Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет311/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
202
 
В.А.  Ермоленко  заманауи  контекстегі  функционалды  сауаттылықтың  дидактикалық  негіздерін 
қарастырған [6]. В.Ю. Кричевскийдің дамушы қоғамдағы функционалды сауаттылық бойынша еңбе-
гінің де мəні зор [7]. 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі 
таңда  отандық  жəне  шетелдік  ғалымдардың  еңбектерінде  «функционалдық  сауаттылық»  ұғымын 
қолдануда бірізділік жоқ екені байқалады.  
Білім берудегі сауаттылық мəселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың əлеуметтік жағдайына, 
екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мəдени ахуалға тəуелді болатын-
дығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен 
оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының 
белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің  грамматикалық  нормаларына  сай  оқу,  дұрыс  жаза  алу  дағдыларын 
игеру  екені  байқалады.  Əйтсе  де  адамның  өмір  сүруіне  қажетті  деп  танылып,  меңгеруге  ұсынылған 
бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, 
сурет  салу  жəне  т.б.)  ретіндегі  тілдік  сауаттылық  қазіргі  кездегі  əлеуметтік  сұраным  талаптарымен 
сəйкес келе бермейді.  
Жалпы,  сауаттылық  адамның  білімділігіне  қатысты  ұғым  екені  белгілі.  Сауаттылық  –  дəстүрлі 
тұрғыда, адамның белгілі мөлшерде оқи алуы мен жаза алуы. Оқи алу мен жаза алудың пайда болуы 
адамзат тарихын өзгертті. Бірақ алғашқы кезеңде адамдардың барлығы оқи алу, жаза алу, санай алу 
қабілетіне  ие  болмады.  Өркениет дамыған сайын жазуға,  оқуға,  санауға  деген  қажеттілік  арта  түсті, 
білім қоғам ішінде кең тарала бастады. Сауаттылық күнделікті іске айналып, жазу, оқу, санау барлық 
адамға  тəн  сапаға  айналды.  Мұндағы оқи алу  сауаттылығы  –  жазбаша  мəтінді  түсіну  қабілеті,  оның 
мазмұнын  өзіндік  мақсатқа  жетуде  қолдану,  қоғам  өміріне  белсене  қатысу  үшін  білім  мен  мүмкін-
діктерін дамыту. 
Алайда,  бүгінде  уақыттың  өзгеруіне  байланысты  сауаттылық  ұғымы  тарихи  тұрғыдан  өзгеріске 
ұшырағанын,  тұлғаға  қойылатын  талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу  қабілеттерінен  гөрі  белгілі  бір 
қоғамда  өмір  сүруге  қажетті  білім  мен  біліктердің  жиынтығын  игеру,  яғни  функционалдық  сауат-
тылыққа жету  деген  сипатта  түсіндіріледі.  Олай  болса,  əлемдегі,  еліміздегі  өріс алып  отырған  түрлі 
бағыттардың  əсерінен  қоғамның  адамға  қоятын  талаптарының  өзгеруі  нəтижесінде  функционалдық 
сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Бүгінде тұрғылықты халықтың сауаттылығы – олардың əлеу-
меттік-мəдени дамуының базалық көрсеткішінің бірі болып табылады. 
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзыреттілікке бағыттау 
парадигмасына  байланысты  туындап  отыр.  Жоғарғы  білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына  орай 
жетілдіру  білім  беру  жүйесін  өзіміздің  ұлттық  болмысымызға,  негізге  алынған  ұстанымдарымызға 
сай  құруды  қажет  етеді.  Осыған  орай  ЖОО  берілетін  білімді  шынайы  өмірмен  ұштастырып,  оны 
бітіруші  түлектерді  үлкен  кəсіби  өмірге  дайындау  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  ЖОО  білім  алушы 
меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нəтижесі ретінде 
білім  алушы  бойында  қалыптасатын  құзыреттіліктер  алынады.  Білім  алушылардың  функционалды 
сауаттылығының жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет ете алу, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жетілдіруге 
жəне өзін-өзі жүзеге асыруға қабілеттілігі. Қазіргі зерттеушілер (С.Г.Вершловский, Б.С.Гершунский, 
О.Е. Лебедев, Л.М. Перминова) функционалды сауаттылықты қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде 
қарастыра  отырып  оның  қалыптасу  деңгейін  мемлекет  пен  ондағы  тұрғындардың  жағдайы  дең-
гейімен байланыстырады. 
«Функционалды сауаттылық» ұғымы əр түрлі ракурстарда Р.Н. Бунаев, Е.В. Бунаева, Б.С. Гершунский, 
Л.Ю.  Комиссарова,  О.Е.  Лебедев,  З.И.  Курцева,  О.В.  Чиндилова,  И.А.  Колесникова,  С.А.  Крупник, 
В.В.  Мацкевич,  Л.М.  Перминова,  С.А.  Тангян  еңбектерінде  қарастырылған.  О.Е.  Лебедев,  Е.А.  Огарев,  
А.В. Хуторский функционалды сауаттылықты білім алушылардың білімділік деңгейі мен білім беру 
нəтижесі тұрғысынан қарастырады [9;10].  
Нақты  айтсақ,  функционалды  сауаттылық  білім  беру  философиясы  деңгейінде  Б.С.Гершунский, 
В.В. Мацкевич, С.А. Крупник еңбектерінде қарастырылса, үздіксіз білім берудің бір аспектісі ретінде 
С.А.  Тангян,  И.А.  Колесникова  зерттеулерінде,  құзіреттілік  контексінде  А.В.  Хуторский,  О.Е.  Лебедев 
еңбектерінде қарастырылған [3;4;9;10]. 
Б.С.  Гершунский  «сауаттылық  дегеніміз  –  білімділіктің  де,  кəсіби  құзіреттіліктің  де  жəне  адам 
мəдениеттілігінің  де  қажетті  баспалдағы.  Ол  өзінде  тұлға  дамуының  келесі  кезеңдерінің  өсіндісін 
демек, «эмбрионын» сақтауы қажет» [3, 69 б]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет