Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
284
паразитарлық аурулар, психикалық ауытқулар, қимыл, тамақтану жəне зат алмасудағы ауытқулар
сияқты көптеген ауру түрлеріен емдейді.Шипажайға жолдама бағалары тəулігіне 5000-25500 теңге
аралығында болып табылады. Емдеу барысында шипажайларда балшықпен емдеу, минералды
ванналар, емдік душ, су астында омыртқаны созу, ішек пен өт жолдарын тазалау, фитотерапия,
массаж, қанды тазалау, сүлікпен емдеу, инемен емдеу, психотерапия, жарықпен емдеу, биоптрон,
ингаляция, оттегі-озон терапиясы, тұз шахтасы, мануалды терапия, емдік дене шынықтыру,
диетотерапия жəне қымбат шетелдік құрылғыларда диагностика мен ем жасаудың басқа да жаңа
əдістері қолданылады [2], [3], [4], [5], [6].
Алматы облысы тұрғындары арасында сауалнама жүргізу барысында жауап берушілер арасында
Алматы облысының Жаркент-Арасан, Текелі жəне Қаратал шипажайлары аса сұранысқа ие екені
белгілі болды.
Шипажайлық-курорттық қызметтердің аймақтық нарығын жетілдіру жəне демалушылардың
қажеттіліктерін анықтау мақсатында Алматы облысының 5 шипажайлық-курорттық мекемелерінде
əлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеулер«Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешенінде,
«Керімағаш» жəне «Ақ бұлақ» шипажайларында, «Қаратал» жəне «Текелі» шипажай-профилакторилерінде,
«Алакөл-Арасан» емдік-сауықтыру орталығында жүргізілді. Демалушылар арасында жүргізілген арнайы
сауалнама нəтижесінде олардың 60%-ын əйелдер, 40%-ын ер адамдар құрайтыны анықталды. Жас
ерекшеліктеріне келетін болсақ, 25 жасқа дейінгі адамдар 2,6% құрайды, 26 мен 35 жас арасын-
дағылар - 8%, 36-45 жас арасындағылар - 5,4% , 46-55 жас арасындағылар - 21%, жасы 55-тен жоғары
адамдар 63% құрайды.74% жауап берушілердің отбасылары бар, 26% үйленбеген немесе тұрмыс
құрмаған. Қызмет атқаратын саласын қарастыратын болсақ, 15,8% жауап берушілер мемлекеттік
мекемелерде қызмет атқарады, 15,7% жеке секторда жұмыс істейді, жауап берушілердің 13,2%-ын
жұмыссыздар мен үй шаруасындағы əйелдер құрайды, 2,6% оқушылар мен студенттер жəне 52,7%
зейнеткерлер болып табылады. Осыдан көріп отырғанымыздай, шипажайларда демалушылардың көп
бөлігін жасы 55-тен жоғары, зейнеткер, отбасылы, əйел адамдар құрайды. Орташа айлық табыстары
жауап берушілердің 79%-ын да 20000-100000 теңге аралығында болып табылады. 7,9% демалушы-
лардың орташа айлық табыстары 20000 теңгеден төмен, тек қана 13,1% жауап берушілердің айлық
табысы 100000 теңгеден астам соманы құрайды.
Шипажайлық-курорттық мекемелерде демалудың жиілігіне қатысты 44,7% жауап берушілер жыл
сайын демалатынын, 26,3% мұндай мекемелерге алғаш келгенін, 5,3% демалушылар шипажайларға
жылына 2 рет келетінін жеткізді, қалған жауап берушілер 2-5 жылда мүмкіндік туған жағдайда ғана
демалатынын атап өтті. 36,8% жауап берушілер жаз мезгілінде, 47,3% күзде демалғанды қалайтынын
білдірді, қалғандары үшін жылдың қай мезгілінде демалу маңызды емес. Демалушылардың 65,8%
бөлігі шипажайлық-курорттық мекемелерге жолдаманы 10 күнге жəне 28,9%-ы 15 күнге алғанды
қалайтынын жеткізді. Шипажайлық-курорттық мекемелердегі демалушылардың 52,5% бөлігінің
негізгі мақсаты емделу, денсаулықты нығайту болса, 47,2% демалушы емделу мен демалуды үйлес-
тіруді қалайды.
Шипажайды таңдаудағы себептерге байланысты демалушылардың көзқарастары бөлінді. 1-суретте
шипажайлық-курорттық мекемені таңдаудағы демалушылардың негізгі себептері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: