Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет52/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
23
 
қамтамасыз ету үшін құрылса, онда ақпараттық құзырлылықты қалыптастыруға болады. Педагогтың 
ақпараттық құзырлылығы кіріктірілген жеке-тұлғалық сипаттамасы болып түсініледі. 
Ол  ақпараттық  қоғамда  тарихи  жəне  технологияға  негізделіп  өздігінен  жетілдіруге,  дамытуға 
бағытталған  жалпы  адами  ұғым,  идея,  білім  (когнитивті  компнент),  бағалы  бағыт,  гуманистік  ұғымдар, 
эмоциональдық  тəжірибелер  (мотивациялық-бағалылық  компонент),  жеке  тұлғалық,  стильдік  жəне 
дүниетанымдық білім сапасы (жеке-тұлғалық компонент), танудың əмбебап əдістері, тəлім алгоритмі 
мен коммуникация əдістері (операциональдық-іс-əрекеттік компонент) жиынтығынан тұрады  
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтары білімді ақпараттандырумен байланысты пси-
хологиялық  проблемаларының  диапазоны  өзінің  педагогикалық  қызметінде  медиаақпараттық  бағытты 
бірден қабылдайды. Жаңа технологияларды меңгерудегі жəне ақпараттық қоғамдағы өзінің жаңартылған 
рөлі мен оларды енгізудегі өзінің жеке жауапкершілігіне талап қоюға дейін созылады. Бірақ мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  мамандары  мен  жоғары  оқу  орындары  педагогтарынан  айырмашылығы  бар. 
Мектепке  дейінгі  білім  беруші  педагогтардың  ақпараттық  құзырлылығын  қалыптастыруда  психоло-
гиялық мəселелерді есепке алу қажет. 
Отандық жəне шетел психологтары 
мектепке дейінгі білім беруші педагогтардың психологиялық 
проблемаларын оқытудың интерактивті жəне мультимедиалық технология аумақтарынан біліктіліктерді 
жетілдіру бағдарламасын енгізу арқылы шешуді ұсынады. Олар педагогтардың медиа-білім беру үде-
рісіне  қатынасын  түзетуге,  өзінің  жаңа  технологияларды  меңгеру 
қабiлеттiлiгiндегi  сенiмсiздiктерiн 
жеңуіне, ақпараттық құзыреттiлiктiң жоғарылауына, медиа мəденитетті қалыптастыруға
 мүмкіндік береді 
 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының
  ақпараттық  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  үшін, 
алдымен  үш:  техникалық,  əдістемелік  жəне  философиялық-дүниетанымдық  кезеңнен  тұратын  ке-
шенді кəсіптік дайындық керек. 
Техникалық  кезеңде 
мектепке  дейінгі  білім  мекемесі  педагогы  компьютерде  жұмыс  істеудің 
бастапқы қолданушы біліктіліктерін меңгереді, периферийлік электрондық құрылғылармен: мульти-
медиялық  проектормен,  сканермен,  интерактивті  тақтамен,  Интернеттің  іздеу  жүйелерімен  жұмыс 
істеп үйренеді, желілік өзара əрекетті іске асыруды  
web-портфолио құруды, электрондық журналмен 
жұмыс істеу жəне т.б. 
Əдістемелік  кезең  электрондық  білім  ресурстарының  дидактикалық  қасиеттерін  оқуға  байла-
нысты  жəне  денсаулық  сақтау  технологияларын  есепке  алып, 
мектепке  дейінгі  білім  беру  мекеме-
лерінің тəрибелеу-оқыту үдерісінде нақты іс-əрекетте 
педагогтарды
 жаңа технологияларды мақсатқа 
сай  пайдалануға  оқытуға  бағытталған.  Бұған  оқу  жəне  тəрбиелеу  материалдарын  таңдап  алу, 
ақпараттық сауаттылықты (ақпараттық қоғам дамуы жағдайында мектепке дейінгі жастағы балалар-
дың  жеке  тұлғалық  сапасын)  қалыптастыруға  бағытталған  сабақтар  мен  іс-шараларды,  жаттығулар 
мен  тапсырмалар  жасау,  электрондық  түрде  білімді  меңгеру  сапасын  талдау  жəне  бағалау  (білім 
сапасы мониторингі) кіреді.  
Философиялық-дүниетанымдық  кезең  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  мамандарының 
ақпараттық технологияларға қатынасын түзетуге, оларға психологиялық кедергілерді қорқыныш пен 
үрейді жеңуге мүмкіндік береді, оларды балаларды ақпараттың қазіргі заманғы құралдарымен жұмыс 
істеуге,  бағалы,  əрі  маңызды  ақпаратты  табуға  үйрету  жəне  керісінше  төмен  сұрыпты  ақпарттық 
материалды  айырып-тану,  сонымен  қатар,  өскелең  ұрпақты  қазіргі  ортаның  əлеуметтік  жағымсыз 
əсерлерінен  қорғау,  олардың  балаларға  қажеті  жоқ  ықпалын  болдырмау  үшін  мақсатқа  бағытталған 
тиімді білім беру үдерісін іске асыруға қабілетті, ақпараттық қоғамның белсенді мүшесі етеді 
Мектепке  дейінгі  білім  беруші  педагог  білімді  ақпараттандыруға  байланысты  психологиялық 
проблемаларды ақпараттық қоғамның негізгі қатысушысының бірі өзі ретінде негізгі философиялық 
тұжырымдамаларының қалыптасуы барысында ойлау стилін қайта құрумен қатар ақпараттық дүние-
танымды қалыптастыу жолымен тек қана белсенді іс-əрекеттік түрде жеңе алады.
 
Қазіргі 
мектепке  дейінгі  білім  беру  интерактивті  жолмен  жəне  ресурстардың  əр  алуандығымен 
алға  жылжуда.  Интерактивті  тақталар,  мультимедиалық  проекторлар  жəне  т.б.  электрондық  білім 
ресурстары,  тиімді  техникалық  құралдар  болып  табылады.Осы  құралдар  көмегімен  тек  қана  мектеп 
жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  жəне  тəрбилеу  үдерістерін  түрлендіріп  қана  қоймай,  мектепке 
дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  мамандарының    кəсіби  құзіретін  көтеруге  болады.  Интерактивті  жəне 
мультимедиалық құрылғылар, басқа кез келген техника сияқты өздiгiнен бағалы емес. Мектепке дейінгі 
білім  беру  ұйымдарының  мамандарын,тəрбиелеу-оқыту  үдерісінде  техникалық  құралдарды  сауатты 
пайдаланғанда ғана баланың дамуында жағымды нəтижелерге қол жеткізіледі.
 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
24
 
Ақпараттық  технология  саласында  м
ектепке  дейінгі  білім  беруші  педагогтардың  біліктіліктерін 
жетілдіру бағдарламасына міндетті компонентке техникалық жəне əдістемелікпен бірде психологиялық-
педагогикалық  блок  кіреді.  Курстың  бұл  блогының  мазмұны  жаңа  білім  беру  технологияларын 
меңгеру  мен  оны  болашақта  пайдалануға  байланысты  мынадай  проблемалық  аумақтардан:  қорқыныш, 
сенімсіздік, кəсіби күйіну, жағымсыз қатынас жəне т.б. тұрады. Əйтесе де, психологиялық кедергіні тек 
қана техникалық жəне əдістемелік құрауыштарды меңгеру арқылы ғана емес, 
м
ектепке дейінгі білім 
беруші  педагогтың  өзінің  психологиялық  проблемаларды  қарапайым  сезінуі  арқылы  жеңу  мүмкін. 
Техникалық  жəне  əдістемелік  кезеңдерді  іске  асырумен  бірге,  философиялық-дүниетанымдық  кезең 
болашақ 
м
ектепке  дейінгі  ұйым  мамандарының  ақпараттық  технологияларға  қатынасын  түзетуге, 
оларға психологиялық кедергілерді қорқыныш пен үрейді жеңуге мүмкіндік береді. 
Балаларды  ақпараттың  қазіргі  заманғы  құралдарымен  жұмыс  істеуге  үйрету  бағалы,  əрі  маңызды 
ақпаратты табуға машықтандыру. Қазіргі ортаның əлеуметтік жағымсыз əсерлерінен қорғау, олардың 
балаларға қажеті жоқ ықпалын болдырмау үшін мақсатқа бағытталған тиімді білім беру үдерісін іске 
асыруға қабілетті, ақпараттық қоғамның белсенді мүшесі етіп,тəрбиелеу. Мектепке дейінгі білім беру 
үдерісіне  ақпараттық  технологияны  енгізудің  басты  шарттарының  бірі  –  компьютердің  техникалық 
мүмкіндіктерін  білетін,  олармен  жұмыс  істеу  дағдысы  бар,  компьютерді  қолданудың  ережесі  мен 
санитарлық нормаларын анық орындайтын, мектеп жасына дейінгі балаларды жаңа ақпараттық тех-
нологиялармен қатынас жасау əдістерін меңгерген маман жұмыс істеуі қажет.
 
М
ектепке  дейінгі  білім  беруші  педагог  білімді  ақпараттандыруға  байланысты  психологиялық 
проблемаларды ақпараттық қоғамның негізгі қатысушысының бірі өзі ретінде негізгі философиялық 
тұжырымдамаларының қалыптасуы барысында ойлау стилін қайта құрумен қатар ақпараттық дүние-
танымды қалыптастыу жолымен тек қана белсенді іс-əрекеттік түрде жеңе алады. 
 
1
 
 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118 
2
 
Современное дошкольное образование. Теория и практика \\ http://www.sdo-journal.ru/ 
3
 
Малярова Н.А. Педагогические технологии как эффективное средство повышения качества образования 
в ДОУ \\ http://www.o-detstve.ru/ 
4
 
Новосибирский информационно-образовательный сайт \\ http://www.nios.ru/ 
5
 
Немирич  А.  Формированиемедиаинформационного  мировоззрения  педагога  дошкольного  обра-
зования\\«Детский сад: теория и практика» №3, 2011. - С.106-112 
6
 
Научно-образовательный портал \\http://www.pravmisl.ru/ 
7
 
Преподавание Информационных Технологий в России\\http://www.it-education.ru/ 
8
 
http://www.unescobkk.org/en/education/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет