Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет223/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер: жалпы жəне  бейорганикалық  химия ақпраттық–коммуникативтік технологиялар, білім беру, 
интернет желілер,бағдарламалар. 
 
Біздің  қоғамымыз  дамудың  жаңа  кезеңі  -  ақпараттық  кезеңге  толықтай  көшіп  келеді,  бұл  кезең, 
компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар 
оқытушы  қызметінің  барлық  саласына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына  айналып  отыр.  Қазіргі  кезде 
білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық – ком-
муникативтік  технологиялардың  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  əрі  талантты, 
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін 
де тигізер пайдасы аса мол [1]. 
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – білім алушы оқу мате-
риалдарын  толық  меңгеруі  үшін  оқу  материалдарының  практикалық  жағынан  тиімді  ұсынылуына 
мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту 
бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер білім  алушы 
үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нəтижелі болуы 
үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушы жəне білім алушы алдына қойған мақсатына жетуін 
жəне шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. 
Бүгінде білім беруді одан əрі ақпараттандырудың екінші кезеңі басталды, мұнда əрбір білім алушы 
ақпаратқа,  қазіргі  ақпараттық  технологияларға  назар  салып  қана  қоймай,  оны  тиімді  қолдана  білуі, 
интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс [2]. 
Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды қарқанды дамып отырған əлемге дайындау – бүгінгі күннің 
ең  негізгі  жəне  өзекті  мəселесі.  Осыған  орай  химия  курсында  қолдануға  болатын  тиімді  интернет 
желісі арқылы жұмыс атқаратын бағдарламаларға тоқталамыз. 
Бірінші ұсынатын веб сервис Prezi деп аталады. Ол бүгінде қолданып жүрген Power Point бағдар-
ламасына ұқсас оның жаңаша түрі. Оқытушылар үшін де, студенттер үшін де қолдануға тиімді. Дəріс, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
141
 
семинар сабақтарын слайд тəрізді етіп жасап, проектор көмегімен көрсетуге болады. Сонымен қатар,  
зертханалық тəжіриебелерді бейнекөрініспен  көрсетіп олардың жанында суреттер қойып екеуін бір 
бетте көрсетуге болады.  
Prezi – бұл тізбексіз құрылымда интерактивті мультимедиялық презентация құруға арналған веб-
сервис.  Prezi  сервисінде  масштабтау  (обьектілерді  үлкейту  жəне  кішірейту)  технологиясының  маңызы 
зор.  Веб  сервистің  интернет  адресі  www.prezi.com.  Бағдарламаның  басты  ерекшелігі  –  презента-
цияның  барлық  обьектілері  бір  бетте  орналасады  жəне  жеке  обьектілерге  динамикалық  масштаб 
арқылы қатынауға болады. Веб сервистің бірнеше нұсқасы бар: 
1. Публикалық – 100МБ 
2. Қолданушылық – 500 МБ 
3. Кəсіптік – 2000МБ 
4. Топтық – 2000МБ 
Бұл  нұсқалардың  басты  айырмашылықтарының  бірі  -  серверге  ақпарат  жүктеу  сыйымдылығына 
байланысты болып табылады. Көпшілікке арналған нұсқасы толықтай тегін. Ал қалған нұсқалары ақылы. 
Prezi интернет сервисімен жұмыс жасау үшін төмендегідей басты қадамдарды есте ұстау қажет: 
-
 
cайтқа тіркелу; 
-
 
жеке кабинетке кіру; 
-
 
жаңа презентация құру; 
-
 
орындаушының толық мүмкіндіктерін пайдалану; 
-
 
дайын презентацияны жүктеу; 
Дайын презентацияны компьютерге жүктеп, кезкелген компьютерде (интернетке қосылу маңызды 
емес) аша алады [3]. 
Келесі  веб  сервис  түрі  RealTimeBoard   –  бұл  шектеусіз  виртуалды  тақталар  құруға  арналған  веб 
сервис.  Бұл  сервис  əртүрлі  ақпарат  көздерін  (мəтін,  сурет,  схема,  график  жəне  т.б.  )  пайдаланып 
интернет тақта құруға мүмкіндік береді. Интернет сервистің веб сайты – www.realtimeboard.com. Веб 
бағдарламаның толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін, алдымен, сайтқа тіркелу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет