Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет367/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
244
 
ұнамдылығымен,  ғасырдың  көркемдік  даналылығын  саф  таза  қалпында  бүгінгі  қауымға  жеткізуге 
мүмкіндігінің  молдығымен,  өткен  өмірдің  ең  жүрек  жарды  өсиетін,  ата-бабалардың  өмір-сабағын, 
дүниетанымдылық  құбылыстарға  берген  бағасын,  үміті  мен  арманын  айта  алатындығымен,  терме 
өнері  -  рухани  байлығымыздың,  мəдениетіміздің  заңды  мұрагері.  Жас  буынды  парасаттыққа,  биік 
адамгершілік,  сергектік,  əдептілік,  ата-бабаның  үлгі-өсиетін,  қағидасын  қадір  тұту,  кең  ойлап 
үйренушілік,  дүниета-нымдық  рухында  тəрбиелеуде  қызметі  ерекше.  Термеде  дидактикалық 
пəрменділігі  риторикалық  сауалдар  арқылы  "Біріншіден  не  жаман?"  -  деп  оған  қолма-қол  жауап 
беріліп, тəрбиенің шұрайлы сөздері мен жүрек қағысын еліктететін əуені мен қосыла отырып, тағлым 
сырлары төгіле береді. Сөйтіп, тыңдаушының назарын негізгі мақсатқа аударып, мəселеге ойлантып, 
адамның  ақыл-ойы  мен  санасына  эмоцияналдық  əсер  береді.Нəзік  мысқыл мен  жұмсақ  əзіл-қалжың 
арқылы  əр адамдардың  əлсіз жерін  байқап,  педагогикалық  такт  сақтай  отырып,  оның  кемшіліктерін 
əлсіздігін əжуалайды. 
Эмоционалдық тəрбиелік əсерін күшейту үшін, музыка əуенінің ырғақты формалары, қайталау жиі 
қолданылады.Терме өлең мен əннің түрі, "теру", "тер" деген мағынаны білдіреді. Желдірме - желдір, 
речтативті əуен. Оның синонимі -"төкпе", "төк" жылдам темптегі дыбыстар төгілмесі.Терме жоғарғы 
дауыспен басталған кіріспеден, кейде кіріспесіз айтылады, екпінді, жүрдек, ырғақты əнге құрылады. 
Əдетте əн ортасында екпін жылдамдай түсіп, шеткі бөлімдері баяулау" орындалады. Желдірме көте-
ріңкі дауыспен желдіртіп айтылады. Жырлардың музыкалық ырғағы речтативті түрдегі -толғау монолог 
түрінде келіп , əдетте  үш  бөлімнен  тұрады "Махамбеттің  термесі", "Иса-ның  желдірмесі", "Жыршының 
қаратпа сөзі". Əндік речтативтік түрі - халық арасында кең тараған, баяндауға қолданылатын сарын 
өлеңінің  құрылысына  сай,  көлемі  жағынан  шағындау,  речтативтік  түрде  келеді.  Қобыз,  домбырада 
сүйемелдеп  немесе  сүйемелдеусіз  айтыла  береді.  Терменің  ерекше  бір  түрі  -  желдірме.  Желдірме  - 
речтативтік, көтеріңкі желдірте айтылатын əннің түрі. Екпіні мен ырғағы жылдам, қарқынды жүреді. 
Халық  арасында  орындау  ерекшелігіне  қарай  қызбалы,  өрлене  "төкпе"  деп  аталады.  Мысалы,            
И.  Байзақовтың  "Желдірмесі"  Ал,  алқа  келді  кезің  жайнайтұғын.  Желдірмеде  көбінесе  тарихи  оқиғалар 
мен  халықтың  тұрмыс-салты  жырланады.  Ақын  əрі  əнші  Исаның  желдірмелері  көркемдік  мазмұны 
жағынан  күшті,  өте  жігерлі  жəне  төгілмелі,  əннің  классикалық  түріне  жатады.  Иса  өзінің  асқан 
дарындылығымен, шебер орындаушылығымен халық творчествосының бұл түрінің қалыптасқан принципін 
сақтай отырып, əрі қарай дамытты. 
Мысалы, қазіргі күні қазақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тəуелсіздік алып, өз туын, өз 
ұранын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда "Елім-ай" əнінің ырғағы 
əр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасып 
жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы "Елім-ай" атымен 
айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Сонымен дəстүрлі халық əндері өмірлік мəні бар дидактикалық 
маңыздылығы мен бала тəрбиесінде қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поэтикалық тексі сезімді 
билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді. Ал осы 
ой толғанысы, қиялдың самғауы тек əн тыңдаған шақта ғана емес, одан кейін де тіпті ұзақ уақыттар 
бойы  қайталанып  отырады.  Əннің  мазмұнындағы  өмірде  болатын  əр  түрлі  құбылыстар,  көріністер 
төңірегіндегі көркем образдарының іс-əрекеттері жастардың өміріндегі қарым-қатынастарына да əсер 
етеді. Сонымен қазақтың халық əндері тəрбиелік мүмкіндіктерінің молдығымен, адамзаттың идеяла-
рының өркениеттілігімен, қоршаған ортадағы қарым-қатынастардың тазалығын бейнелеуімен, көркемдік 
мəнерлілігінің айшық-тылығымен оқушылардың музыкалық-эстетикалық тəрбиесінің қуатты құралы 
болып табылады. 
 
1
 
Аравин П.В. Даулеткерей Традиционная музыка Азии. - Алматы,1996. 
2
 
Асафьев Б. Великие богатства казахской народной музыки //Музыкальна культура Казахстана. - Алма-
Ата, 1955. 
3
 
Асафьев Б. Три статьи о казахской народной музыке //Музыкальная культура Казахстана. Алма-Ата, 1955. 
4
 
Ауэзов М. Мысли разных лет. - Алма-Ата, 1961. 
5
 
 Ауэзов  М.  Энкидиада:  к  проблеме  единства  миров  кочевья    и  оседлости  //  Кочевники.  Эстетика: 
Познание мира традиционным казахским искусством. - Алматы, 1993. 
6
 
 Əлімқұлов Т. Қаратау өрнектері. - Алматы, 1980. 
7
 
 Əлімқұлов Т. Кертолғау. Алматы, - 1972. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет