Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
31
УДК: 378.145
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖƏНЕ МҮГЕДЕК
СТУДЕНТТЕР ҮШІН «КЕДЕРГІСІЗ ОРТАНЫ» ҚҰРУДЫҢ РӨЛІ
Испамбетова Г.А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 6D010800- Дене шынықтыру жəне спорт мамандығының
2 курс докторанты, isp_gcap@mail.ru
Алимханов Е.А. – п.ғ.д., əл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру жəне спорт кафедрасының
профессоры el-2050@mail.ru
Сабырбекова Л.А.
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру жəне спорт кафедрасының оқытушысы,
arm.star@mail.ru
Үсейн Е.М. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру жəне спорт кафедрасының оқытушысы,
epok1990@mail.ru
Мақала жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру жағдайындағы «кедергісіз ортаны» құрудың мəсе-
лелерін қарастыруға арналған. Қазіргі таңда жоғары білім беру мекемелері алдында «кедергісіз ортаны» жүйелі
ұйымдастыру арқылы мүгедектігі бар (мүмкіндігі шектеулі) студенттер үшін кəсіптік білім беру сапасын
арттыруға мүмкіндік береді. Осы уақытта бұл тақырып қазіргі заманғы қоғамның негізгі идеяларының бірін
құрайтын толеранттылық жəне теңдік ұғымдар шеңберінде қарастырылатын ерекше өзектілікті алды. Мақалада
қоғам өміріне белсене қатысатын жəне кəсіби білім алатын мүгедектігі бар барлық адамдар үшін инклюзивті
білім беру кеңістігін құру жағдайы мен жолдары жайында айтылады. Қолжетімді «кедергісіз ортаны» құру
бойынша əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тəжірибесі ұсынылған. «Кедергісіз ортаны»
қамтамасыз ету үшін əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу корпустары, жатақханалары,
кітапханалары, асханалар жəне арнайы автотұрақтарының мүмкіндіктері мен қолжетімділігі зерттелген. Ден-
саулығы шектеулі студенттердің дене шынықтыру жəне спорт сабақтары үшін мүмкіндіктері, сондай-ақ, спорт
залдар мен алаңдардың жағдайы зерттелген.
Достарыңызбен бөлісу: