Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
21
білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде болашақ мектепке дейінгі мамандардың өзара тікелей жəне шы-
ғармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кəсіби
іс-əрекетке
функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып
қалыптасқан маман [2].
Қазіргі ақпараттық қоғам жаппай, ғаламдық коммуникация кезеңі. Білім беру саласы маманда-
рының интернет ресурстарын қолдануға, жергілікті жəне ауқымды желілерде ақпарат құралдарымен
өзара əрекет етуін жəне оның əдістерін меңгеруі уақыт талабы. Ақпараттық коммуникациялық техно-
логия (АКТ) құралдарының мүмкіндіктерін білім беру мен өз бетімен білім алу үдерісінде іске асыру
мəселелері болашаққа жаңа міндеттер қояды. Ақпараттық желі ресурстарын қолдану жағдайында жұмыс
істей алатын, ақпараттық қоғам дамуының қазіргі тенденцияларына сай маман дайындау қажеттілігі
бар. Болашақ маманның мақсаты АКТ құралдарының мүмкіндіктерін іске асыра білетін қабілетті, өзінің
кəсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға дайын педагогикалық кадрлар даярлау басты назарда [3].
Көптеген елдерде мектепке дейінгі білім берудегі АҚТ-ды пайдаланудың стратегиясын немесе
басқа тұжырымдамалық құжаттарын дайындады. АҚТ мектепке дейінгі білім беру практикасының
көптеген жақтарын бекітудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қоғамның толық құқықты мүшесі болуы
үшін мектепке дейінгі ұйымдарда АҚТ-біліктіліктерді игере бастауы тиіс.
Ақпараттандыру саласында педагогтардың кəсіби өсуінің мотивациялық компоненттері мектепке
дейінгі білім беру үдерісіне ақпараттандыруды енгізуді ұғынуы, ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологияларды қолдануға жағымды қарауы, білім беру мен өздігінен білім алуға тырысуы жатады.
Мектептке дейінгі білім беру мекемелеріне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізумен
біртіндеп инфрақұрылым өзгеруі керек. Педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларына білім беру
ресурстарына еркін кіруі үшін, кітапханалар медиатекамен толықтырылуы керек.
Жоғарыда айтылғандар педагогтарды АКТ құралдарын (жалпы мақсаттағы презентациялық жəне ани-
мациялық графикалық программалары, графикалық пакеттер, веб-сайттарды, телекоммуникациялық
жүйелерді), оқу-əдістемелік материалдарын, əсіресе дидактикалық ойындар жасау құралдарын; мектеп
жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, есте сақтауын, ықыласын, моторикасын дамытуға бағытталған
оқыту құралдарын; алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды тарату мақсатында жəне оқу-
тəрбилеу үдерісінің қатысушыларының өзара əрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында коммуникация
құралдарын; бақылау үдерістерін, компьютерлік педагогикалық тестілеу мен диогностикалауды,
сараптама нəтижелерін өңдеу үдерістерін автоматтандыру құралдарын қолдануға оқытудың қажетті
екендігіне куə [4].
Отандық жəне шетелдік тəжірибелер көрсеткендей, жаңа ақпараттық технологиялармен танысуды
ерте жастан бастайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда дербес компьютерлер мен интернет желісіне кіруге
мүмкіндік алады. Сондықтан ақпараттық-компьютерлік мəдениетті қалыптастыру мен дамыту үдерісі
өте ерте жастан басталуы қажет. Бұл үдерісте баланың айналасында бірыңғай ақпараттық кеңістік
құрылғанда ең жақсы нəтижеге жетуге болады.Бірыңғай ақпараттық кеңістіктің негізгі компоненті
ақпарттық технология аумағындағы мектепке дейінгі ұйым мамандарының құзырлылығы болып
табылады.
Қазақстанның білім беру жүйесін модернизациялау стратегиясында білім беруде құзырлылық
тəсілді енгізу қажеттілігі жөнінде айтылған. Білім, білік, дағдыны қарапайым түрде ғана беру емес,
болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарының кəсіптік құзырлылығын қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі мектепке дейінгі ұйым мамандарының ойынша өмірлік маңызы бар құзырлылықтардың əр
адамда болуы шарт.
Құзырлылық түсінігі – бұл оқыту үрдерісінің тұлғаның басты жəне пəндік құзырлылықтарының
қалыптасуына бағдарланған. Бұл үрдерістің нəтижесі ретінде адамның жалпы құзырлылығының
қалыптасуын айтуға болады, ол басты құзырылықтарының жиынтығы, тұлғаның кіріктендірілген
сипаттамасы болып табылады.
Құзырлылықтың маңызы мен мəні қоғамның дамуына сəйкес мектепке дейінгі ұйымдарды қайта
жаңарту жағдайында педагог кадрлармен жұмысты олардың кəсіби құзырлылығы негізінде
ұйымдастыру. Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі жəне қа-
рама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру сапасынан үнемі алда болды, тіпті бұл
алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны
келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту əдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі
əлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім
беру саласының дағдарысына əкеліп соғуда. Сол себепті мектепке дейінгі мамандардың əдістемелік