Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
127
Радиоэлектрониканы толық игеруде білім алушылардың алған теориялық білімін тəжірибеде
тексеруге мүмкіндік беретін жақсы эксперименттік негіз болғаны дұрыс. Радиоэлектрониканы оқуға
арналған эксперименттік негіз ретінде, эксперимент жүргізуге кең мүмкіндік беретін Electronics
Workbench программасы қызмет атқара алады. Бұл программа күрделілігі əр түрлі схемалар жинақ-
тауға, барлық қажетті бөліктемелерін (транзисторлардың, операциялық күшейткіштердің, аналогты
жəне цифрлық түрлендіргіштердің жəне тағы басқаларының идеалды да, іс жүзіндегі модельдерін де)
жəне өлшеу-бақылау аспап-құралдарының түр-түрімен (генераторлар, жадылы осциллограф, тал-
дауыштар жəне т.б.) қамтамасыз етеді. Бұған қоса құрылған схемаға жан-жақты талдау (жұмыс
нүктесін анықтау, спектралдық талдау, сезімталдық талдау жəне т.б.) жүргізуге мүмкіндік береді.
Схеманың əр түрлі бөліктемелерінде жасырын бұзылыстар (үзілуін, тура тұйықталуын) жасау
мүмкіншілігі де схема ақаулығын іздеп табу дағдысын дамытуға бағытталған.
Жұмыстың мақсаты бойынша логикалық схемаларды зерттеу, сонымен бірге логикалық элемент-
тердің көмегімен логикалық
функцияларды орындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: