Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

Орталық  Қазақстан  қыш  коллекциясын жіктеу,  жүйелеу  барысында  А.И.  Мартынов,  Я.А.  Шер 
жəне  В.Ф.  Генингтің  [1,  2]  заттардың  өзара  байланыстылығын  анықтауға  арналған  археологиялық 
зерттеулер  əдістері  негізге  алынды.  Жіктеуге  сай  артефактілер:  географиялық  (тұрмыстану  орны), 
хронологиялық  (жасалған  уақыты  жəне  тұрмыстануы),  тақырыптық,  заттық  (қолдану-пайдалану 
орны)  топтарға  бөлінді.  Коллекцияны  жүйелеу  жұмысын  –  материалдарды  ескерткіштер,  кезеңдер 
жəне түрге (тип) сай топтастырумен түсіндіреміз.  
Қыш коллекциясы артефактілер тобы жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып 
қолданыс  аясына  сəйкес  бөлінді.  Мысалы  айтар  болсақ:  1  қыш  ыдыс  пішініне;  2  технологиялық 
жасалу  тəсіліне  (қолмен  пішінделіп  сомдалған,  көзе  шарығында  пішінделіп  сомдалған);  3  жасалған 
материалдың құрамына (құм, қиыршық қоспалы балшық) белгілеріне қарай жіктелді. 
Сонымен қатар қола дəуірі қоныстарында барынша жиі ұшырасатын қыш бұйымдарды жіктеуде 
ыдыстың пішіні мен нақышы, нақыш түсіру техникасы ескеріледі:  
1 топ – тікше (банка) ыдыс: жатаған, ернеуі кең; биік, қабырғасы тік, тегіс немесе бүйірі білінбейді 
деуге болады. 
2  топ  –  куб  пішінді  ыдыс,  бұлар  да  екі  түрге:  иықшасы  дөңгелектенген;  иығы  иінделген  болып 
бөлінеді. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
178 
3 топ – көзелер: иықшасы дөңгелектенген; иығы иінді; 
4  топ  –  қос  конусқа  келтіріле    бітімделген  ыдыс, бұл  түр сирек ұшырасады,    нақышы  жоқ, қара-
сұр, сұрғылт түсті болып келеді. 
5  Ыдыстардың  түбі  тегіс,  орнықты,  кейбірінің  түбінің  шеті  сəл  шығыңқы.  Ыдыстардың  сыртқы 
беті  жіңішке,  тегіс  қалыппен  түсірлген  нақыштар,  жіңішеке  сызба  жолақтармен,  ішінара  тісше 
қалыппен нақышталған. Бір ерекшелігі нақыш ыдыстың белгілі бір бөлігіне мысалы, мойнына немесе 
иықшасына  түсірілген.  Нақыш  түрлері  мардымсыз,  көбінесе  ирек  сызықтар  қатары,  үшбұрыштар 
тізбегі,  шырша  жолақтары  жəне  үзік  жолақтар  кездеседі.  Нақыштар  белдеуленген  көлденең 
жолақтармен  бөлінген.  Көлемі  өте  кіші  ыдыстар    жас  балалар  қабірінен  ұшырасады,  яғни  жас 
ерекшелігі де ескерілгенін аңғарамыз [3, 78 б.]. Ыдыс жасауға қолданылған балшық өте тығыз, аздап 
қиыршық  қосылған,  жақсы  күйдірілген.  Ыдыс  қолмен  сомдалған  немесе  көзе  шарығында  да 
жасалған.  М.Қ.  Қадырбаевтың  пікірінше,  көзе  шарығында  жасалған  ыдыс  Орталық  Қазақстан 
тұрғындарының Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егінші жұртымен байланысын аңғартады [4, 213 
б.].  Қыш  ыдыстың  бұл  топтамасы  Орталық  Қазақстанның  нұра  мəдениеті  ыдысына  жəне  Оңтүстік 
Орал мен Солтүстік Қазақстанның федоров мəдениетінің ыдыс түріне жақын [4, 19 б.]. 
Заттарды сипаттау барысында ғылыми-методикалық əдебиеттерде берілген жалпыға ортақ арнайы 
графикалық кестелер басшылыққа алынды [4, 5, 6, 7, 8, 9]. Артефактілерді сипаттау маңызды зерттеу 
жұмысы  əрі  ғылыми  мəліметтерді  көрсету  жолы  болғандықтан  мəтін  сипатталушы  нысанды  
барынша  толық  көруге  жəне  түсінуге  қажетті  қосымша  –  фотосуреттер,  сызбалар,  кестелер  сынды  
дəйектермен  толықтырылды.  Жекелеген  заттарды,  нысандарды  сипаттағанда  оның  нақты  сызба-
суретін  көрсетудің  маңызы  зор  (1  сурет:  а,  б)  бұның  өзі    нысанды  барынша  жақсы  «көруге»  жəне 
түсінуге мүмкіндік береді. 
 
а) 
   
  б) 
         
 
Сурет 1 а, б, – Жасажыры- -орымы ыдыстарыны! суреті мен сызбасы. 
КП 27844/6, КП 27844/5, КП 27844/7 
 
 
Сипаттамада  заттың  атауы,  жасалуы  мен  қолданыста  болған  уақыты,  материалы,  технологиясы, 
өлшемі, пішіні, музейдің  заттарды тіркеу кітабындағы номері (шифрі) жəне пайдаланылған əдебиет-
тер  көрсетілді.  Артефактілерді  сипаттау  барысында  белгілердің  атаулары  ортақ  жүйеге  келтіріліп, 
сонымен қатар құрылымы күрделі артефактілердің қысқаша жалпы сипатын беріп, ерекше тұстарын 
екшеп көрсеттік.  
Артефакт  сипаттамасында  əр  затың  оны  өзге  затпен  салыстыруға  мүмкіндік  беретін  ерекше 
«қасиеттері»  белгілері  көрсетіледі.  Мысалы,  ыдыстың  «түбі  тегіс»  болса  оны  «жайпақ»  немесе 
«жапырылған»  деп  көрсетуге  болмайды.  Ежелгі  қыш  ыдысты  зерделеу,  сипаттауда  балшықтың 
құрамы, пішінделу тəсілі, нақышы, нақышты түсіру техникасы ескеріледі. 
Сонымен  қатар  артефактілерді  атрибуциялау  барысында  Е.Е.  Кузьминаның  [10]  жетілдірген 
андрон  қыш  түрпатамасына  негізделген  еңбегін  қолдана  отырып  қыш  ыдыстар  кешенін  жүйелеу 
жүзеге асырылды.  
Қыш ыдыстардағы нақышты сипаттау барысында келесі белгілері ескерілді (сурет 2, 3): нақышты 
салу қағидаты: 1 тікелей тор бойымен: а) көлбеу штрихтік нақыш жолақтарымен, б) тігінен; 2 қисық 
тор  бойымен:  а)  көлбеу  штрихтік  нақыш  жолақтарымен,  б)  тігінен;  нақыштың  негізгі  элементтері; 
нақыш элементтерін аймақтарға орналастыру; нақышты салу техникасы: 1 тегіс штамп; 2 тісті штамп: 
а)  ірі  жəне  орташа  сирек  тік  бұрышты  жəне  текше  тістерімен;  б)  ұсақ  жиі  үшбұрыш  жəне  текше 
тістерімен; 3 адымдайтын тарақ; 4 нақыштаудың басқа тəсілдері. 
Сондай-ақ, қыш ыдыстар коллекциясын зерттеудің осы сатысында, нақышты орындау техникасы 
мен  түрлеріне  ерекше  назар  аударылды.  Археологияда  андрон  нақыштарының  негізгі  түрлерінің 
топтары қалыптасқан. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
179 
 
Сурет 2-3 – Е.Е. Кузьмина əдісі бойынша тEзілген Орталы- $аза-стан -ола дəуіріні! -ыш коллекциясыны! 
технологиясы, тEрпатамасы жəне на-ыш элементтеріні! бFліп таратылуы 
 
Бұл дегеніміз – «үшбұрыштар», «меандрлік», «кілемдік», «свастикалық» жəне тұрақты атауы жоқ 
бірқатар  түрлері.  Қыш  коллекциясын  сипаттау  барысында,  осы  белгілі  нақыш  түрлерінің  ішінен 
біздің жағдайда жеті негізгі түрі анықталып [11; 1, 4 суреттер] жеке бөліп қарастырдық, ол мынандай 
түрлер:  1.  Меандр;  2.  Үшбұрыш;  3.  Көлбеу  ирек;  4.  «Шырша»;  5.  Каннелюрлер;  6.  Кертіктер  мен 
«штрихжолақтар»; 7. Əр-түрлі конфигурациядағы батық. 
Бұл мəселе С.В.Зотовтың, Е.Е.Кузьминаның, И.В.Рудковскийдің, А.А.Ткачевтің, А.А.,Здановичтің 
[12,  10,  13,  14,  15,  16]  еңбектерінде  кеңінен  зерттелген.  И.В.  Рудковскийдің  [13]  «Андроновская 
орнаментика  в  контексте  системообразующих  инвариантов»  монографиясында  нақыштардың 
морфорлогиялық  ерекшеліктерін  талдаудың  жаңа  əдістері  негізінде  мəдени  жəне  субмəдени андрон 
топтарын  бөлудің,  олардың  жайғастырылуының,  байланыстарының  жəне  хронологиясының  бірегей 
негіздемелері ұсынылады. Алғаш рет андрон нақышталы жиектерінің толық тізімдемесінің нұсқасын 
ұсынады. Артефактілерді сипаттау барысында И.В. Рудковский жүйелеген белгілер есепке алынды: 
үшбұрыштардың  «ұшымен  жоғары»  немесе  «ұшымен  төмен»    бағытталуы,  өйткені  осы  түсінік  тең 
бүйірлі  үшбұрыштың  шет  топтарын  шартты  түрде  екі  дербес  таксонға  бөлуге  мүмкіндік  береді; 
меандрға қатысты - тік бұрышты немесе қиғаш тор сызық кескіндеу маңызды болып есептеледі  (атап 
айтқанда, осы айырмашылықтар меандрларды екі əр түрлі таксондарға бөледі); «свастикалық» жəне 
«кілемдік»  таксондар  меандрлар  жағдайында  белгілер  секілді,  бірақ  қосымша  редукция  жəне 
күрделендіру  сынды  механизмдерді  айқындайды  (негізгі  пішінді  күрделендіретін  немесе  жеңілде-
тетін өсінді, жалғастырғыш жəне иіліс тəрізді қосымша бөлшектер); «ромб тəрізді»  жиектерде негізгі 
таксон  түзуші  белгілер  жатық  ромбтың  сыртқы  нобайы  болып  табылады  (ромбтың  ішкі  кеңістігі 
қарапайым  диогоналды  түр  сызықтармен  толтырылуы  немесе  айтарлықтай  күрделі  құрылымға  ие 
болуы мүмкін) [13, 69-70 бб.].   
И.В.Рудковскийдің пайымдауынша, нақышты таксондардың дискретті қатарының түзілуі  андрон-
дық  нақыштауда  оқшауланған  пішіндердің    жəне (немесе)  таксондардың  эклектикалық жиынтығын 
емес,  тектес  морфемалардың  тұтас  жүйесін  көруге  болады  деген  негізге  арқау  болады.  Ол  бұдан 
басқа андрондық нақыштардың қандайда бір əмбебап жүйеленген каталогы түзілуі мүмкін емес деп 
есептейді.  Кез  келген  мəдениетте  нақыштау  өте  көп  қырлы  құбылыс  жəне  мəселені  бір  ғана  емес, 
көптеген арнайы каталогтарды жасау арқылы шешуге болады деп түйіндейді [13, 71-79 бб.].  
Қыш  ыдыстағы  нақышты  талдау  барысында  келесідей  сарындарды  ерекше  назарға  алу  керек, 
мысалы:  А  өрнектерден  тұратын  белгілі  бір  пішін,  бірақ  басқа  нақыштардан  құрылымы  бойынша 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
180 
айрықша  (мысалы:  геометрикалық  фигура);  В  құрылымдық  бөлінуге  келмейтін  (соның  ішінде 
қисынды шартталған) үздіксіз нақыштармен (мысалы: сызық, батық қатары, меандрлы нақыш жəне 
т.б.);  С  күрделі  нақыштағы  пішінмен,  оның  эстетикалық  жəне  семантикалық  жүктемесін  есепке 
алағанда  оны  құрылымдық  бөлу  қолайсыз  (мысалы:  «жарты  күн»,  свастикалық  пішін  жəне  т.б.). 
Мысалы, нақыштардың сарыны ретінде ұштары жоғары немесе төмен орналасқан түрі, сызықтармен 
белгіленген  үшбұрыштармен  бөлу,  осы  өрнектердің  жеке жиі  кедесуіне  байланысты,  сондай-ақ,  бір 
композициялық құрылымда осы сарындардың əр түрлі мағыналық мəндерін байқатады. Сол секілді 
«батық»  сарынына  да  қатысты,  бірнеше  сарын  байқалған  жағдайда:  сопақша  батық,  жұмыр  батық, 
үшбұрышты батықтар. И.В. Рудковскийдің пайымдауынша, əрбір батық түрлерін түрлендіруге емес, 
сарынға жатқызу олардың композициялық құрылымдағы мəнділігімен түсіндіріледі [13, 71-79 бб.], ал 
Т.В.  Сметанинаның  пікірінше,  пішіннің  ішкі  бөлігін  түр  сызықтармен  толтыру  айырмашылығы, 
пішін сұлбасы мөлшерін, пішіннің өлшемін жəне көлемін түрлендіру сынды ерекшеліктер, сондай-ақ, 
осы сарынға сай келмейтін бейнелеу тəсілдері (мысалы: үшбұрыштар, батықпен берілген жəне т.б.) 
бір  сарында  əр  түрлі  нұсқаларды  бөлуге  мүмкіндік  беретін  нақыш  сарындардың  екінші  дəрежелі 
сипаттамалары  болып  табылады  [17].  Бұдан  басқа,  іс  жүзінде  «в»  категориялы  барлық  сарындар 
шартты түрде бөлінген. Өйткені, олар бірен-саран жағдайларда ұсынылған, онда «ядро» – сарынын 
жəне  оның  декорациялау  нұсқасын  анықтау  қиынға  түседі.  Біздер  өрнектің  айтарлықтай  ұсақ 
құрылымдық  элементтерін  біріктіру  мəселесі  емес,  ал  керісінше  дербес  өзі  сарын  болып  табылуы 
мүмкін өрнекті бөлу жағдайында да күрделі құрамды сарындарды ажырата аламыз.  
«а»  категориялы  сарындар:  түр  сызықтармен  сызылған  ұштары  жоғары  жəне  төмен  қараған 
үшбұрыштар,  тік  бұрышты  үшбұрыштар,  контурлы  үшбұрыштар,  түр  сызықтармен  сызылған 
ромбтар, контурлы ромбтар, «сатылар», крест, крест тəрізді сатылы пішін, Т-тəрізді пішін, шоғырлас 
астаушалар,  сегіз бұрышты жұлдыз, «бүршіктер», жапсырмалы белдік. 
«б» категориялы сарындар: каннелюр, сызықтар, кертіктер, бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы, 
көп қатарлы ирек сызықтар, ирек таспа, сопақша,  жұмыр, үшбұрышты, сегмент тəрізді батық, қалып 
