Түйін сөздер: сапалық қасиеттер, жеке тұлға, орта, қоғамдық қатынас.
Қоғамның пайда болу жолында негізгі рөл адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат
өзінің отбасынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын, жоғары рухани
құндылығы басым жеке тұлға болып отыр. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете
отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсіндірудің басты ерекшелігі, қоғамдық қатынастар мен байланыстар.
Қоғамдық қатынастар негізінен екі түрге, яғни материалдық жəне идеалогиялық қатынастар болып
бөлінеді. Материалдық қатынастарға табиғат жəне оның қазына байлықтарын адам арқылы өңдеп,
қоғам өміріне пайдалану жолдары жатады. Ал идеологиялық қатынастың негізгі мəселесі - адамды адам
арқылы тəрбиелеу, жетілдіру іс-əрекеттері болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Білім
берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кəсіби дағ-
дыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны
қалыптастыру», - делінген [1, 1].
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 276