Түйін сөздер: ақпараттандыру, жаһандану, руханият, Мəңгілік Ел, ұлттық даму, адамгершілік, ұлттық даму идеясы.
Қазіргі ақпараттандыру, жаһандану дəуірінде қоғам субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынас
ақпараттық ағымдар мен ресурстар арқылы жүзеге асады. Бұндай жағдай адамзаттың біртұтас ақпарат
жəне коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуі сияқты тиімділікпен бірге ланкестік, түрлі
идеялогиялық ағымдардың да еркін əрекет етуіне жағдай жасайды. Осындай жағдайда жаңа əлеуметтік
қатынастарға еркін кірісе алатын, жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке бас мүдделерінен жоғары
қоятын рухани жағынан кемелденген, əлеуметтік тұрғыдан белсенді, тəжірибелі кадрларды дайындау
да өзекті мəселелерден бірі болып табылады. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың халықты бір мақсатқа, бір
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
213
мүддеге, бір болашаққа үндеген халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған «Мəңгілік
Ел» идеясының түпкі мақсатымен астасып жатыр.
Елбасы елдің болашағын Қазақстан жастарының əлеуетімен байланысты қарап,жастардың заман
талабына сай қалыптасып, еңбек етуін, білім алуын, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап, жастық
күш жігерлерін Отаны үшін жұмсағанын қалайды: «Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – əрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономи-
калық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз
өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз
сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан
мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деген болатын Елбасы Н.Ə. Назарбаев [1, б. 1].
Осы жоғарыдағы міндетті жүзеге асыруда «Мəңгілік Ел» ұлттық даму идеясын ұлттық білім беру
мазмұнымен үйлестіріп, оны жас ұрпақ санасына сіңіру, келешекке сенімді, ұлттық даму идеясы
рухында тəрбиеленген, рухани-идеялық тұрғыдан жоғары қаруланған оқытушыларды дайындау
педагогикалық жоғары оқу орындарының негізгі міндеттерінен бірі саналады.
Адам дамуының жоғары көрсеткіші саналатын руханият өте кең, ауқымды ұғым саналады да, ол
көп салалы əлеуметтік процесті қамтиды. Сондықтан да ғалымдар оған анықтама бергенде руханияттың
түрлі қырларын ашып көрсетеді. Мысалы: А.Г. Косиченко руханиятты адамның болмысқа қатынасында
көрінетін идеал формасы, адам табиғатының өзіне тəн белгісі ретінде түсіндіреді [2, б. 25].
Өзбекстандық философ ғалым Ж. Туленов: “Рухани кемелденген адам ақылымен əрекет етеді.
Отанға, халқы мен ұлтына шын берілген болу да мəдениеттілік, мұның өзі рухани кемелденгендіктің
белгісі болып табылады”, - дейді. Сондай-ақ, ғалым адамның жасампаздық əрекетінің өсуін оның
рухани кемелденуі ретінде сипаттайды [3, б.153].
Философ ғалым Э.Юсупов руханияттың мазмұнын адамгершілік, білім, іскерлік, дағды, қабілет,
дарын иман, сенім, ұждан, ынсап, дүниетаным сияқты элементтер құрайтынын айтып, оған мынадай
анықтама береді: “Руханият адамның құлықтылығы, білімі, қабілеті, дарыны, іскерлік дағдылары, ожданы,
имандылығы, дүниетанымы сияқты идеялық көзқарастарының өзара байланысты болып, қоғам
дамуына қызмет ететін құндылықтар жүйесі”[4, б.13].
Демек, “Руханият” ұғымы өзіне қоғам дамуына қызмет ететін идеяларды да қамтиды деп айтуға
болады. Ал қоғам дамуына қызмет ететін ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар “Руханият”
ұғымының мазмұнын тереңдетіп, оны байыта түседі. Рухани тұрғыдан жетілген азаматтар ғана қоғам
өмірінде белсенді əрекет етіп, оны ілгері дамытуға жеткілікті үлес қоса алады.
ТМД ғалымдары К.Ш. Ахиярова, И.Н Сиземская, Н.А. Савотина, Л.А. Харисовалардың жұмыстарында
болашақ мұғалімдерді ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды үйренуге бағыттау, онда
идеологиялық білім, əлеуметтік норма жəне қағидалардың жалпы адамды қоғамда өмір сүруге, онда
əрекет етуге, өзін көрсете алуға бағыттайтын құндылықтарды игеруі оқытушының рухани қалыптасуы,
оның өзін жеке тұлға ретінде сезінуі, əлеуметтік мəнге ие іс-əрекетті жүзеге асыру жəне оның нəти-
жесін бағалай алуы рухани жетілгендік жəне жоғары мəдениеттілік көрсеткіші ретінде сипатталады
[5, 6,7, 8].
Философ, педагог ғалымдардың руханият мəселесіне байланысты зерттеулерін талдау нəтижелері
“Руханият” ұғымының кең ұғым екендігін, “Рух” араб тілінде “Жан” деген мағынаны берсе, Руханият
адамның жан-жақты жетілгендігін көрсететін білімділік, əдептілік, қабілет, ұждан, сенім, имандылық,
ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру, еліне, отанына қалтқысыз қызмет ету, отан-
сүйгіштік сияқты қоғам дамуына қызмет ететін игі қасиеттер оның негізін құрайтынын жəне ұлттық
идея мен руханият ұғымдары мəн-мазмұны жағынан бір-бірімен өзара ішкі байланыста болып,
олардың мазмұнында қоғамның рухани, əлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге қызмет ететін идеялар
жинақталғанын байқау мүмкін.
Студенттерді "Мəңгілік Ел" идеясы негізінде рухани тұрғыдан қалыптастыруды педагогикалық
проблема ретінде қарастырғанда, бұнда мəселені педагогикалық циклдағы пəндердің қоғамда алатын
орны мен өзара байланыста алып қарау қажет. Сондай ақ, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда
оның даму жолы руханият мəселесінің тарихи негіздеріне барып тірелетінін ескеру керек.
Мəңгілік Ел ұлттық даму идеялары мен педагогикалық циклдағы пəндер мазмұнындағы өзара
жақын байланыстылық жеке тұлға дамуы мен оны рухани тұрғыдан қалыптастыруда үлкен мүмкін-
діктерді туғызып, педагогикалық циклдағы пəндер мазмұнына ұлттық даму идеялары жөніндегі
мəліметтерді сіңіруге қаратылған іс-əрекеттің нəтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Жастар санасына ұлттық даму идеяларын сіңіру оларға осы идеялардың мəнін түсіндіретін теориялық
білімдерді беру жəне идеялық иммунитетті қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-əрекетті
|