бұрышымен  батық,  қалыптың  көлбеу  жəне  тік  бедерлемелері,  меандр  нақыш,  екі  еселік,  үш  еселік 
меандрлы нақыш, меандрлы таспа, тік бұрыштардың сатылы сызықтары, «шыршалы», қиғаш тор.  
«в»  категориялы  сарындар:  Z-тəрізді  пішін,  «жарты  күн»,  түр  сызықтармен  сызылған  жəне 
контурлы үшбұрыштардан тұратын тік-көлбеу бағаналар, «шашақты» контурлы үшбұрыштар, крест 
салынған ромб, свастика, крест салынған шеңбер.  
Сондай-ақ  артефактілерді  сипаттау  барысында  нақыштарды  түсіру  техникасы  көрсетілген. 
Өйткені, нақыштарды түсірудің қандайда бір тəсілін немесе амалын қолдану мағынасы бойынша екі 
бірдей  сарынның  мүлдем  əр  түрлі  болуына  əкеліп  соқтырады.      Нақыш  түсірудің  айтарлықтай  кең 
тараған техникалары: тісті қалып, оюлы техника, із қалдыру, батық, кертулер, тегіс қалып, «арқанды» 
қалып. Осы техникалардың кейбіреулері сонымен бірге нақыш сарынды  болса (мысалы, батық жəне 
кертулер),  басқаларының  түсіру  тəсілі  əмбебап.  Оларды  бұдан  басқа  топшаларға  бөлуге  болады. 
Мысалы;  тісті  қалып  -  ірі,  ұсақ  жəне  екі  тісті,  үш  тісті  болуы  мүмкін.  Із  қалдыру  –  жалпақ  немесе 
жіңішке  болуы  мүмкін.  Батық,  жоғарыда  айтылғандай,  алуан  түрлі  (сопақша,  үшбұрышты,  сегмент 
тəрізді),  болуымен  қатар  орналасуына  қарай,  тік,  қиғаш,  жиі  немесе  сирек  жəне  əр  түрлі  калибрлі 
болуы мүмкін.  
Археологиялық  ескерткіштердің  мəдени  тиестілігі  ең  алдымен  қыш  кешендердің  ерекшеліктері-
мен анықталады, бұл қола дəуірі үшін ерекше өзекті мəселе. Андрон мəдени-тарихи қауымдастығы 
үшін  –  бұл  бір  сарынды  пішінделген  жəне  сатылы  ыдыстар,  қағидалы  желі  айқын  бейнеленген 
нақыштаудағы қатал геометризм. Андрон нақыштарының егжей-тегжейлі сипаттамалары  айтарлық-
тай мəлім, бірақ зерттеу  нысаны сол нақыштар болып табылатын жұмыстар санаулы. Бұл қырынан 
алғанда, И.А. Кукушкин еңбектерін ерекше атауға болады «Некоторые аспекты семантики андронов-
ского (федоровского) орнамента». Олармен жалпылама дерек көзі болып табылатын қыш материалы-
ның семантикалық сипаттағы айтарлықтай терең ақпараттарын алу бойынша да жұмыстар жүргізілді 
[19].    И.А.  Кукушкиннің  [18]  пікірінше,  андрон  нақыштары  ерекше  өзгешелігі  үш  негізгі  мағына 
беретін: үсті-ортасы-асты [19, 14 б.], нақыш алаңын горизонталды аймақтау  болып  табылады, бұл 
андрон нақыш түсірілген қыш ыдысы əлемнің үш ортасын бірлестіретін жер жүзінің  үш дербес үлгісі 
деп салыстыруға мүмкіндік береді. Бірінші – жер бетіндегі өмір кеңістігі, ыдыстың екінші аймағы – 
ауа  кеңістігі,  үшінші  аймағы  –  бұл  аспан  [20,  71  б.].  Осылайша,  егер  андрон  ыдысы  əлем 
құрылғысының  үлгісі  деп  қарастырылса,  ал  қыш  ыдысты  дайындау  əлемді  жаратудың    ғарыштық 
əрекетіне  теңестірілді  [20,  60-70  бб.],  онда  андрон  суреті  жəне  қыш  ыдысы  өзіндік  сакралдық 
мағынасы  бойынша  бір  бірін  толықтырып  жəне  толықтай  сай  келуі  қажет,  өткені  олар  бір  бірінің 
ажырамас бөлігі болып келеді.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
181 
Нақыш  андрондықтар  ортасына  космологиялық  жүйені  түсіндіретін  көрнекті  құрал  ретінде  ролі 
ерекше  болды.  Осыған  орай,  андрон  ыдысында  ғарыштық  əлем  реттілік  пікірі  бейнеленген,  қыш 
ыдыста  «мол»  нақыштармен  айқын    жəне  қыш  ыдыстың  басқа  бір  түрінде  айтарлықтай  қарапайым 
жалпыға мəлім тұтастық үлгісі жеңілдетілген түрінде көрсетілген. И.В. Кукушкиннің пайымдауынша, 
андрондық  сакралды-сəндік  өнерінің  геометризмі  оның  семантикалық  талдауын  айтарлықтай 
күрделендіреді,  бірақ  бір  жағынан  бейнелеу  канонын  салыстырмалы  қатаң  түрде  ұстану    оны  
түсіндіру барысында мүмкін етеді [18].  
Сондай-ақ, И.В. Кукушкин андрон ыдыстарының түбіне салынған суретке назар аударды. Музей 
қорында түбі нақышталған бес ыдыс бар, тіпті расында да андрондық шығармашылық əдіс екендігін 
ең  алдымен  кресттің,  соның  ішінде  үйлестірілген  крестпен  түбін  бейнелеу  дəлелдейді  [18,  10  б.]. 
Жалпыға мəлім, крест (свастика) күн бейнесімен қатар əрқашанда ғарыштың семантикалық шыңын 
таңбалайды.  Свастиканы  солярлы  нышан  екендігін  түсіндіруде  күн  доңғалағымен  барлық  зерттеу-
шілер  келіседі.  Ыдыстың  жұмыр  түбі,  демек,  семантикалық  шың  болып  табылады,  бұл  крестпен 
расталады (свастика), одан сəйкесінше əдетте, ыдыстың түпкі бөлігіне түсетін үшбұрышты-сəулелер 
тарайды.  Осы  ұстанымда  пайдалы  төменгі  бөлік,  қыш  құмыраның  түбі,  семантикалық  шыңға 
айналады,  осы  аударылған  жағдайда  ыдыстағы  нақыш  «басы  аяғынан»  деп  аталады.  Нақыштың 
свастикалық сарындары қыш ыдыстардың орта тұсын сəндеу барысында да кеңінен пайдаланылған, 
бірақ,  свастика  саф  таза  күйінде  айтарлықтай  сирек  кездеседі.  Көбінесе  андрондық  нақыштау 
дəстүрінде  ол  жиі  əлем-жəлем  меандр-свастикалық  суретке  айналып,  біршама  күрделенеді,  бірақ, 
свастика  сарыны  біршама  жеңіл  байқалады.  Андрон  тайпасынан  шыққан  көпшілікке  танымал 
үндіиран  тұжырымдамасына  сүйене  отырып,  И.В.  Кукушкин  далалық  қола  дəуірінде  өмір  сүрген 
тұрғындарда үндіирандық ғарыштық үлгіге жақын дүниетанымдық ұстаным болған деп пайымдайды 
[18].  Осы  пайымдауға  сəйкес,  күн  көк  аспанды  өзінің  жалынды  екі  дөңгелекті  арбасымен  аралап 
ұшатын  жəне  түнде  мұхитқа  батып  кететін,  сол  арқылы  таңертең    қайта  көкке  көтерілуі  үшін,  ол 
батыстан шығысқа бағыт алатын зоо немесе антропоморфты тіршілік иесі ретінде көрсетіледі [21, 14 
б.].  Ұқсас  заттардың  бір  қатарда  жалғасуымен  қайталанатын  бейнелер  арқылы  ежелгі  заманда 
қозғалыс бағыты жəне ырғағы берілген [22, 18-19 бб.]. Белгілі солярлы мифтерді назарға ала отырып, 
ыдыстағы  шеңбермен  тұйықталған  меандрсвастикалық  нақышпен  күннің  екі  аяқты  арбасының 
айналмалы  қозғалысы  берілген  деп  болжауға  болады.  Көбінесе  ыдыстың  төменгі  бөлігінің  мойын 
жағында  орналасқан  суреттің  меандрлық  сарыны  əдетте,  барынша  «байсалды».  Олар,  қағида 
бойынша, свастикаға шиыршықталмайды, сызықтық жылжуды білдіретін əр түрлі жалғасу нұсқала-
рымен жартылай свастика түрінде Z-тəрізді пішінде (немесе «арқау») бейнеленеді. Əлбетте, бұл ыдыс 
мойны  су  сұрапылы  ұқсастығымен  байланысты,  мұнда  күн    сырғымайды,  суда  жүзетін  құстармен 
сүйретіліп  немесе  өзі  осы  түрдегі  құс  бейнесіне  айналап,  түнде  жер  асты  теңізімен  жүзеді.  Ыдыс 
мойнының  төменгі  бөлігіндегі  меандр  орнына  көбінесе  негатив-позитивтік  айналулар  нəтижесінде 
алынатын  ирек  тəрізді  таспа  орналасады,  ол  шамасы,  суды  жəне  қозғалысты  білдіреді,  бұл  өзінің 
мағынасы  бойынша  ежелгі  дүниежүзілік  өркениеттің  петроглиф  хаттарының  таңбаларына  жəне 
этнографиялық  мəліметтерге  сай  келеді.  Ыдыстың  осы  аймағында  негатив-позитивтік  айналулар 
жолымен алынған нақыштардың басқа да элементтері осы мағынаға жақын келеді деген ой салады. 
Қыш  ыдыс  мойнының  жоғарғы  бөлігі  əдетте  «құламалы»  немесе  тік  бұрышты  үшбұрыштармен 
əсемделді, олар ежелгі халықтың ұғымы бойынша жер бетімен жан жақтан ұласып жататын əлемдік 
мұхит  толқындарын бейнелейді [18].  
Ыдыстарда  бейнеленген  «андрондықтардың»  ғарыштық  жүйесінің  жалпы  көрінісін  түсіндіру 
үшін, И.В. Кукушкин федоров қыш ыдыстары нақыштарының сұлба-жаймасын зерделеді. Қолданыс 
аясы кең андрондық ыдысы – бұл қоршаған əлемнің біріккен кеңістігі туралы ежелгі тұрғындардың 
ұғымын  білдіретін  космогониялық  діни-мифтік  жүйе  графикалық    бейнеленген  сакралды  бұйым. 
Сакралды (аударылған) жағдайдағы ыдыс – бұл əлем осі, ұшар басында күн орналасқан əлем ағашы. 
Свастикалық  сарынмен  көк  аспанды  шығыстан  батысқа  қарай  жүріп  өтетін  солярлы  теке  (қой) 
кейпінде  күндізгі  жарықтың  айналмалы  қозғалысы  беріледі.  Төменірек  –  батыстан  шығысқа  қарай 
суда  жүзетін  құстар  көмегімен  жүріп  өтетін    жер  асты  су  сұрапылы.  Жалпы  алғанда,  барлық  осы 
көрініс  циклдік  айналмалы  қозғалысты  елестетеді,  яғни,  əлем  осімен  күн  мен  түннің  ауысуы  деп 
түсіндіреді.  
Осы  тұжырымдарға  сүйене  отырып  ҚР  МОМ  қорындағы  қола  дəуірі  коллециясынынан  нақыш 
түсірілген федоров қыш ыдысының сұлба-жаймасын алғаш рет жасап ұсынып отырмыз (КП 26067/9; 
4 сурет) [18]. Жоғарыда көрсетілгендей жалпы Орталық Қазақстанның қола дəуірі коллекцияларының 
бір ғана түрін атрибуциялаудың (ғылыми каталогтау) əдістері берілді. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
182 
 
Сурет 4 – Федоров -ыш ыдысы Fрнектеріні! сGлба-жаймасы. КП 26067/9 
 
Сонымен  қатар  артефактілерді  атрибуциялау  барысында  заттың  сақталу  сапасы,  бүлінген  – 
(опырылған, шытынаған, тотыққан т.б.) тұстары ескеріле отырып толық сипаттауды қажет етеді. 
 
1
 
Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк., 
2002. – 240 с. 
2
 
Генинг В.Ф. Программа статистической обработки керамики из археологических раскопок // Советская 
археология. – 1973. –  № 1. – С. 114-136. 
3
 
Карабаспакова К.М. Жетысу и Южный Казахстан в эпоху бронзы. – Алматы, 2011. – 220 с. 
4
 
Кадырбаев  М.К.,  Курманкулов  Ж.К.  Культура  древних  скотоводов  и  металлургов  Сары-Арки.  –  Алма-
Ата, 1992. – 247 с.  
5
 
Маргулан  А.Х.,  Акишев  К.А.,  Кадырбаев  М.К.,  Оразбаев  A.M.  Древняя  культура  Центрального 
Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 453.  
6
 
Маргулан А.Х. Горное дело в Центральном Казахстане в древние и средние века // Поиски и раскопки, в 
Казахстане. – Алма-Ата, 1972. – С. 3-30. 
7
 
Маргулан А.Х. Джезказган – древний металлургический центр (городище Милыкудук) // Археологические 
исследования в Казахстане. – Алма-Ата, 1973. – С. 3-42. 
8
 
Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – 364 с. 
9
 
Кадырбаев М.К. Шестилетние работы на Атасу // Бронзовый век степной полосы  Урало-Иртышского 
междуречья. – Челябинск, 1983. – С. 134-142.  
10
 
Кузьмина  Е.Е.  Откуда  пришли  индоарии?  Материальная  культура  племен  андроновской  общности  и 
происхождение индоиранцев. – М., 1994. – 464 с. 
11
 
Ковтун  И.В.  Основы  морфологии  андроновского  орнамента  //  Известия  Алтайского  государственного 
университета. – 2009. – № 4 (64). – С. 115-124. 
12
 
Зотова С.В. Ковровые орнаменты андроновской керамики // МИА. – 1965. – № 130. – С. 177-181. 
13
 
Рудковский И.В. Андроновская орнаментика в контексте системообразующих инвариантов. – Алматы, 
2013. – 189 с.  
14
 
Ткачёв А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. – Тюмень, 2002. – Ч. 1. – 289 с.  
15
 
Ткачёв А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. – Тюмень, 2002. – Ч. 2. – 243 с. 
16
 
Зданович Г.Б. Бронзовый век урало-казахстанских степей (основы периодизации). – Свердловск, 1988. – 
184 с.  
17
 
Сметанина  Т.В.  Орнамент  керамики  синташтинско-петровского  типа:  изобразительный  и 
семантический  аспект  (по  материалам  могильника  Бестамак)  Вопросы  археологии  Казахстана.  Вып.  3.  – 
Алматы, 2011. – С. 530-545.   
18
 
Кукушкин  И.А.  Некоторые  аспекты  семантики  андроновского  (федоровского)  орнамента. 
Исторический опыт хозяйственного и культурного освоения Западной Сибири. Кн. I. –  Барнаул, 2003. –  464 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет