Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет412/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
277
 
Қоғам мен жеке адамның, тұлғаның қатынасы бүтіннің қосарлану формаларының бірі. Қоғам мен 
жеке  адам  ажырамас  бірлікте.  Жалпы  мен  жекенің  қатынасы  диалектикалық  өзара  байланыс  сипа-
тында  болады.  Əрбір  жеке  адам  жалпының,  ерекшенің  жəне  жекеліктің  бірлігі  болып  табылады. 
«Жеке  адамның  ішкі  өмірі  –  ішкі  əлемінің  көрінісі  жəне  ондағы  жағдайларға  қарсы  жауабы.  Адам 
өмірі  мен  іс-əрекеті  оны  қоршаған  шындықтан  бастау  алады.  Оның  əрекеті  санасында  бар  сыртқы 
əлем бейнесінде ұғынықты болады. Адамның ішкі əлемі бай болған сайын оның өмірі де мəнді болады. 
Адамның  шынайы  байлығы  оның  бір  заттарға  ие  болуында  емес,  оның  ой  байлығында,  мəдениет 
байлықтарын иемденуінде. Сыртқы орта- қоғам-жеке адамның, оның санасының ішкі əлемін анықтап, 
қалыптастырады.  Сыртқы  əлем  бейнесі,  жеке  адам  са-насында  пайда  болған  қоғам  түсінігі  өз  кезегінде 
адам  əрекетінің  негізі  болып  табылады.  Адамның  ішкі  əлемі  сыртқы  əлемнің  -  табиғат  пен  қоғам 
құбылыстарының санасында бейнеленуінің нəтижесі. Сондықган ішкі əлем объективтіліктің негізінде 
субъективтілік пен объективтіліктің бірлігі ретінде жүреді». 
Объективті деп адамның еркі мен санасына байланысты емес нəрсені, ал субъективті деп сыртқы 
əлемге емес адамға тəн, бұл сыртқы өлемге адам не береді дегенді атайды. Субъект термині филосо-
фияда  қасиеттер  мен  жағдайдың  заттық  таратушысы  мəнін  береді.  Субъект  ол  əрбір  жеке  адам, 
адамдар қоғамдасқан күйінде тарихи-өлеуметтік дүниенің иесі, ал адам ез қызметінде нені өзгертеді, 
сол  объект.  Мысалы,  менің  өмірім  мені  қоршаған ортада  – белгілі бір  дəуірде, белгілі бір  қоғамдық 
құрылымда өтіп жатыр. Бұл құрылымдар менен тəуелсіз, себебі оларды ққрған мен емес, сондықтан 
да мен табиғаттың емір сүру ақиқатына қалай сенсем, өз өмірімде олармен де санасуым керек. Менің 
алдымда бұл жағдайда өз орнымды табу, өз өмірімді қамтамасыз ету жəне мүмкіндігім болғанша, өз 
ортамды жақсы жағынан өзгерту қажеттілігі тұр. Сондықтан бұл менен тəуелсіз объективті қоғамдық 
жағдайлар  кейде  менің  де  қызметімді  қажет  етеді.  Ұлы  адамдар  да,  қарапайым  халық  та  əркім  ша-
масы келгенше қоғам дамуына өз үлестерін қосады. Міне, осы хандық кезеңдегі ұлы тұлғалар, хандар 
мен би-шешендер, жыраулар мен ақындар қоғамға пайдасын тигізсе, қарапайым халық та бірі аз, бірі 
көп көлемде өз үлестерін қоса білді.  
Қоғам  үздіксіз  даму  үстіндегі  əлеуметтік  тірі  дене  іспеттес.  Оның  өмірлік  іс-əрекеті  адамдардың 
рухани  дамуын  анықтайтын  тəсілдерінің  дамуымен  белгіленеді.  Адамдар  басқалары-ның  көмегі 
арқылы еңбек етеді, басқа адамдардың  іс-əрекетімен байланысты болады. Адам өмір үшін еңбек етіп, 
сол  үшін  күреседі,  егер  осыны  ұғына  білсе  қоғамға  деген  сенімі  осы  əлеуметтік  ортаны,  ұжымдық 
өмірді,  адамның  тек  жеке  басының  қамын  ғана  емес,  басқа  адамдардың  да  өмірлік  болмысын  түсінеді. 
Жеке адам өліп, жоғалып кетеді, ал қоғам объективті заңдардың негізінде өз өмірін жалғастырады. 
Адам қоғамдық дамудың жемісі, сондықтан қоғам дамуына өз үлесін қосуы керек. Жеке адамның 
дамуы,  оның  өмірінің  толықтығы  өзі  өмір  сүріп  отырған  əлеуметгік  жүйеге  байланысты.Адам  екі 
əлемде: табиғат пен қоғам əлемінде өмір сүреді. 
Дегенмен оның табиғаты, мəні жəне өмірінің мазмұны онымен шектелмейді. Оған рухани жетілу 
сатылары  қажет.  Лев  Толстой  əлеуметтік  мəселелерді  шешу  үшін  мылтықтың  керегі  жоқ,  адамның 
адамгершілік  тəрбиесін  күшейтіп,  өзін-өзі  рухани  жетілдіру  жағына  көңіл  бөлу  керектігін  айтқан. 
Рухани  кемелдену  мəселесі  қашанда  адамның  өзіне-өзі  үңілуінен,  өзімен-өзі  күресуінен  басталады, 
өйткені  барлық  жақсылық  пен  жамандық,  тазалық  пен  арамдық,  əулиелік  пен  күнəһарлық  адамның 
өзінің  ішінде.  Мəселе  –  тек  өмірлік  ұстанымда,  дұрыс  таңдау  жасай  білуінде.  «Руханилықтың  ең 
негізгі өлшемдерінің бірі – адамның жақсылыққа қарай талпынысы, – дейді С. Нұрмұратов. Ал кез-
келген  мақсатқа  қарай  ұмтылыс  жақсылыққа  қарай  барар  жол  емес.  Өйткені,  «мақсат  -  оған  жетуге 
тиісті  құралды  ақтайды»  деген  қағида  адами  өлшем  тұрғысынан  теріс  түсінік  болып  табылады. 
Қоғамдағы əділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани əлем-
нің зандылығына қайшы келетін іс-əрекеттер, Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамдылық 
пен  мойынсұнушылық  арқылы  барлық  қайшылықты  жеңіп  шыққанда  ғана  руханилықтың  есігі 
ашылады». 
Жеке  тұлға  белгілерінің  пайда  болуы  мен  дамуын  талдау  үшін  жеке  тұлғалардың  қалыптасу 
процесіне  əсер  ететін  мынадай  факторларды  бөліп  көрсетеміз:  1)  биологиялық  тұқымқуалаушылық. 
2) Физикалық орта. 3) Мəдениет 4) Топтық тəжірибе.5) Индивидуалды тəжірибе [3, 1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет