Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет328/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
214
 
ұйымдастыру  процесінде  жоғары  оқу  орындарында  өтілетін  педагогикалық  циклдағы  пəндер  үлкен 
мүмкіндіктерге  ие  саналады.  Себебі  ғылым  мен  техника,  технологиялардың  дамуы,  ақпарат  алмасу 
процесінің  жеделдеуі  жəне  идеологиялық  процестердің  өзектенуі  жағдайында  ұлттық  даму  идеясының 
идеялық  күші  мен  педагогикалық  циклдағы  пəндердің  ғасырлық  дəстүрлері,  олардың  мүмкіндіктерінің 
өзара  үйлесуі  жастар  тəрбиесінде  пайда  болған  проблемалардың  оңды  шешімін  табуға  септігін 
тигізеді. Өйткені, педагогикалық циклдағы пəндер мен "Мəңгілік Ел" ұлттық даму идеясы арасында 
мазмұндық байланыс болып, ол төмендегі мəселелермен сипатталады: 
-
 
"Мəңгілік Ел" ұлттық даму идеясы жəне педагогикалық циклдағы пəндер мазмұнында əлеуметтік 
қоғам  дамуы  жəне  рухани  кəмелетті  қамтамасыз  ететін  идея,  көзқарастардың  жетекші  орынға  ие 
екендігі;  
-
 
педагогика  жəне  ұлттық  даму  идеясы  аясындағы  білімдердің  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталғандығы, тəрбиелік сипатта екендігі;  
-
 
педагогикалық  циклдағы  пəндер  жəне  ұлттық  даму  идеясы  аясындағы  білімдер  мазмұнында 
əлеуметтік қатынастар жəне оларды мақсатқа сай ұйымдастыру жөніндегі көзқарастардың болуы. 
Педагогикалық  пəндерді  оқыту  барысында  студенттерге  ұлттық  идея  мен  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар  негізінде  теориялық  білімдердің  берілуі  төмендегі  міндеттердің  ойдағыдай  шешімін 
қамтамасыз етуге көмектеседі: 
1. Студенттерге "Мəңгілік Ел" идеясы”, “ұлттық идея,” ұғымдарының  мəн-мазмұны ұлттық идея 
мазмұнында  тек  бір  ұлттың  мақсат-мүдделері  ғана  емес,  жалпы  адамзатқа  қызмет  ететін  идеялар 
жатқандығы,  олардың  құрамды  бөліктері  жəне  көріністері,  белгілі  бір  идея,  тұжырым  жəне  теория-
лардың  түрлі  халықтар  тағдыры,  мемлекеттердің  əлеуметтік  дамуындағы  ілгері  немесе  кері  əсері, 
пікірлер мен көзқарастардың  түрліше болуына жетудің зəру жақтары, идеологиялық пікірлерді ілгері 
қоюдан көзделген (дамытушы немесе агрессив) мақсаттар, олардың нəтижелері түсіндіріледі. Өткен 
ғасыр  соңында  идеологиялық  процестердің  күшейуін  қамтамасыз  еткен  факторлар,  дүние  жүзі 
қоғамдастығына  кірген  мемлекеттер  жағынан  жүргізіліп  жатқан  геосаяси  мақсаттар  мен  идеологиялық 
саясаттардың  мəні,  жер  шарындағы  барша  территориялар  жəне  ол  жерлерде  өмір  сүріп  жатқан 
адамдарды  түрлі идеологиялық пікірлер əсеріне алу жолындағы  əрекеттер, Орталық Азия аумағында 
болып  жатқан  идеологиялық  процестердің  өзіндік  ерекшеліктері,  идеологиялық  проблемалар,  атап 
айтқанда идеялық вакуум жəне зиянды идеялардың елдердің əлеуметтік-экономикалық, мəдени дамуына 
тигізіп жатқан  əсерлеріне назар аударылады.  
2. Студенттерде өз іс-əрекеттерін дұрыс бағалай алуы, рухани-моральдік қасиеттерді қалыптастырып 
жəне  байытып  баруы,  əлеуметтік  өмірде  болып  жатқан  түрлі  құбылыстар  мен  оқиғаларға  объектив 
баға  беруі  жəне  оларға  саналы  қатынаста  болуы,  талдай  алуы,  мемлекеттің  гүлденіп  дамуы,  ел  ты-
ныштығы,  халықтың  тұрмыс-жағдайын  жақсарту  жолында  қызмет  ету,  түрлі  ұлт  пен  ұлыстардың 
құқықтары, сондай-ақ,ар – ұждан бостандығына құрмет көрсету, олардың еркі мен тəуелсіздігіне қол 
сұқпау жөніндегі дағдыларды қалыптастыруға көңіл бөлінеді. 
3.  Студенттердің  рухани  жағынан  кемелденген  адам  ретінде  өзін  тануы,  өз  мүмкіндіктерін  еркін 
көрсете алуы, əлеуметтік қатынастарды ұйымдастыру процесінде əріптестері сондай-ақ, тəрбиеленушілерге 
өздері үлгі болуы, оқу жəне еңбек процесінде түрлі ұлт пен ұлыстар арасында татулықты нығайтуға 
өз үлесін қосу, дүние жүзі мемлекеттері мен əлеуметтік саяси, экономикалық жəне мəдени салаларда 
тең құқықты қарым-қатнасты орнату процесінде белсенді əрекет етуі, сондай-ақ, жалпы адамзат үшін  
қызмет  ететін  идея,  теория  жəне  тұжырымдарды  ар  -  ұждан  бостандықтарын  құрмет  етуге  қажетті 
əрекеттерді ұйымдастыру дағдылары қалыптастырылады. 
Бұнда педагогикалық циклдағы пəндердің студенттерді рухани тұрғыдан қалыптастырудағы мүм-
кіндіктері,  рухани  қалыптастыру  жолдары,  формасы,  мен  əдістері,  студенттерді  рухани  тұрғыдан 
қалыптастыруда аудиториядан тыс уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың орны, оның білім беру 
процесімен байланыстылығы сияқты мəселелерді де назарда ұстау қажет. Сондай ақ, жоғары педаго-
гикалық  білім  беру  жүйесінде  педагогикалық  циклдағы  пəндерді  оқыту  барысында  студенттерді 
рухани  тұрғыдан қалыптастыру  студенттерде  осы  пəндерді  үйренуге деген  ішкі  қажеттілік, қызығу-
шылықты ояту, бұл пəндерден терең білім беру, білімдерді игеру, ол үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ 
қажетті рухани-моральдік қасиеттерді игеру арқылы жүзеге асады. Бұл үшін алдымен педагогикалық 
пəндердің  студенттерді  рухани  жақтан  қалыптастыру  мүмкіндіктерін  білу  маңызды.  Осы  міндеттің 
шешімін  табуда  педагогикалық  циклдағы  пəндер  мазмұнында  сипатталған,  руханиятты  қалыптастыру 
мүмкіндігіне  ие  болған  тақырыптар  бойынша  студенттердің  игеруі,  оларда  қалыптасуы  көзде  тұтылған 
білім, іскерлік жəне дағдылар жүйесін жасау қажет. Сол жүйе мазмұнынан педагогикалық циклдағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет