Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет378/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   464
Түйін сөздер: зерттеушілік, зерттеушілік қабілет, бастауыш, сынып, оқушы. 
 
Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  ұлттың  интеллектуалды  əлеуетін  дамыту 
тұжырымдамасында:  «Оның  мəні  еліміздің  тиімді  əлеуметтік-экономикалық  дамуына  қажетті  жаңа 
білімдерді игеруге негіз болатын тұлғаның шығармашылық қабілеттері жəне кəсіби-мамандық, білік-
тілік  деңгейлері  арқылы  ашылады»,-  деп  көрсетілген  [1].  Бұл  қазіргі  кезеңде  білім  беру  үдерісіне 
ғылыми-зерттеу жұмысын енгізудің, сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудың 
негізгі  ерекшелігі  оның  қолданбалы  бағыттылығын,  пəндердің  мазмұнын  өзара  байланыстыра 
сəйкестендіретін  оқытудың  мақсаты  мен  мазмұныныңіске  асыратын  жолдарын  іздестіруді  талап  етеді. 
Бүгінгі күн талаптарына сай оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының 
зерттеушілік  қабілетін  дамытудың  құралы  ретінде  ақпараттық  технологиялар  негізінде  зерттеушілік 
əрекеттердің мүмкіндіктері елеулі басымдықтарға ие болып отыр. 
«Зерттеушілік қабілет», «зерттеушілік іс-əрекет» сөздердің мағыналы бір-бірімен тығыз байланысты. 
Негізге  алынатын  «зерттеушілік  қабілет»  болғандықтан,  қарастырылатын  мəселе  бастауыш  сынып 
оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамытуда ең алдымен «қабілет» сөзін психологиялық тұрғыда 
түсіндіру арқылы зерттеушілікпен байланыстыра сипаттаймыз. 
Қабілеттілік мəселесінің теориялық жəне практикалық негізін қалауда С.Л. Рубинштейн  еңбектері 
зор рөл атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, 
кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді.С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті 
нақты  бір  іс-əрекетке  икемділік  деп  түсіндіреді.Оның  айтуы  бойынша  қабілеттілік  -  жаңа  бір  іс-
əрекетті  жеңіл  меңгеруімен,  сонымен  қатар  индивидтің  бір  іс-əрекеттен  екінші  бір  əрекетке  көшуі 
мен  қабылдау  тəсілдерін  терең  меңгере  алуы.  Оның  айтуы  бойынша  қабілеттің  негізі  -  туа  біткен 
нышан, тұқым қуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке ми аппараттарының 
анатомиялық-физологиялық  ерекшелігі  болып  табылады.  Осыған  орай  ғалым  қабілет  нышандардың 
негізінде  дами  отырып,  нышанның  өз  бетінше  функциялануы  емес  тек  дамудың  негізгі  кезеңі  алғы 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
253
 
шарты  деп  жазды.  С.Л.  Рубинштейн  іс-əрекет  барысында  қабілет  пен  ептіліктің  өзара  байланысы 
ерекше роль атқаратынын айтады [2]. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске сала 
отырып, бір жағынан ептілік, білім тағы басқа меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалып-
тасуы сол іс-əрекеттердің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы  іске асатындығын түсіндіреді. 
Б.М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. 
Б.М. Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден 
қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерек-
шелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек 
қандай да бір немесе бірнеше іс-əрекетті орындау барысында нəтижесі табысқа сəйкес жететін ерек-
шеліктерді,  қабілет  деп  атауға  болады;  үшіншіден,  «қабілет»  түсінігі адамда  бар білім, ептілік  жəне 
дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға 
болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті,- деп санайды [3]. 
Ақпараттық  технологияны  бастауыш  сыныпта  қолдану  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын 
арттырады;  оқушылардың  компьютерде  бірлесіп  жұмыс  істеулері  оларды  өзара  қарым-қатынас  жасап, 
бір-бірімен  ақылдасып  барып  əрекет  жасауға  үйретеді;  компьютерде  оқушылардың  өзіндік  жұмыс 
жасауы  олардың  шығармашылық,  зерттеушілік  сияқты  ең  қажетті  қабілеттерінің  көрініп,  шыңдала 
түсуіне көмектеседі. Ал психологиялық тұрғыдан ақпарттық технологияны мектепте қолдану əсіресе 
бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құмарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық 
ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді. 
Б.Г.  Ананьев  қабілет  мəселесін  жетілдіре  отырып,  қабілет  тек  индивидтің  белсенді  іс-əрекетінде 
қоғамдық  тəжірибені  меңгерудегі  психологиялық  аспектісі  ретінде  ғана  көрсетпей,  сонымен  қатар 
психологиялық  құрылым  ретінде  жеке  адамның  қабілетке  байланысын  көрсетеді.  Оның  айтуы 
бойынша,  қабілеттілік  -  ақылдың  шығармашылық  дамуының  көрінуі.  Тек  білімдердің  жинақталуы, 
əрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық əрекет құра алуы 
деп көрсетеді [4]. 
М.  Мұқановтың  пайымдауынша,  баланы  оқуға  итермелейтін  күш,  негізінде,  мынадай  екі  түрлі 
түрткіден  құралады:  бірінші  –  сыртқы  түрткіден,  бұл  жағдайда  бала  өзгелерден  сескенетіндігінен 
оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін 
аман  сақтап  қалудың  амалы  деп  түсіну  керек.  Екіншіден  –  оқуға  іштей  талпыну  түрткісі  –  баланың 
өзінің  ықыласымен  сан  алуан  құбылыстардың  өзіне  тəн  сырларын  білуге  ұмтылуынан  болады          
[5, Б.47]. Баланың айналасындағы адамдар қарым-қатынасына, танымдық əрекеттеріне итермелейтін 
ішкі күштері мотив мəселесінің екі қырын белгілейді. Оның бірі – оқушы белсенділігін өзі меңгеретін 
объектіге  бағыттайтын  танымдық  мотивтер  де,  екіншісі  –  оқушы  белсенділігін  басқа  адамдармен 
қатынасына  негізделген,  əрекет  нəтижесіне  бағытталған  əлеуметтік  мотивтер.  Зерттеу  мəселеміздің 
психологиялық  негізі  болып  табылатын  оқыту  үдерісінің  субъектілік  қарым-қатынасы  біз  үшін 
маңызды болмақ. 
Қабілеттерді  қарастырудағы  айырмашылыққа  қарамастан,  əрбір  жеке  жағдайда  қабілеттер  «қасиет», 
«қатынас» ретінде анықталуы қабілеттерді зерттеу жəне диагностикалау əдістеріне шектеулер қояды.  
Зерттеушілік қабілет сапаларының толық жиынтығы: ақыл-ой белсенділігі; тез үйрену жылдамдығы; 
шығармашылық  жəне  көркемөнерлік;  нақты  практикалық  іс-əрекетті  орындауға  қажетті  білім  алуға 
тырысушылық;  талпынушылық;  тапсырмаларды  таңдауда  жəне  оларды  шешудегі  қабілеттік;  өзді-
гінен орындаушылық; еңбексүйгіштік; əртүрлі жəне ұқсас құбылыстардан жалпы жəне негізгі нəрсе-
лерді көре білу т.б. жатады. 
Бастауыш мектеп оқушыларының өзінде жеке даралық қызығушылығы мен зерттеушілік қабілеттері 
болады. Оқыту барысында еңбектің əртүрін енгізіп, зерттеушіліктің көрінулерін мадақтап  отыру қажет. 
Осындай  əртүрлі  жұмыстар  өз  күштерін  жан-жақты  сынап  көру  –  əрбір  оқушының  жеке  даралық 
зерттеушілік  қабілеттерінің  көрінуіне,  дамудың  қолайлы  жағдайларын  қамтамасыз  ету,  оқыту 
үдерісін оқушылар үшін қызықты етуге негіз болады. 
Оқушылардың  жалпы  зерттеушілік  қабілеттерінің  құрамдас  компоненттерін  анықтауға  бағытталған 
еңбектерге  тоқтасақ,  оқушылардың  зерттеушілік  қабілеттерінің  негізгі  компоненттеріне  мыналар 
жатады: 
1. іс-əрекет барысында оқушы жақсы нəтижеге жетіп, зерттеушілік қабілетін дамыту үшін, алдымен, 
осы іс-əрекет пен қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет