Түйін сөздер: сауаттылық, функционалдық сауаттылық, білімділік, функционалды білім, функционалды іскерлік,
функционалды дағды, кəсіби құзіреттілік. Біз сауаттылықтың бар екендігін сауатсыздықты көргенде ғана байқаймыз. Сауаттылық мəселесі
сауатсыздықты жоюда, халық, мемлекет, мəдениет жоғалтып алғандарын қалпына келтіруге талпын-
ғанда ғана өзекті болады. Сондықтан да функционалды сауаттылықпен қоса қоғамды артқа тартатын
факторлардың бірі болып саналатын функционалды сауатсыздық та бар. Функционалды сауатсыздық
ұлттың экономикасына, интеллектуалдық потенциалына, мəдениетіне қауіп төндіретіні сөзсіз. Функ-
ционалды сауатсыз адам жоғары əлеуметтік статусқа иелік ете алмайды жəне олардың əлеуметтік
ұтқырлығы да төмен болмақ. Функционалды сауатсыздық тұрақты түрде еңбек нарығындағы өзгеріс-
терге бейімделуге кедергі болады, кəсіби біліктілікті көтеруде қиындыққа соқтырады, жаңа жұмыс
табу мүмкіндігінен айырады. Өнеркəсіптегі келеңсіз оқиғалар, жарақат алу, экономикалық шығындар
осы функционалды сауатсыздықтың арқасы. Функционалды сауатсыз адамның тіпті тұрмыстық деңгейде
де көптеген проблемаларға ұшырайтыны анық. Мысалы, тіпті оған дүкеннен зат сатып алудың өзі
қиындық тудырады, өйткені ол заттың тұтынылу уақытына емес, оның безендірілуіне қарайды, тіпті
саяхатқа шыққанда да жол картасын қолдана алмау да функционалды сауатсыз адамның əрекеті.
Функционалды сауатсыз адам бала тəрбиесінде де, балаға үй тапсырмасын орындатуда да қиындыққа
душар болады, ол тіпті мұғалімнің ата-анаға жазған хатының мазмұнын да, тіпті өзінің де, өзгенің де
əрекетін түсінбеуі де мүмкін.
Тегеранда 1965 жылы болған Халықаралық ағарту министрліктерінің конгресінде сауатсыздықты
жоюда функционалды сауаттылық түсінігін енгізу ұсынылды, 1978 жылы түсінік ЮНЕСКО тара-
пынан қарастырылып сауатты деп топтың тиімді қызмет атқаруы үшін барлық іс-əрекет түрлерін
атқара алатындарды атайтындығы айтылған.
Сауаттылық мəселесі ХХ ғ. ортасынан бастап Халықаралық ұйымдардың назарына ілікті, ЮНЕСКО
тарапынан 1990 жыл Халықаралық сауаттылық жылы болып аталды, 2002 жылы Біріккен ұлттар
ұйымы (БҰҰ) сауаттылықтың он жылдығы ретінде 2002-2012 жыл аралығын белгілеген.
Заманауи ғылымда «сауаттылық» ұғымы кеңейтіліп, «функционалдық сауаттылық» ұғымына ұласты.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымының енгізілуі адамның сауаттылық компоненттерін атап айтқанда,
білімді, іскерлікті, дағдыны, іс-əрекет тəсілдерін, мінез-құлықтық жəне дүниетанымдық сапаларды
кеңейтті. Көптеген ғалым-зерттеушілердің пікірінше, «функционалдық сауаттылық» компоненттерін
меңгеру өте ұзақ, əрі өмір бойына созылатын үдеріс.
Бүгінгі жаңа жағдайда қазақстандық ЖОО болашақ педагогтарды (мамандарды) сыртқы шекараның
айқара ашылуына орай ақпараттандыру, компьютерлендіру, жаңа технологиялардың енгізілуі, нəти-
жесінде кəсіби құзіреттілік пен функционалды сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптардың
күшеюіне сəйкес функционалдық сауаттылық мəселесін зерттеудің өзектілігі артуда. Бүгінгі ХХI
ғасырға, яки ғасыр талабына ілесу үшін адам қызметкер, жұмысшы, азамат, маман, тұлға ретінде
функционалды сауатты болуы өте қажет.
Бүгінгі функционалдық сауаттылықтың, оның əлеуметтік-тұлғалық қажеттілік ретінде, үздіксіз
білім беру үдерісінің нəтижесі ретінде жəне кəсіби білім беру контексінде зерттелуі осы мəселенің
өзектілігінің айғағы.
«Функционалдық сауаттылық» мəселелерімен айналысқан ғалымдар: В.В Мацкевич, С.А. Крупник,
В.А. Крутецкий, Е.Д. Херш, Б.С. Гершунский, В.В. Мацкевич, С.А. Тангян, И.А. Колесникова,
А.В. Хуторской, О.Е. Лебедев, Т.И. Акатова, Л.М. Перминова, О.Е Лебедев, Л.Н. Полищук,
В.А. Ермоленко, Р.Л. Перченок, С.Ю. Черноглазкин, Н.Н. Сметанникова, В.Ю. Кричевский жəне т.б.
[1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8].