Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет344/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
226
 
формальді жəне мазмұндық жақындық Кайқауыстың тағылымдық идеалы Разиге көзсіз сенгендігін я 
«Қабуснамада» оның көзқарастарын ізбе-із қайталағандығын білдірмейтіндігін атаған жөн. Демек, Г. 
Грюнебаумның:  «...  ертедегі  ақындардың  олардың  алдыңғыларына  тəуелді  болғаны  сонша  –  кейде, 
бəрі бірін-бірі көшіргендей көрінетіндігі ең үстірт бақылаудан-ақ байқалады»-деген ойымен келісуге 
тура  келеді  [9,  128].  «Қабуснамадан»  байқағанымыз,  Кайқауыс  Рази  еңбектерін  терең,  жіті  оқып-
үйренген.  Мысалы,  махаббат  туралы  туындаған  ойларын  баяндауында  ол  Закари  көзқарасынан 
үзінді-мысал  келтіреді:  «...  Мұхаммад-и-Закарийя  «Кеселдер  жүйесі»  еңбегінде,  ғашықтық  дертіне 
жəне одан айығу еміне қатысы қалай екендігін айтады» [5, 54]. Ал онтологиялық жағынан Кайқауыс 
көзқарасы  Разидің  дүниетанымдық  ұстанымымен  түйіспейтіндігін  атаған  жөн,  өйткені  соңғысы 
ортағасырлық діни-философиялық ағым асхоби хаюло (друзей материи) өкілдерінің бірі болды жəне 
ислам креационизміне қарсы бес негіздің мəңгілігін мойындады (алғашқы материя, уақыт, орын, жан, 
жаратушы)  [8,  129],  ал  Кайқауыстың  философиялық-педагогикалық  ойлары  жиынтығының  негізі 
ислам теологиясы болды, сол себептен, ол тек жаратушы жалғыз, мəңгілік болып табылады жəне ол 
өз қалауымен материалды əлемді жоқтан бар етеді деп пайымдайды.  
Келесі  шығыстық  перипатетизмнің  өкілі  Əбунасыр  əл-Фарабидің  (870-950  жж.)  əлеуметтік-саяси 
жəне  педагогикалық  ілімінің  Кайқауыстың  педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасуына  ықпал 
еткендігі  хаһ.  Ол  шығыстық  философиялық-педагогикалық  ойды  ежелгі  грек  ғылымымен  таныстырып, 
Аристотель  шығармаларына  түсініктемелер  жазды.  Аристотельдің  түпнұсқалық  ілімін  қалпына  келтіруі 
жəне  ортағасырлық  схоластикамен  күресі  Фарабидің  əлемдік  ғылымға  сіңірген  еңбектерінің  ең 
маңыздыларының бірі.  
Фараби ілімінде, əлеументтану, саясат, педагогика – осы үш ғылымның бір-бірімен тығыз байла-
ныстылығы сонша, кейде оларды айыру өте қиынға соғары анық, олар бүтіндей өзіндік бірлік – қоғам 
жəне  жеке  тұлға  туралы  ғылымды  құрайды.  Фараби  ғылымдарды  аристотельше  жіктеуді  қолдайды. 
Педагогиканы,  адамның  əртүрлі  іс-əрекеттері  мен  қажеттіліктерінің  сипатын  зерттейтін  ғылымдар 
қатарына  жатқызады  жəне  іс-əрекеттің  не  үшін  істелу  мақсатын  анықтайды.  Фарабише,  педагогика 
адам  мінез-құлқының  негізгі  нормалары  мен  ережелерін  зерттейді.  Фараби  тек  бүкіл  Əлемді  емес, 
адамды  да  құдай  жаратты  дегенді  мойындайды.  Бірақ  ол  адамды  əлсіз  мақұлық,  өмір  сүруге  қабі-
летсіз деп санамайды, оның пікірінше, адам құдайдың күшімен өзіне қажеттінің барлығын жасай алатын, 
өзіндік  ақылы  бар,  табиғаттың  ең  жоғарғы  жетістігі  жəне  «адам  жан-жануарлардан  ерекше  қасиет-
терімен  ерекшеленеді,  өйткені  адамда  дене  мүшелерінің  əрекетімен  күш  алатын,  жан  бар,  бұдан  бөлек, 
адамда дене мүшелерінің қатысынсыз-ақ əрекет ететін күш бар: бұл күш ақыл болып табылады» [10, 
191].  Нақ  осындай  идеяны  Кайқауыстан  да  кездестіруге  болады.  Бұл  жай  ғана  механикалық  түйісу 
емес,  қайта,  идеялық  байланыстың  белгісі  сияқты.  Дегенмен,  Фараби  мұраларында  бұл  тезис  қатаң 
ғылыми-логикалық  түрде  мазмұндалса,  «Қабуснамада»  насихаттық-баяндау  сипатын  алады:  «Бізді 
жаратушы-деп жазады Кайқауыс,-ол разы болсын, өзінің барлық жаратылыстарының ішінде адамды 
барлығынан артық жаратты, жəне адам барлық хайуандардан денесіндегі он сезім түрінде артықшы-
лыққа  ие:  бес  ішкі  жəне  бес  сыртқы...  Осы  себептен  адам  –  басқа  хайуандар  үстінен  қарайтын 
патшасы əрі ұлығы» [5, 20]. 
Кайқауыс  пен  Фарабидің  педагогикалық  көзқарастарын  салыстыра  талдау  барысында,  олардың 
идеялық  қатынасында  көп  ортақтық  бар  екендігі  айқындалады.  Фарабише,  адамға  өзінің  қоғамдық 
қызметін  орындау  үшін,  ең  алдымен  өзге  адамдармен  қатынас  қажет,  екіншіден,  ол  кəсіптік  дағды-
ларды игеруі керек. Адам қоғамнан тыс жəне қоғамдық еңбексіз өмір сүре алмайды. Адамның əрбір 
талпынысы,  арманы,  сұраныстары,  оның  барлық  ойлағандары  мен  мүдделері  қоғамда  ғана  қанағат-
тандырыла  алуы  мүмкін.  Бұл  ойды  Аристотель  айтқан  болатын,  бірақ  бұл  пікір  Шығыс  жағдай-
ларында алдыңғылардың бірі болды. Фараби өнер мен кəсіптің адамға қажеттілігі туралы айта келе, 
қоғамды  пайдалы  еңбек  қызметінсіз  елестете  алмайды.  Қоғамдық  пайдалы  еңбек  –  қоғамдық  дамудың 
маңызды  шарты.  Кайқауыс  тұжырымы  бойынша  да  жас  жеткіншекті  дұрыс  дамытуда  еңбек  ең 
маңызды  шарт  болып  табылады.  Нақ  еңбек  –  материалды  құндылықтарды  құрудың  басты  факторы. 
Кайқауысша: «Дүниенің рақаты – еңбек ете білуде. Бүгінгі рақатың – кешегі еңбегіңнің жемісі» [5, 67].  
Фарабидің  педагогикалық  идеяларының  Кайқауыс  дүниетанымына  ықпалы  бақыт  пен  оған  қол 
жеткізу  жолдары  мəселелерін,  рухани  кемелдену  құралдарын,  əлеуметтік  əділдік  ерекшеліктерін, 
зайырлы  жəне  конфессионалды  факторлардың  тəрбие  үдерісіндегі  байланысын  жəне  қоғамдағы 
басқару  əдістерін  баяндауында  да  айқын  байқалады.  Мəселен,  тəрбиенің  нəтижелілігін  қамтамасыз 
ету  үшін  алға  мақсат  қоя  білу  керек,  сол  сияқты  бақытқа  қол  жеткізу  де  мақсат  болып  табылмақ. 
Фарабише: «Бақыт – əрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет