Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет370/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер: кəсіби білім беру; дуалды оқыту; кəсіптік мектеп; практика; теория; шəкірттік жүйе; шебер; 
кəсіпорын; іскер; дағды. 
 
Қазіргі  таңда,  əлемдік  тəжірбиеде  зор  жетістікке  жетіп  отырғанкəсіби  білім  беру  жүйесіндегі 
дуалды оқыту үрдісі бүгінде еліміздегі бір қатар  ЖОО еңгізіліп, өз нəтижесін көрсетуде. Сондықтан 
біз мақаламызда дуалды оқытудың даму тарихына тоқталуды жөн көрдік: 
Кəсіби  білім  беру  жүйесінде  дуалды  оқытудың  даму  тарихы  тамыры  тереңде  жатыр.  Азия  мен 
Европада  мыңдаған  жылдам  астам  уақыттан  бері  құқықтық  тұрғыда  реттелген  кəсіби  білім  беру 
жүйесі  болған.  Негізінен  кəсіптік  білім  алушылар  ер  балалар  болған,  олар  кəсіп  үйрену  үшін  кəсіп 
иесіне, яғни шеберге шəкірттікке барған. Шебер өз қолынан келетін, кəсіпке қажетті іскерліктер мен 
дағдыларды үйреткен. Алайда кез келген кəсіпке тəн жəне олардың өзге кəсіптерден артықшылығын 
қамтамасыз ететін сырлары, құпия күйінде сақталып, шəкірттерге жариялауға тиым салынды. Кəсіби  
білім берудің мұндай тəртібі біздің жыл санауымыздың басында Ежелгі Грецияда да қалыптасқан. 
Кəсіби  білім  беруде  дуалды  оқыту  оқу  үрдісінің  дидактикалық-əдістемелік  аспекті  имитациялық 
(еліктеушілік)  қағидасы  бойынша  құрылды:  шебер  техникалық  амалды  көрсетеді,  ал  шəкірт  еліктей 
отырып,  оны  қайталауға  тырысқан.  Оқу  өтетін  орын  -  кəсіпорын  болған.  Кəсіпке  баулудың  мұндай 
түрі  ғасырлар  бойына,  тіпті  мыңдаған  жылдар  бойына  ешқандай  қиындықсыз  жұмыс  жасап  келген. 
Мұндай  оқудың  алмасуы  бірінші  мыңжылдықта  орын  алды.Кəсіби  білім  берудің  түбегейлі  өзгеріс-
терге  енуіне  –  кафедралды  храмдар  соғуда,  архитектуралық  стильдің  өзгеруі,  яғни  қарапайым 
романтика  стилінің  əлдеқайда  күрделі  готикаға  ауысуы  себеп  болды.  Сол  кезде  шеберлер  үлкен 
қиындыққа  тап  болды,  өйткені  жаңа  архитектуралық  стиль  мүлдем  жаңа  құрылыс  технологиялары 
мен  құрылыс  теориясын  талап  етті.  Соған  байланысты  оқыту  үрдісі  өзекті  мəселеге  айналып,  ол 
мынадай жолмен шешілді: 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
246
 
-
 
Құрылысшы кəсібін тігінен жəне көлденеңінен дифференциациялау (кəсіби дифференциация); 
-
 
Əртүрлі кəсіби деңгейдегі үрдістердің коммуникациясы мен дидактиканы қалыптастыру (жазба 
құралдардың  пайда  болуы  –  құрылыс  пен  архитектура  бойынша  кітаптар;  техникалық  көмекші 
құралдар – құрылыс моделдері мен шаблондары); 
-
 
алғашқы өндірістік шəкірттер шеберханасының құрылуы (кафедралды соборлардың құрылыстары 
үлкен құрылыс алаңдарында жүзеге асты, олардың жанында арнайы шеберханалар құрылып, шəкірт-
тер оқытылды). 
Осылайша, екінші мыңжылдықтың басында кəсіби білім берудің екінші орны – шəкірттерге арналған 
шеберхана пайда болды, онда шəкірттер «теориялық» дайындықтан өтті [1]. 
Европада  Ренессанс  дəуірінің  басталуы  (шамамен  1400  ж.)  өнерде  мүлдем  жаңа  архитектуралық 
стиль,  оның  жаңа  бағыттарының  пайда  болуымен  ерекшеленді.  Қолөнершілер,  мысалы,  алтынмен 
жұмыс  істейтін  темір  ұсталары  қиын  жағдайға  тап  болды,  өйткені  жаңа  стиль  қысқа  мерзім  ішінде 
жаңа техника мен дайындау технологиясын меңгеруді талап етті. 
Бұл жағдайдан шығудың амалы мынадай тəсілдермен шешілді: 
-
 
басқа  шеберден  үйреніп,  біліктілікті  шыңдау  (біліктілікті  арттыру)  (көбінесе  өнердегі  жаңа 
стиль қалыптасқан Италияға сапарға шықты); 
-
 
оқытудың графикалық құралдардың дамуы, кітап басылымы пайда болғаннан кейін бұл білімді 
таратуға ықпал етті; 
-
 
алғашқы кəсіптік мектептердің ұйымдастырылуы (өнер мектебі), онда қолөнершілер мен сурет-
шілер бірге оқыды. Осылайша, кəсіптік білім беруде жаңа оқу орны - кəсіптік мектеп пайда болды, 
арада бес жүз жыл өткеннен кейін ол осы атқа ие болды [2]. 
Батыс европалық кəсіби білім беру тарихынан алынған бұл екі мысал келесідей қорытынды жасауға 
мүмкіндік  береді:  қоғамдық  өмірде  жаңа  нормалар  мен  құндылыққа  байланысты  түсініктер  пайда 
болған кезде, кəсіптік білім берудің алдында оқытудың дəстүрлі формасының көмегімен шешуге бол-
майтын  күрделі  мəселелер  тұрады,  сондықтан  да  жаңа  жолдар  ізделінеді  жəне  олар  мынаған  əкеп 
соқтырады: 
-
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет