Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет62/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   464
Түйін сөздер: кедергісіз орта,инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі жандар. 
 
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға теңдей жағдай құру арқылы қоғаммен біріктіруде жоғары білім 
алу  үшін  "ҚР  мүгедектерді  əлеуметтік  қорғау  жайында  заңмен"  заң  жүзінде  бекітілген.  Елімізде 
заңнамалық деңгейде мүгедектердің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қоғамдық ортаға бейімделуі 
үшін  белсенді  түрде  əрекеттер  жасалып  жатыр.  «Мүгедектерді  əлеуметтік  қорғау»  заңында  саналы 
түрде бейімделу мағынасы бойынша ұқсас «өзін-өзі күту, өз бетінше өмір сүруге қол жеткізу немесе 
мүгедектерді  отбасылық  жəне  қоғамдық  өмірдің  қалыпты  жағдайларына  қайтару  үрдісі»  ретінде 
əлеуметтік-тұрмыстық  жəне  ортаға  бейімделу  түсінігі  қарастырылған  [1].  Мүгедек  адамдардың  жо-
ғарғы  оқу  орнында  (ЖОО)  білім  алу  үшін  мемлекеттік  гранттың  жалпы  санынан  жыл  сайын  1% 
жеңілдіктер  беріледі.  Ресей,  Бразилия,  Франция,  Италия  сияқты  шетелдік  ЖОО-дың  тəжірибелерін 
меңгеру Қазақстанда да инклюзивті білім беру жұмыстарын ЖОО-да іске асыруға көмектесуде. 
Қазақстанда  білім  берудің  барлық  жүйесінің  модернизациясы,  соның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі 
адамдарға арнайы (коррекциялы) білім беру сөзсіз басымды жəне гуманистік бағыт болып табылады. 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Даму  Бағдарламасының  (БҰҰДБ)  2009  жылғы  Адами  ресурстарды 
дамыту  жөніндегі  Ұлттық  есеп  деректеріне  сəйкес  Қазақстан  Республикасында  563  мың  мүмкіндігі 
шектеулі жандар өмір сүріп жатыр, соның ішінде 20 мыңнан астамын əйелдер жəне 50 мыңын бала-
лар  құрайды.  Дамыған  елдерде  қоғамдағы  мүмкіншілігі  шектеулі  жандар  барлық  өмір  саласына 
белсене қатысады [2]. 
Тəуелсіздік  жылдарында  Қазақстанда  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  білім  алуына  теңдей  құқылы 
кепілдік  беретін  нормативтік-құқықтық  база  қалыптасты.  Бұл  кепілдіктер  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясында [3], «Қазақстан Республикасындағы баланың құқы туралы»заңда, «Білім беру туралы» 
заңда,  «Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді  əлеуметтік  қорғау  туралы»  заңда  [4],  «Арнайы 
əлеуметтік қызмет көрсету туралы» заңдарда енгізілген. [5].  
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еңбек ету нарығында сəтті бəсекелестік пен кəсібилендірудегі 
маңызды  жағдай  олардың  арнайы  орташа  жəне  жоғары  кəсіптік  білім  алу  мүмкіндігі  болып  табы-
лады. 
Елімізде мүгедектігі бар тұлғалардың саны жылдан жылға артып келеді. Сондықтан да мемлекет 
пен қоғамның алдында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру, əлеуметтік жəне кешенді медици-
налық  қызмет  көрсетуде  инфрақұрылымды,  басқару  механизмін  жəне  қаржыландыруды,  кадрлық 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
32
 
жəне  материалдық-техникамен  қамтамасыз  ету  жүйесін  құру  қажеттігі  туындауда.  Сондай-ақ,  тұтас 
көпқұрылымды  кедергісіз  ортаныңқұрылуы  мен  қызмет  жасауы  инклюзивті  білім  беру  процесінің 
дамуына тікелей септігін тигізеді. Сонымен қатар,инклюзивті қоғамды орнату ерекшеліктері туралы 
насихаттау-профилактикалық  денсаулықты  сақтау  жұмыстарын  жүргізу  де  маңызды  бағыт  болып 
табылады. 
Мəселе,Республика бойыншаЖОО-ғы мүгедек жандардың теңдей білім алуына қандай жағдайлар 
қажет  екендігін  білу  жəне  ол  жағдайлардың  сапалық  деңгейін  анықтау  маңызды  жұмыс  болып 
табылады.  
ЖОО-да  мүгедектігі  бар  тұлғаның  білім  алуында  пандустардың  ғана  болуы  жеткіліксіз.  Қазіргі 
заманғы архитектуралық қолжетімділікті енгізу, арнайы техникалық жəне программалық қамтамасыз 
етумен  жабдықтау,  мүгедектік  түрлеріне  қарай  білім  беру  программасы  мен  əдістемесін  құрастыру, 
спорттық жəне мəдени ортаны бейімдеуді енгізу қажеттігі туындайды. 
ЖОО-да  кедергісіз  ортаны  құрудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  оларға  маңызды  проблемалардың 
бірі  кадрлық  қамтамасыз  ету,  инклюзияны  іске  асыруға  қатысатын  жалпымəдени,  психология-
педагогикалық, техникалық жəне кəсіби мамандарды дайындау өзекті болып табылады. 
Жоғары оқу орындары денсаулығында белгілі ауытқулары бар студенттердің білім алуына немесе 
ауру  түрлеріне  қарай  оқу-тəрбие  жұмыстарын  ұйымдастырады.  Мысалы,  Мəскеу  қаласындағы  Бауман 
атындағы  Мəскеу  мемлекеттік  техникалық  университетінде  мүгедектігі  бар  студенттердің  сапалы 
білім  алуына  барлық  жағдай  жасалған.  «Кедергісіз  ортаны»  құру  жұмыстарына  сəйкес  оқу  (жұмыс) 
орындары,  подъездер,  жарақтандыру,  техникалық  жарақтандыру  сол  мекемеде  білім  алатын  немесе 
алдағы уақытта білім алатын мүгедектер контингентіне сай жабдықталған [6]. Əлеуметтік бейімделу 
орта  ЖОО  ғана  емес,  сондай-ақ,  аумақтан  тыс  жерлерде  болуы  тиіс.ЖОО-да  оқу  материалдарының 
дəстүрлі  формасынан  басқа  (дəрістер,  семинарлар,  коллоквиумдар  т.б.)  заманауи  ақпараттық  жəне 
байланыс технологиялары қарастырылуы жұмыстың нəтижелі болуын жақсартады. 
Білім  беру  саласындағы  қызметкерлер  мүмкіндігі  шектеулі  студенттердің  мүгедектігін  ескере 
отырып,  олардың  сезу  мүшелеріне  əсер  ететін  оқу  материалдарын  ұсыну  қажет.  Мысалы,  құлағы 
керең студенттерге көбінесе көрсету мен тактильді əдістерін қолданса, көзі нашар көретіндерге төмен 
аудио дыбысты немесе телетакторларды, компьютерге қосымша құралдарды жəне басқа да ақпарат-
тық технологияларды пайдаланған жөн. Демек, ЖОО-да барлық заманауи білім беру технологиялары 
болуы тиіс жəне оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру қажет. 
Инклюзивті  білім  беру  негізінде  тəжірибесі  бар  ЖОО-ры  келесі  əдістерді  пайдаланады:  а)  мүгедектігі 
бар  білім  алушыларды  «топтағы  басқа  оқушылар  деңгейі  ретінде»  қабылдау;  б)  ол  топтағыларға 
міндет қою барысында дəл сондай іс-əрекетке қатыстыру; в) топтық шешім қабылдауда жəне бірлесіп 
жұмыс жасауда қатыстыру; г) манипуляциялар, ойындар, жобалар, зертхана, далалық зерттеулер сияқты 
белсенді  стратегияларды пайдалануға  тарту; д)  дене  тəрбиесі,  спорт жаттығу-ларына  белсенді  қаты-
суларына жол ашу. 
ЖОО-да  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ету  үшін  сапалы,  қолжетімді 
білім  берумен  қатар,оларды  сəтті  əлеуметтендіру  жағдайының  болуын  қамтамасыз  ету  маңызды 
болып  табылады.  Мысалы,  ҚазҰУ-дың  мүгедек  студенттерімен  жұмыс  жасауға  «Сұңқар»,  дене 
шынықтыру жəне спорт кафедрасы жəне т.б. университет бөлімдері тартылған. əл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-гі мүмкіндігі шектеулі студенттерге көмек көрсету қызметі жəне «кедергісіз ортаны» қалып-
тастырумақсатында  университет  территориясындағы  мүгедектерге  жүріп-тұруына  арналған  мүмкін-
діктер  анықталды.  ҚазҰУ-де  «Кедергісіз  ортаны»  құру  бойынша  төмендегідей  нəтижелер  алынды: 
пандустар  университеттің  кітапханасында,  №1  физика-техникалық  факультеттің,  №13  химия  жəне 
химиялық  технологиялар  факультетінің,  №15  журналистика  факультетінің  жатақханаларында,  бас 
ғимаратқа кіретін алаңда (ректорат), химия жəне химиялық технологиялар факультеттері, механика-
математикалық жəне физика-техникалық факультеттердің оқу корпустарына баратын орталық басты 
жолдарда,  химия  жəне  химиялық  факульеттің,  механика-математикалық  факультеттің  үлкен  залда-
рына  кіретін  алаңда, сонымен  қатар,  Қарасай батыр  көшесінде орналасқан  халықаралық  қатынастар 
мен  шығыстану  факультеттерінің  оқу  корпустары  мен  сол  факультеттердің  №14  жатақханаларында 
пандустар  салынған.  Мүгедек  жандардың  көліктерін  қоюға  арналған  авто  тұрақ  алаңдары:  спорт 
кешен  мен  химия  жəне  химиялық  технологиялар,  механика-математикалық  факультеттерінің  алдында 
арнайы  белгілермен  орындар  жабдықталған.  №15  журналистика,  №16  экономика  жəне  бизнес  жоғарғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет