Жеке тұлға дегеніміз 1.
əлеуметтік
жағы, адамның бойындағы
əлеуметтік сапалар; 2. белгілі бір əлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі
бір іс-əрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын жəне
өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам деген анықтама беріледі [2, 1].
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих
т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мəселелері болып табылады. Бұл
жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық
еңбектерден басқа П.И. Подласыйдың, М.Ф. Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері,
Н. Козлованың “Тəрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М. Гинецинскийдің “Педагогика теориясының
негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), А.Ф. Малышевский,
В.А. Корпунин, К.С. Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С. Арсеньевтің “Жеткіншектер
философтар көзқарасымен”, А.М. Қасабеков пен Ж. Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына
кіріспе”, Д. Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К. Нұрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын
қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса
құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің бəрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін
тəрбиелеудің өзекті мəселелері сөз болады. Əсіресе, Д. Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде:
“Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі
қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” – деген мəселелер
философиялық тұрғыда жан-жақты талданған. Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не,
оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, əр адамның айналасын танып білуінің сыры неде
деген мəселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық жəне рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған
қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне
тəн ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бəріне
ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Əр адамөзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Əрбір жеке тұлғаны
қалыптастыру, тəрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам
мүшелері бас-
қалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстануы шын мəнінде өмірде
олай емес. Қоғамдық орта – қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын адамның
қоршаған əлеуметтік əлемі. Жас ұрпақты тəрбиелеу мəселесін қарастырғанда педагогика ғылымы
əлеуметтік ортамен тəрбие жайындағы мəліметтерді əлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Адамның даму жəне қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін əр түрлі пікірлер мен теориялар
орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон жəне Аристотель адамның дамуын, алдын-ала
тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дəлелдеді.
Аристотельдің адамды философиялық түсінуінің маңызды жетістігі оның əлеуметтік сипатын
негіздеуімен байланысты. Ойшылдың «Адам мемлекетте өмір сүруге арналған тірі жаратылыс иесі»
деген сөзі сақталған. Ол өз ақылын жақсылыққа да, жамандыққа да бағыттауға қабілетті, ол қоғамда
өмір сүріп, заңдарды меңгереді. Адам қоғамда емір сүреді, ал қоғам дегеніміз бүкіл адамзат үшін де,
жеке адам үшін де езі өмір сүріп отырған, онымен өндірістік, қоғамдық, отбасылық қатынастар
арқылы байланысқан ұжым.
Қоғамдық өмірдің алға жылжуы сол адамның өзі тұрақты өмірлік байланыста болған қоғамдық
ұжымның өсуіне байланысты. Тарихтың алғашқы кезеңінде адам қоғамы ру-тайпалық болды. Жеке
адамның, тулғаның жəне қоғамдық ұжымның өзара қатынас мəселесі адамдарды тарихтың барлық
кезеңдерінде толғандырды. Себебі, тарихты адамдар жасаған. Адамзат тұлғалардан, нағыз қоғамдық
біртұтастықтан құрылған тығыз байланыстағы қауымдастық.
Тарих - əр адамның жекелеп алғандағы өмірлік іс-əрекетінің жиынтығы. Адамзат тарихы – тірі
жандылардың сансыз ұрпақтарынан құрылған маржанды арал тəрізді. Бірақ адам жеке тұлға. Ол
қоғамнан өз орнын алғысы келеді, сонымен бірге ғылым тек тұтас қоғаммен ғана айналысып қоймай,
жеке адаммен де айналысқанын қалайды. Бірақ ғылым тек жалпының көрініс беру негізінде ғана
жекені зерттейді. Ғылымнан жеке адам да өз орнын табуы керек. Себебі адамдар тек тарихты талдап
қоймай, табиғат пен адамның тағдыры туралы да ойланады. Қоршаған өмірді ол өзінің таптық
жағдайына, тəрбиесіне, жасына байланысты қабылдайды.