Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет346/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
228
 
қарап:  «Бақыт  –  бұл  олардың  əсемдік  пен  ұлылық  жолындағы  үнемі  бір  нəрселерді  қажет  етпейтін 
жоғары  кемелділік»  [16,  164].  Ол  адамның  зейнеттілік  шегіне  дейін  ұлғаятын  жағдайы.  Адамды 
жоғары  кемелділік  ретінде  дəріптей  отыра,  ибн  Сина,  адам  дəл  осы  өмірде  бақытты  болып,  өзінің 
соңғы  мақсатына  жетуі  керек  дегенді  айтады.  Байқасақ,  ибн  Сина  идеяларының  Кайқауыс 
дүниетанымына ықпалы зейнет, бақыт, ата-ананы құрметтеу, баланы күтушінің көмегімен тəрбиелеу, 
баланы  кəсіпке  оның  икемін  ескеріп  үйрету,  үй  шаруасы  ұстанымдары  бойынша  алғашқы  оқыту 
бағдарламасы, отбасын құрудың мақсаты мен міндеті, отбасындағы ер азамат орны т.б. мəселелерді 
қарауда сезіледі. Ибн Сина мен Кайқауысша отбасын құру мақсатының негізі – экономикалық аспект 
байлықты  жинау  жəне  ұрпақ  жалғастыру  болып  табылса,  екі  ойшылдың  да  алғашқы  оқыту 
жұмыстары  ауызша  ғылым-дар  мен  Құранды  жəне  шариаттың  негіздерін  үйретуден  басталуы  керек 
деген пікірлері түйіседі. Мына ойларында екі ойшыл да бала тəрбиесі күтушінің тікелей басқаруымен 
жүзеге  асуы  керек  деп  ұйғарады.  Ибн  Сина:  «бала  алты  жасқа  толған  соң,  оны  тəрбиеші  мен 
мұғалімнің  қолына  тапсырған  жөн»-десе  [3,  166],  Кайқауыс:  «...перзентіңді  ақылды,  мейірімді 
тəрбиешіге тапсыр»-дегенді алға тартады [5, 77].  
Жоғарыда  мазмұндалған  жағдай,  расында,  «Ибн  Сина,  көптеген  ғасырлар  ағымында  Шығыс  пен 
Батыстың ақылы мен ғылыми-ойларына ықпал еткен жəне ықпал ете беретін өзінің көпсалалы талан-
тымен  бүкіл  əлемдік  мəдениетті  елестетеді.  Адамзат  ойының  даму  тарихында  ол  алдыңғы  орындардың 
бірін иеленеді» деп айтуымызға негіз бола алады. 
«... тəрбиенің діни жəне мəдени аспектілері басты рөлде болуы проваславтық-мұсылмандық ортаға 
да  тəн»  дегендей  [16],  Кайқауыстың  педагогикалық  ілімінің  маңызды  қайнар  көздерінің  бірі,  сөзсіз, 
мұсылмандық дін мен оның нормативтік құқықтық бастаулары болып табылады. Өйткені, ол ойшыл-
педагог ретінде өмір сүріп, еңбек еткен дəуірде қоғамда үстемдік құрған идеология ислам болды. Сол 
себептен,  автор  «Қабуснаманың»  алғашқы  тарауларын  ислам  қағидалары  мен  олардың  орындалу 
тəртібіне  арнайды.  Бұл  орайда  ол  Алланың  бірлігі  мен  құдіретін  қабылдап,  қолдайтындығын  оған 
деген  мадақ,  мінажат  ету  арқылы  білдіреді.  Мадақ  сол  кездегі  діни-ағартушылық  мақсат  пен  діни 
насихат  жүргізуде,  елдің  бірлігі  мен  ынтымағын  сақтауда  таптырмас  құрал  ретінде  танылды.  Сол 
кездегі барлық танымал ғалымдар мен ойшылдар өз еңбектерін Аллаға, Мұхаммед (с.ғ.с.) мен оның 
сақабаларын  мадақтауға  арнады.  Мұндай  ұстаным  исі  мұслман  жұртының,  қала  берді,  бүкіл  əлем 
жұртының  бірлікте,  ынтымақта  өмір  сүруіне  үлкен  ықпал  еткендігі  белгілі  болып  отырған  жайт. 
Мəселен,  И.  Жеменей  еңбегінде  мадақ  сонау  Мысыр  еліндегі  перғауындар  заманынан  бері  келе 
жатқан  өзіндік  тəрбиелік  мəні  бар  əдеби  тақырыптардың  бірі  ретінде  жəне  адам  баласының  психо-
логиялық ерекшеліктеріне қарай олардың бүкіл болмысымен біте қайнасып жатқандығы жайында сөз 
қозғала  келе,  мақтау  сарынындағы  мұндай  өлеңдер  бертін  келе,  Орталық  Азияда  ислам  дінінің 
кеңінен таралып, қанат жаюына орай, араб əдебиетіне жəне сол арқылы түркі, парсы əдебиеттеріне де 
еніп, сіңісіп кеткендігі [17, 140] айтылады, дəлел ретінде ортағасырлық ғұламалар Ж. Баласағұнидің 
дидактикалық  сарындағы  дастаны  «Құтты  білік»  [18,  14]  пен  М.Х.  Дулати  туындылары  «Тарихи 
Рашиди»  мен  «Жаһаннамедегі»  деректерді  ұсынады.  Екі  ғұлама  да  исламның  өркендеуінің  басты 
шарты – Аллаға иман екенін жақсы түсіне білгендіктен, бүкіл түркі халқы бойына Алланың иманын, 
Пайғамбардың (с.ғ.с.) махаббатын жəне оның сахабаларының игі іс-əрекеттері мен қадір-қасиеттерін 
сіңіре білу мақсатында мадақты пайдалана отырып, Алланың шексіз құдіретіне илануды, Пайғамбар 
(с.ғ.с.) мен оның сахабаларының ұлықтығын дəріптей келе, олардың да Алланың жаратқан пенделері 
əрі фəни дүниенің қонақтары екендігін ескертеді. Мұндағы мақсат – олардың өмірін кейінгі ұрпаққа 
үлгі ете отыра, бұл əлемдегі тіршілік атаулының уақытша сынақ екенін еске салу. Бұдан біз мадақтың 
танымдық  қырынан  бөлек  тəрбиелік,  өнегелік,  тəжірибелік  мəндерін  де  тани  аламыз  [19,  15]. 
Кайқауыс та исламдық дін ілімінен Алланың бірлігі мен құдіретін, оның шынайы əлемді жоқтан бар 
еткендігі  идеяларын  қабылдап,  Мұхамммедті  (с.ғ.с.)  елші  ретінде  жəне  оның  төрт  дінге  сенуші 
халифтерін  мойындап,  діни  ғылымдарды  қолдайды.  «Ғылымның  абзалы  –  сенім  туралы  ғылым, 
өйткені  оның  негізі  –  үнемі  құдайдың  бірлігін  мойындау,  өндірістік  пəндер  –  шариаттың  бұйрығы 
немесе  «елші  «Мұхаммед  (с.ғ.с.)  айтқан,  алла  жарылқасын  оны  жəне  оған  рақымшлық  жіберсін: 
ғылымның екі түрі бар: діндер туралы ғылым жəне тəндер туралы ғылым» [5, 78].  
Кайқауыстың педагогикалық ілімдері мен оның бүкіл дүниетанымын талдаудан, оның сол дəуірдің 
философтары, дəрігерлері, астрономдары, əлеуметкерлері, саясаткерлері мен педагогтері жəне басқа 
да  белгілі  ғылымдарының  өкілдері  еңбектерімен  жақсы  таныс  болғандығы  мен  кейбір  ежелгі  грек 
ойшылдары мен олардың көзқарастарын жақсы білген деген қорытындыға əкеледі. Кайқауыстың грек 
тілін  меңгермегендігін,  сондықтан,  оның  ежелгі  грек  авторлары  мұраларын  Орталық  Азия  ойшылдары, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет