Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет313/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

2-ші кезең (1970 - жылдардың ортасы мен 1980 жылдардың басы) – функционалды сауаттылықты 
дамыған елдердің мəселесі ретінде сезіну; оның дəстүрлі сауаттылықтан ерекшеленуі; функционалды 
білім  құрамы  мен  мазмұнының  қоғамдық  өмірдің  барлық  жағына  (экономикалық,  саяси,  азаматтық, 
қоғамдық,  мəдени)  сəйкес  кеңеюі;  ЮНЕСКО  –  ға  «функционалды  сауатсыз  адам»  (топ  пен  қауым-
дастықтың  тиімді  тіршілік  етуіне  қажетті,  өзін жəне  қоғамды дамыту  үшін  оқуды,  жазуды,  санауды 
қолдануға  мүмкіндік  беретін  іс-əрекеттің  барлық  түріне  қатыса  алмайтын  адам);  қоғамдық  өзгеріс 
жағдайында функционалды сауаттылықтың өзгермелілігі туралы пікірдің пайда болуы; 
3-ші  кезең  (1980  –  жылдардың  ортасы  мен  1990 –  жылдардың  басы)  функционалды  сауаттылық-
тың жазуды меңгеру деңгейінің артуымен, жалпы білім берумен, еңбек сферасындағы өзгерістермен 
байланысын  орнату;  дəстүрлі  сауаттылық  құрамына  енгізу;  функционалды  сауаттылықтың  екі 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
204
 
деңгейлі құрылымын сезіну (глобальды жəне локальды), оның «өмір бойғы» немесе ғұмырлық білім 
мен жеке тұлғаның қалыптасу негізі ретіндегі рөлі; 
4-ші  кезең  (ХХI  ғасырдың  басы)  –  постиндустриалды  қоғамға  өтуге  байланысты  функционалды 
сауаттылықтың құрамы мен мазмұнындағы өзгерістерді белгілеу; функционалды сауаттылықты адам-
ның  өмір  қауіпсіздігіне  кепілдік  пен  өзгермелі  əлемде  оның  жетістікке  жету  құралы  ретінде  қарас-
тыру;  функционалды  сауаттылықты  дамыту  құралы  ретінде  басты  назарды  функционалды  оқи  алу 
рөліне аудару [6, 78 б]. 
Тұтастай  алғанда  В.А.  Ермоленко  бастатқан  ғалымдар  анализінен функционалды сауаттылықтың 
құрамы  мен  мазмұнының  адам  мен  қоғамның  қажеттілігінің  дамуына  сəйкес  үнемі  өзгеріп  отыра-
тындықтан динамикалы жəне интегративті білім екенін байқаймыз. 
Мəселен,  бүгінде  ғылыми  айналымда  функционалды  сауаттылықты  қалыптастырудың  3  бағдары 
қолданылады. Олар: əлеуметтік-мəдени, жүйелілік жəне іс-əрекеттік.  
Функционалды сауаттылық – тіршілік барысында жинақталған білімді, іскерлікті, дағдыны адами 
іс-əрекеттің  əртүрлі  сферасында  қолдана  білу;  кең  көлемдегі  маңызды  өмірлік  міндеттерді  шешу 
қабілеті.  
Функционалды  сауаттылық  –  адамның  ерікті  түрде  мойнына  алған  қызметін  атқаруға  дайындық 
деңгейі; қолданбалы білімді қолдана отырып тіршіліктің əр түрлі сферасында стандартты міндеттерді 
шешу  қабілетімен  сипатталатын  білімділік  деңгейі;  іс-əрекеттің  барлық  түрін  атқаруда  адамның 
сауатты  түрде  тіршілік  ету  қабілеті;  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсу  мен  оған  тез  бейімделу 
қабілеті; нақты мəдени ортада тұлғаның белгілі іс-əрекетті атқаруы. 
«Функционалдық сауаттылық» білім берудің нəтижелі маңыздылығын «жеке тұлғаның функционалды 
сауаттылығы», «түйінді құзыреттіліктер», «жалпы оқудағы біліктілік» ұғымдарын айқындайды. Білім 
алушылардың  функционалдық  сауаттылығының  жалпы  оқу  біліктілігіне:  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
жетілдіруді іске асыра білуі; интеллектуалдық, оқу-танымдық, креативті шығармашылық қабілеттері 
мен  біліктіліктері;  мағыналық-құндылық,  көзқарастық  қатынастары  мен  ұстанымдары;  қарым-қаты-
настағы  біліктілік;  субьект  ретінде  кездестірген  функционалдық  проблемаларды  шеше  білу;  оқуды, 
қарым-қатынас  жасауды,  əлеуметтік  жұмысты  жəне  кəсіпті  таңдай  білу  мен  оны  жауапкершілікпен 
меңгеру жатады. 
Қазіргі  ақпараттық  уақытта  сауаттылық  қоғамның  барлық  топтары  үшін  аса  қажет.  Уақыт  озған 
сайын  сауаттылық  түрлері  де  көптеп  анықталуда  (ақпараттық  сауаттылық,  техникалық  сауаттылық, 
музыкалық  сауаттылық,  медициналық  сауаттылық,  инженерлік  сауаттылық,  экономикалық  сауат-
тылық, экологиялық сауаттылық жəне т.б.) жəне де ол мəдениеттің атрибуты статусына айналуда. 
Функционалды сауаттылық түрлері: 
-
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет