ƏОК 378:371.13
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТІН ЛОГИКАЛЫҚ СҰЛБАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Абыканова Б.Т. – п.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доцент м.а.,
bakitgul@list.ru Желдыбаева Б.С. –п.ғ.к., Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті, физика кафедрасының доцент м.а., balgun@mail.ru
Сырбаева Ш.Ж. – п.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доцент м.а.,
Syrbaeva@bk.ru Мақалада «Физика» мамандығы бойынша оқитын білім алушылардың танымдық əрекеттерін қалыптастыру
мəселесі өзекті екеніне назар аударып, физиканы оқытуда сұлбалар арқылы логикалық функцияларды орындау
негізінде студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру əдістері қарастырылған. Болашақ физика мұға-
лімдерін даярлауда осындай зертханалық жұмыстар логикалық ойлауын арттырып қана қоймай, жан-жақты
дамуына септігін тигізетінін зерделеген. Зертханалық тапсырмалар жəне олардың əдістемесі мен базалық
логикалық элементтерді қолдану мазмұнының нəтижесі көрсетілген. Зертханалық тапсырмалар əдістемесі мен
мазмұнының нəтижесі көрсетілген. Зертханалық жұмысы Electronics Workbench бағдарламасы негізде орындалады.
Electronics Workbench бағдарламасын пайдалану жəне сонымен бірге модельдеу мүмкіндіктерін анықтау
үшін мəзірлер жүйесімен қоса алғанда олардың командалары қарастырылған. Electronics Workbench бағдар-
ламасы негізінде стандартты Windows интерфейсын пайдалану ұсынынылған, бірақ оның кейбір мəзірлерімен
командаларының осы бағдарламада орындалатын мəселелердің сипатына сəйкесті ерекшеліктері айқындалған.