Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
34
1. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін заманауи ақпараттық-техникалық шешімдерді, соның
ішінде жеке жəне ұжымдық пайдалануға FM-жүйесі, акустикалық, ақпараттық-индукциялық жүйе-
лер, нашар көретін студенттерге компьютерлік Брайльдік кешен, электронды бейнеүлкейткіштер,
аудио оқу құралын тыңдаушыларға арналған құрылғыларды, сөйлеу синтезатор-программасы бар
жəне басқа да оқу ақпараттарын қабылдау-тапсырудың техникалық құралдарымен жабдықтау;
2. Арнайы программамен қамтылған мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген компьютерлік
техниканы қолдану;
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ЖОО-ның ресми сайтына бейімдеу. Сайтқа тиісті бөлімді
қосу;
4. Университетте «Қашықтықтан оқыту» негізінде жоғары білім беруді ұсыну:
- қашықтықтан оқыту мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
- бейімделген мүгедектер үшін арнайы оқу программасымен қамтамасыз ету;
- қашықтықтан оқыту мүмкіндігімен қамтамасыз ету (қашықтықтан оқыту үшін электронды ОƏК,
электронды оқулықтар жəне т.б.)
- арнайы автоматтандырылған жұмыс орны (жеке компьютер, сканерден өткізетін құрылғы)
5. Кітапхана барлық санаттағы білім алушылардың оқу программасында берілген негізгі əде-
биеттерді қамтитын ғылыми электронды жəне білім беру ресурстарын пайдалануды қамтамасыз етеді
[7].
6. Тамақтану орталықтары үшін мүгедек студенттерге кезекте ұзақ уақыт күтпес үшін арнайы
белгісі бар орынды (үстел, орындық) белгілеу.
ЖОО кəсіби білім беру міндеттеріне негізделе отырып, мүмкіндігі шектеулі студенттерге
«кедергісіз ортаны құру» сапалы білім беруді арттырады, мүгедектігі бар студенттердің қоғамның
əлеуметтік-мəдени ортасына қалыптасуын жеделдетеді жəне дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын
тиімді қолдану арқылы мүгедек жандардыңденсаулығын жетілдіру, спортпен шұғылдануына жол
ашылады.
ЖОО-да білім алу барысында түрлі мамандықтағы студенттерге инклюзивті білім берудің ерек-
шелігі мен оның мақсаттылығы жайында ақпаратты университеттің барлық ұжымына таныстыру
жəне игерту керектігі туындайды. Түпкі мақсат ЖОО-да инклюзивті білім беруден, инклюзивті
қоғамға айналу көзделеді. Бұл істің қазіргі кезде өзекті жəне уақытылы екендігі айқын.
Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқитын студент-
тердің инклюзивті білім алуларыүшін «кедергісіз ортаны» қалыптастыру мақсатында университет
тарапынан көптеген жұмыстар атқарылған. Оның ішінде мүгедек студенттердің жүріп-тұруларына
жəне аудиторияларға, жатақханаларға, кітапханаларға кіріп-шығуына арналған жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, университетте мүмкіндігі щектеулі студенттердің инклюзивті білім алулары бары-
сында шешуге қажетті мəселелердің бар екені айқындалып отыр, оларға:
- мүгедек студенттердің барлығы өздерінің денсаулық жағдайларын дене-шынықтыру жəне спорт
арқылы жақсартуға ынталы екені анықталды;
- университетте «кедергісіз ортаның» мақсаттарына сай оқытушы-профессорлық құрамның жəне
студенттер контингентінің мүгедек студенттермен толерантты қарым-қатынасқа дайындықтарын
арттыру жұмыстарын қолға алу қажеттілігі туындап отыр;
- университетте дене шынықтыру сабағымен шұғылдану үшін мүгедек студенттерге арналған
арнайы құрал-жабдықтары бар залды жабдықтау;
- университеттің оқытушылары үшін мүгедек жандармен жұмыс жасау əдістемелерін меңгертудің
арнайы курстарын ұйымдастыру қажеттігі айқындалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: