Теориядан қысқаша мағлұматтар. Electronics Workbench программасын пайдалану үшін жəне модельдеу мүмкіндіктерін анықтау үшін
мəзірлер жүйесін жəне олардың командаларын қарастырайық. Electronics Workbench программасы
стандартты Windows интерфейсын пайдаланады, бірақ оның кейбір мəзірлерімен командаларының
осы программада істелетін мəселелердің сипатына сəйкесті ерекшеліктері бар. Electronics Workbench программасы терезесінде мəзірлер алаңы мен аспап құралдары, бөлікте-
мелер жəне өлшеу-бақылау аспаптар қорларының алқаптары орналасқан. Терезенің жұмыс алңында
өлшеу-бақылау аспаптарының суреттеме кескіндері жалғанған модельденуші схемамен ағылшын
тілінде оның қысқаша суреттемесі (Discription) орындалады. Жұмыс терезесіндегі əрбір аспапты оның
жұмыс режимін қою үшін жəне ол арқылы зерттеу нəтижелерін көру үшін, жайылған түріне келтіруге
болады. Күрделілігі əртүрлі электрондық тізбектердің схемаларын құру үшін жəне оларда қажетті
өлшеулер жүргізу үшін Electronics Workbench программасында, тектес токтарға біріктірілген, бөлік-
темелердің жинақтары пайдаланылады. Схема құруға қажетті бөліктеме белгісі жинақтан жұмыс алаңына
сол жақ түймесі басылған жүгіртпекпен сүйретіліп шығарылады, одан кейін түйме босатылады да,
бөліктеме белгісі екі рет сыртылдатылады. Бөліктеменің ашылған қасиеті диалогының Value тарауында
қажетті параметрлер қойылады да, таңдалым ОК түймешегін немесе ЕNTER түймесін басу арқылы
расталады.
Electronics Workbench бағдарламасын пайдалана отырып логикалық функцияларды зерттеуді
қарастырайық. Электронды есептеу машиналарының, цифрлы өлшеуіш аспаптарының, өндрістік автоматты қон-
дырғылардың негізінде логикалық элеметтер деп аталатын қарапайым тізбектер жатады.