Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет424/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   464
Сурет 1. Шипажайлық-курорттық мекемені таңдаудағы демалушылардың негізгі себептері 
Ескерту: Зерттеу негізінде автормен құрастырылды
 
31%
34%
20%
9%
3% 3%
медициналық қызметтің жоғарғы сапасы - 31%
  шипажайдың қолайлы орналасуы - 34%
минералды ресурстар мен 
  ұсынылатын 
қызметтердің кең ауқымы - 20%
төмен бағалар, кəсіподақ жолдамалары - 9%
  шипажайдың имиджі - 3%
өзге себептер - 3% 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
285
 
Диаграммадан  көріп  отырғанымыздай,  шипажайлық-курорттық  мекемені  таңдау  барысында  адамдар 
ең алдымен медициналық қызметтің жоғарғы сапасы мен шипажайдың қолайлы орналасуын ескереді. 
Келесі  себептерге  минералды ресурстардың  болуы  мен  ұсынылатын қызметтердің  кең ауқымы жат-
қызылды. Шипажайлық-курорттық мекемені таңдау кезінде жолдама бағасы да үлкен əсер етеді. 92% 
жауап  берушілердің  пікірінше,  шипажайға  жолдаманың  бағасы  оларды  қанағаттандырады,  себебі 
Алматы  облысының  шипажайлық-курорттық  мекемелеріндегі  жолдаманың  орташа  бағасы  Алматы 
қаласының  шипажайларына  қарағанда  төменірек  болып  табылады.  Жауап  берушілердің  арасында 
жолдаманы  кəсіподақтардан  арзандатылған  бағамен  алғандар  аз  болмады.  Көптеген  мемлекеттік 
мекемелердің кəсіподақтары жергілікті шипажайлардан жолдамаларды толық бағамен сатып алып, өз 
қызметкерлеріне  жеңілдетілген  бағамен  ұсынады.  Бұл  шаралар,  бір  жағынан  аймақта  шипажайлық-
курорттық  саланың  дамуына  септігін  тигізсе,  екінші  жағынан  жергілікті  халықтың  денсаулығы  мен 
өмір сүру жағдайының жақсаруына алып келеді. 
89% демалушылар осы шипажайларға болашақта қайта демалуға келетінін жəне 79% жауап беру-
шілер өз таныстарына осы шипажайлық-курорттық мекемелерге келуді ұсынатынын білдірді. 
Зерттеудің  келесі  бөлімінде  əлеуметтік  сауалнама  арқылы  Алматы  облысының  шипажайлық-
курорттық мекемелерінде ұсынылатын қызметтердің сапасына баға берілді. Ол үшін əр демалушыға 
шипажайда  көрсетілетін  қызметтердің  сапасын  5-баллдық  жүйемен  бағалау  ұсынылды.  Сауалнама 
нəтижелері 2-суретте диаграмма түрінде көрініс тапқан. 
 
 
Сурет 2. Шипажайда көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау 
Ескерту: Зерттеу негізінде автормен құрастырылған
 
 
Демалушылардың  бағалауы  бойынша,  Алматы  облысының  шипажайлық-курорттық  мекемеле-
рінде ең алдымен медициналық қызметтердің сапасы мен тамақтандыруды ұйымдастыру қанағаттан-
дырады. Мəдени-бұқаралық шараларға, емдік дене шынықтыруға жəне ағартушылық жұмысына ең аз 
балл  сəйкес  келді.  Бұл  отандық  шипажайлық-курорттық  мекемелердің  қызметіне  мəдени-бұқаралық 
шараларға ерекше көңіл бөлетін шетелдік курорттардың тəжірибелерін ендіру қажет деген мағынаны 
білдіреді. 
Төменде Алматы облысының шипажайлық-курорттық мекемелерінің қызметін жетілдіру бойынша 
демалушылардың  ұсыныстары  келтірілген.  55-75%  жауап  берушілердің  пікірінше,  шипажайларда 
тіркеу  үрдісін  жылдамдату  қажет,  медициналық  персонал  көбірек  сыпайылық  танытуы  керек, 
сонымен  қатар  мəдени-бұқаралық  шаралардың  бағдарламасын  барынша    толықтырып,  əр  демалушыға 
4,5
4,4
4,6
4,5
4,7
3,8
3,6
Қарсы алудың 
ұйымдастырылуы, ті
ркеу
Орналастыру
Медициналық 
қызмет көрсету
Тұрмыстық қызмет 
көрсету
Тамақтандыруды 
ұйымдастыру
Мəдени-бұқаралық 
қызмет көрсету
Ағарту жұмыстары
максималды көрсеткіш
Алматы облысының шипажайлық-курорттық мекемелерінің көрсеткіштері 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
286
 
жеке  көңіл  бөлу  қажет.  Демалушылар  медициналық  персоналға  əр  түрлі  ауру  түрлерінің  алдын  алу 
жəне  шипажайлық  ем  барысында  пайдаланылатын  табиғи  минералдық  ресурстардың  пайдалылығы 
туралы ағартушылық жұмыс жүргізуді ұсынады.
 
Қорытындылай келе, шипажайлық-курорттық мекемелерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту, 
Алматы  қаласы  мен  облысының  туроператорларымен  тығыз  байланыс  орнату,  емдеу  мен  қалпына 
келтіру бойынша арнайы бағдарламалар қалыптастыру қажет екендігін атап өткен жөн. Барлық шипа-
жайлық-курорттық  мекемелерге  өз  инфрақұрылымын  демалушылар  үшін  максималды  ыңғайлы етіп 
қалыптастыруы қажет. Осы жəне көптеген басқа да шаралар демалушылардың шипажайларда немесе 
демалыс үйлерінде өткізетін уақытын ұзарта түсуге жəне жаңа туристерді тартуға мүмкіндік береді. 
 
1  Алматы  облысының  туризмін  дамытудың  мастер-жоспары.  –  Алматы  облысының  Туризм  басқарма-
сының сайты. – Электронды ресурс. – http://turizm-zhetysu.gov.kz/?p=317 
2 «Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешенінің сайты. – Электронды ресурс. –  
http://www.zharkent-arasan.kz/ 
3 «Керімағаш» шипажайының сайты. – Электронды ресурс. – http://www.kerimagash.kz/ 
4 «Қаратал» шипажай-профилакториініңсайты.  – Электронды ресурс. –http://www.sanatori-karatal.kz/ 
5 «Текелі» шипажай-профилакториініңсайты.  – Электронды ресурс. –http://www.proftekeli.ru/ 
6 «Ақ бұлақ» шипажайының сайты. – Электронды ресурс. –http://www.sanatoryakbulak.kz/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет