Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет299/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Ключевые  слова:  качество  обученности  школьника,  структураобученности  по  исторической  дисциплине, 
содержание исторического образования, уровни развития исторического сознания школьников.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
195
 
ƏӨК 37.013.2 
 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙЛІК ҰСТАНЫМ 
(5В012300 – «ƏЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» МАМАНДЫҒЫ 
МЫСАЛЫНДА) 
 
Сламбекова Т.С. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, п.ғ.к., профессор м.а. 
tolkyn_1969@mail.ru 
Албытова Н.П. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, п.ғ.к., профессор м.а
nalbytova@mail.ru 
 
Мақалада  Болондық  процесс  талабына  жауап  беруші,  Қазақстандық  білім  беру  жүйесі  үшін  жаңа  прин-
циптер: білім беру бағдарламасын əзірлеудегі жоғары оқу орнына берілген еркіндік; білім алушылардың акаде-
миялық  ұтқырлығына  қол  жеткізу,  қос  дипломды  білім  беру;  білім  беру  нəтижесіне  жетудегі  құзіреттілікке 
бағдарланған бағдар қарастырылған. Мақалада 5В012300 – «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығы 
бойынша білім беру бағдарламасындағы бірегейлік ұстанымның сақталуының артықшылығы мазмұндалған. 
Түйін сөздер: академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, құзіреттілік, кəсіби құзіреттілік, білімділік, 
іскерлік. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  «ХХІ  ғасырда  білімді  дамыта  алмаған 
елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық жəне ғылыми қамтылған 
өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен 
міндеттер  жүктейді.  Себебі  əрбір  мемлекеттің  болашағы  оның  білім  ордаларында  шыңдалады»  - 
деген [1]. 
Олай  болса,  бүгінгі  Қазақстан  ішкі  ғана  емес,  сыртқы  еңбек  нарығында  да  бəсекеге  қабілетті 
мамандар  даярлау  мен  жоғары  білімнің  халықаралық  сапасына  батыл  қадам  жасап  отырғандықтан 
жоғары мектеп маманды  даярлау сапасына аса мəн беруде. Бұл жоғары білім беру жүйесін жаңа  уақыт 
талабына  орай  жетілдіру  білім  беру  жүйесін  өзіміздің  ұлттық  болмысымызға,  негізге  алынған  ұста-
нымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай ЖОО берілетін білімді шынайы өмірмен ұштас-
тырып, оны бітіруші түлектерді үлкен кəсіби өмірге дайындау қажеттігі туындайды.  
Жоғары  білім  берудің  Еуропалық  кеңістігін  құраушы  дамыған  алдыңғы  қатарлы  елдердің  басты 
ұстанымы Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу. Осы Болондық үдеріс талаптарына 
жауап беруші, біздің білім беру жүйеміз үшін жаңа принциптер қатары пайда болды. Олардың бастылары:  
-
 
Мамандарды үш деңгейлі жүйеде даярлау: бакалавр – магистр - PhD доктор; 
-
 
Білім беру бағдарламасын əзірлеудегі жоғары оқу орнына берілген еркіндік; 
-
 
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығына қол жеткізу, 
-
 
Қос дипломды білім беру; 
-
 
Білім беру нəтижесіне жетудегі құзіреттілікке бағдарланған бағдар. 
Академиялық ұтқырлық еліміздегі кез-келген жоғары оқу орнында оқып жатқан білім алушының 
оқу орнын, оқу бағдарламаларын, профессор-оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру, оқу кезе-
ңінің аралығында білім алушының белгілі бір оқу бағдарламасын елеміздегі немесе шетелдегі жоғары 
оқу  орында  игеруге  жағдай  жасау.  Қазіргі  таңда  академиялық  ұтқырлық  екі  бағытта  жүзеге  асуда: 
сыртқы (Халықаралық) жəне ішкі (Ұлттық). Сыртқы академиялық ұтқырлық білім алушының шетелдердегі 
жоғары  оқу  орындарында  оқуы,  сонымен  қатар  зерттеуші  оқытушылардың  шетелдік  білім  беру  немесе 
ғылыми мекемелерде жұмыс жүргізуі. Ішкі академиялық ұтқырлық деген білім алу-шылардың оқуы 
жəне  зерттеуші  оқытушылардың  Қазақстандық  ЖОО  жұмыс  істеуі.  Ұтқырлықтың  негізгі  мақсаты 
білім алушыға өзі таңдаған мамандық бойынша көпжақты білім алуына мүмкіндік беру.  
Академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық 
кезеңге:  семестр  немесе  оқу  жылына  өзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  игерген 
білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз жоғары оқу 
орнында немесе өзге оқу орнында білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру [2]. 
Қос дипломды білім беру қазақстандық жоғары мектеп дамуының Халықаралық білім беру кеңістігіне 
бірігудегі аса маңызды тəжірибелік жол. Қос дипломды білім - екі тең бағалы диплом (Double Major) 
немесе бір негізгі жəне екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім 
беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
196
 
Бүгінде  Қазақстандық  көптеген  жоғары  оқу  орындарында  даярланатын  əлеуметтік  педагог  жəне 
өзін-өзі тану мұғалімінің жұмыс бағыттары өте күрделі. Ол туралы біліктілік туралы сипаттамада ай-
тылып, онда кең ауқымды қызметтік міндеттемелердің тізімі берілген. Қазақстан Республикасы Білім 
жəне  ғылым  министрлігі  бекіткен  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  маманның  атқаратын 
кəсіби іс-əрекет түрлері төмендегідей берілген: 
− əлеуметтік-педагогикалық;  
− оқу-тəрбиелік; 
− мəдени-ағартушылық; 
− ұйымдастырушылық-əдістемелік; 
− жарнамалық-насихаттаушылық;  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет