Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет224/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

RealTimeBoard тақтасы 
RealTimeBoard сервисінің көмегімен келесідей міндеттерді шешуге болады: 
1. Ақпаратты визуалды түрде көрсетуге өте ыңғайлы; 
2.  RealTimeBoard  сервисінде  бірнеше  қолданушы  бірігіп  жұмыс  жасай  алады.  Мини-чат  (хабарлама 
қалдыру) көмегімен жарнама модулдерді, интерфейстерді талқылап пікір алмасуға болады; 
3. Google Drive қызметі құжаттармен жұмыс жасауға көмектеседі; 
4.  Сервисте  шаблондар  жинағы  бар.  Сонымен  қатар,  виртуалды  стикерлер  мен  автофигуралар 
кітапханасы тақтаның мүмкіндігін кеңейте түседі; 
5. Дайын интернет тақтаны сурет немесе PDF файл ретінде сақтауға болады. 
Оқытушыларға  ұялы  телефонның  сабаққа  қандай  қажеттілігі  бар  деп  сұрайтын  болсақ  əрине 
барлығы тек қажетті ақпаратты іздеуге ғана деп жауап береді.  Ұсынылып отырған интернет бағдар-
лама түрі осы телфон көмегімен жүргізіледі [4]. 
Тағы  да  бір  жоғары  мүмкіндіктерге  ие  интернет  бағдарламалардың  бірі  –  Kahoot.it  oның  сайты 
www.getkahoot.com.  Kahoot  –  мобилді  құрылғыларда  дұрыс  жауабы  бар  онлайн  викторина  құруға 
мүмкіндік беретін сервис [5]. 
Сервисті пайдалану алгоритмі: 
-
 
фото жəне видео қосу мүмкіндігіне ие сауалнама (тест) құру; 
-
 
виртуалды кабинеттің номерін (жүйегенерациялайды) беру; 
-
 
проектор арқылы тапсырманы экранға көрсету; 
-
 
студенттер мобилді құрылғылар арқылы виртуалды кабинетке кіреді;  
-
 
мобилді құрылғыларда тапсырмалар көрінеді жəне студенттер орындайды; 
-
 
жалпы  экранда  студенттердің  жауаптарын  көрсету.  Тез  əрі  дұрыс  жауап  берген  студент 
жеңімпаз; 
-
 
студент дұрыс жауапқа сəйкесінше балл алады. 
Викторинаны жүргізу барысында студенттер арасында байқау ұйымдастыруға болады. Сервис арқылы 
құрылған  бір  викторинаға  жалпы  саны  30-ға  дейін  студент  қатыса  алады.  Веб  сервис  студенттің  əр 
тақырып  бойынша  білімін  бекітуге,  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  қашықтан  оқыту 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
142
 
мақсатында  да  қолдануға  болады.  Құрылған  тестті  əлеуметтік  желілер  арқылы  немесе  электронды 
пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа əріптестермен бөлісуге болады. 
Қазіргі  таңдағы  заманауи  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  барысында  жоғарыда  көрсетіліп 
кеткен мүмкіндіктер ішіндегі маңыздыларының бірі–техника құралдарының дəріс барысында қолда-
нылуы.  “Assistant  мобилді  бағдарламасын”  қолдану  кезінде  дəріс  барысында  тыңдаушылардың 
оқытып  жатқан  материалды  қалай  меңгеріп  жатқандарын,  егерде  түсінбеген  жерлері  болса,  дəріс 
аяқталғаннан  күтпей  -  ақ  чат  арқылы  сұрақ  қойып,  бірден  жауап  алуға  болады.  Бағдарлама  басқа 
дəріс барысында оқытушы мен тыңдаушылар арасындағы оперативтік тығыз байланысты қамтамасыз 
етеді. 
Бұдан басқа дəріс сабақтарын өткізу кезінде əртүрлі ұйымдастырушылық сұрақтар пайда болады: 
кім  кешігеді,  кім  себептермен  келмеді  т.с.с.  Бағдарлама  арқылы  сұрақтарды  бақылауға,  экранда 
көрсетіп отыруға болады.  
“Assistant мобилді бағдарламасы”  мынадай міндеттер атқарады:  

 
дəрісті  онлайн  желісінде  оқи  отыра,  студенттердің  дəріске  қатысып  отырғандығын  автоматты 
түрде құрылғыда бақылау;  

 
студенттер онлайн желісінде дəрісі тыңдай отыра, чат арқылы оқытушыға сұрақ қою мүмкіндігі;  

 
өткен дəрістерді бағдарлама бұлтында сақтау, қайта тыңдау шектеусіздігі. 
«Assistant»  мобилді бағдарламасының  негізгі аудиториясы  профессорлық –  оқытушылар құрамы, 
докторанттар, мгистранттар мен студенттер.  
Бақылау экранында дəріске толық қатысқандар жасыл түспен, қашықтықтан немесе кешігіп келіп 
қатысқан студенттер сары түспен жəне 25 минуттан кем немесе мүлдем қатыспағандар қызыл түспен 
ажыратылады.  
«Дəріс» экранында студенттер командасын басу арқылы дəрісті толықтай онлайн жүйесінде тыңдауға 
мүмкіндіктері бар. Трансляциялау кезеңі цифрблатта көрсетіледі (сағ/мин/сек). 
Студенттер келесі команда тетіктерін баса отырып: 

 
⊴ –дəрісті бір немесе бірнеше рет кері айналдыруға;  

 
⊵– қайта кері айналдырғаннан соң, қайтадан алға айналдыруға; 

 
≕О≕– дəрісті тек керек жерінен тоқтата тыңдауға;  

 
⊙– дəрісті телефон жадында сақтап қоюға т.б. мүмкіндіктерімен шектелмеген.  
«Чат»  экраны  дəріс  оқушы  студенттерден  келген  сұрақтарға  жауап  береді,  автоматты  кері  байланыс 
орнатылады  [6].  
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар мен  олардың мүмкіндіктері шексіз деп 
айтуға толық болады. Алайда, солардың ішінен тиімді, білім нəтижесінің сапасын арттыратын икемді, əрі 
қолайлысын  таңдау  немесе  оларды  құра  білу  басты  талап екені бірінші  кезекте  тұруы  тиіс.  «Қазіргі 
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім 
беру қажет», деп Елбасы көрсеткендей, болашақ мамандарға білім беру жолында ақпараттық техно-
логияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.  
Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды жалпы жəне бейорганикалық
 
химия курсында 
қолдану  тиімді  екені  анық.  Сабақты  компьютерлік  технологияның  мүмкіндіктерін  əр  оқытушы  ұтымды 
пайдалана білсе, сондай-ақ қажетті жағдайлар жасалса, білім сапасы жоғары  деңгейге артып,  нарықтық 
экономикаға сəйкес бəсекеге қабілетті маман дайындау мүмкіндігі туар еді. 
 
1 Садыбекова Ж. Оқу – тəрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»// 
«Информатика негіздері» журналы. 2008. №4. - С. 4-5. 
2  Б.А.  Əлмұхамбетов,  М.А.  Ғалымжанова.  «Білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруда 
ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданылуы». - 17б. 
3 Интернет ресурс www.prezi.com. 
4 Интернет ресурс www.realtimeboard.com. 
5 Интернет ресурсwww.getkahoot.com. 
6  Затынейко  А.М.,  Саржанова  Г.Б.,  Курмет  А.  К  вопросу  об  интерактивных  методох  обучения  в  вузе./ 
Материалы  Х  Международной  научно-практической  конференции  «Новые  научные  достижения  –  2014».  - 
Болгария, Апрель, 2014. - С. 90-94. 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
143
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет