Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
141
семинар сабақтарын слайд тəрізді етіп жасап, проектор көмегімен көрсетуге болады. Сонымен қатар,
зертханалық тəжіриебелерді бейнекөрініспен көрсетіп олардың жанында суреттер қойып екеуін бір
бетте көрсетуге болады.
Prezi – бұл тізбексіз құрылымда интерактивті мультимедиялық презентация құруға арналған веб-
сервис. Prezi сервисінде масштабтау (обьектілерді үлкейту жəне кішірейту) технологиясының маңызы
зор. Веб сервистің интернет адресі www.prezi.com. Бағдарламаның басты ерекшелігі – презента-
цияның барлық обьектілері бір бетте орналасады жəне жеке обьектілерге динамикалық масштаб
арқылы қатынауға болады. Веб сервистің бірнеше нұсқасы бар:
1. Публикалық – 100МБ
2. Қолданушылық – 500 МБ
3. Кəсіптік – 2000МБ
4. Топтық – 2000МБ
Бұл нұсқалардың басты айырмашылықтарының бірі - серверге ақпарат жүктеу сыйымдылығына
байланысты болып табылады. Көпшілікке арналған нұсқасы толықтай тегін. Ал қалған нұсқалары ақылы.
Prezi интернет сервисімен жұмыс жасау үшін төмендегідей басты қадамдарды есте ұстау қажет:
-
cайтқа тіркелу;
-
жеке кабинетке кіру;
-
жаңа презентация құру;
-
орындаушының толық мүмкіндіктерін пайдалану;
-
дайын презентацияны жүктеу;
Дайын презентацияны компьютерге жүктеп, кезкелген компьютерде (интернетке қосылу маңызды
емес) аша алады [3].
Келесі веб сервис түрі
RealTimeBoard – бұл шектеусіз виртуалды тақталар құруға арналған веб
сервис. Бұл сервис əртүрлі ақпарат көздерін (мəтін, сурет, схема, график жəне т.б. ) пайдаланып
интернет тақта құруға мүмкіндік береді. Интернет сервистің веб сайты – www.realtimeboard.com. Веб
бағдарламаның толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін, алдымен, сайтқа тіркелу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: