіндіктері қарастырылады. Ақпараттық
құзыретті, сауатты маман - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға
қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Сондықтан да, білім алуға керекті ақпараттарды жинауға интернет желілерін мүмкіндігінше қолдана білу
қажеттілігі туындайды. Ұсынылып отырған интернет желісі арқылы жұмыс істейтін бағдарламалар кез келген
курсқа қолдануға ыңғайлы болып табылады.