2. Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында
үлкен рөл берді. Атақты əлеуметтанушы П. Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель,
Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар
теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тəртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы
географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктермен анықталады. Ғалымдардың
бұл тобына философ Г.В. Плеханов пен Л.Н. Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған
теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық
факторлардың шешуші əсерін атай алмайды, шындығында ұқсас физикалық жəне географиялық
жағдайда жеке тұлғаның əртүрлі типтері қалыптасады жəне керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық
белгілері қоршаған ортаның əртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта
əлеуметтік топтың мəдени ерекшеліктеріне əсер ете алады, бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына əсері
шамалы.
3. Мəдениет. Анықталған мəдени тəжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады жəне сол
немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тəуелді емес. Сонымен қатар əрбір қоғам
өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тəжірибелерді, ерекше мəдени
үлгілерді береді.
Американ зерттеушісі К. Дьюбайс сол қоғамға тəн жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны
модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мəдениетіне тəн кейбір ерекше-
ліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.
Модальды тұлға қоғам мəдени тəжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы
мəдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни, əрбір сол қоғамның мəдениетіне сай келетін бір немесе
бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмəдениеттің көп болуына байланысты
жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық
бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік категориясы, жеке тұлға болады.
Бұлардың əрқайсысы өздерінің жеке субмəдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге
тəн тұлғалық үлгілермен араласады жəне аралас тұлғалық типтер пайда болады. Яғни, жеке тұлға-
лардың қалыптасуына биологиялық факторлары жəне жеке əлеуметтік топтағы жалпы мəдени үлгі
əсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық
тəжірибе жəне индивидуалды тəжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың əлеуметтену
процесінде толық бейнеленеді.
1 С. Əбішқызы, Ж. Сарманов. «Ұлттық тəрбие – құндылығы мол дүние», 2008. 2 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын. - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6 3 http://myunivercity.ru