Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

 
 
(до реставрации) 
                                     (после реставрации) 
Рис.2 КП 5608 худ. Тихменева Е.А. «Подняли», х.,м., 60х95см 
 
Увидеть  результат  своей  работы,  после  приложенных  усилий,  очень  важно  для  каждого 
реставратора.  
В  целом,  кроме  вышеперечисленных  и  основных  причин  разрушения  произведений  живописи, 
зачастую они начинаются уже в самом начале создания картины. Начиная с того, когда художником 
нарушается технология норм грунтовки, в результате чего, возникают повреждения красочного слоя, 
на поверхности холста появляются кракелюр. Основным требованием при подготовке холста к работе 
является  тщательная  просушка  каждого  слоя  грунта.  От  длительного  хранения  в  неблагоприятных 
условиях произведения живописи загрязняются, т.е. покрываются наносным слоем, лежащим поверх 
лаковой  или  олифной  пленки,  а  иногда  и  поверх живописи.  Особенно  опасны  для  художественных 
произведений    птичий  помет  и  мушиный  засид,  так  как  содержащиеся  в  них  щелочи  действуют 
разрушающе на слой олифы, лака, и на красочный слой  [2, с.114].  
Резюмируя,  можно  сказать,что  проблемы, с  которыми  реставраторы  столкнулись  при  восстанов-
лении картины Тихменева  «Подняли», относятся  к наиболее распространенным видам загрязнений, 
встречающихся  на  многих  других  произведениях.  Поэтому  одной  из  важных  функций  работы 
реставраторов является возвращение к жизни культурных ценностей, а именно: ценных документов, 
рукописей,  экспонатов  археологических  находок,  имеющим  историческую    ценность  и др.  От  того, 
как поставлена реставрационная работа в музее, решающим образом зависит состояние и дальнейшая 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
146 
жизнь экспонируемых и хранящихся в фондах произведений искусства. Поэтому очень важно, чтобы 
музеи  Казахстана  были  оснащены  необходимыми  реставрационными  лабораториями,  соответст-
вующих международным стандартам, а также обеспечены профессиональными реставраторами. 
 
1
 
Труды  Центрального музея: музейное  дело,  история,  этнология,  фольклористика,  археология, 
антропология,  историография,  источниковедение,  нумизматика.  Вып.  I  //  Научный  ред.  Нурсан 
Алимбай. // На каз., рус., англ. языках.  - Алматы: Ғылым, 2004. – 396 с.; 1000 экз. 
2
 
Монтаж  и  сохранность  музейных  предметов  в  экспозиции.  Методическое  пособие.  Труды 
ГИМ. - М., 2007. Вып. 168. - 136 с. с ил. 
3
 
Охрана музейных памятников и описание их сохранности. Музейное пособие. Москва. 1964г. 
4
 
Хлудов Н.Г. Каталог произведений: живопись и графика. Науч. руководитель и  автор предисл. 
Нурсан Алимбай // Алматы, 2003. – 288 с.; 3000 экз. (на каз., рус., англ. языках).  
 
Түйіндеме 
Мақалада  Мемлекеттік  Орталық  Музейдегі  (Алматы)  кескіндемені  сақтау  жəне  қалпына  келтірудің  кейбір 
аспектілері, жекелей алғанда, Кескіндемені сақтау жəне қалпына келтіру Орталығының рөлі туралы мəселелер  
қарастырылады.  Қалпына  келтіру  Орталғы  бөлімінің  тарихы,  қызметтерінің    міндеттері,  негізгі  бағыттары 
таныстырылады.  Қалпына  келтіру  жұмыстарын  дамытудың  проблемалары  мен  келешектегі  міндеттеріне 
айрықша назар аударылады.  
Тірек сөздер: музей, музейлік зат, мəдени құндылық, қалпына келтіру, түр өзгеруі 
 
Summary 
Some aspects of preservation  and restoration of painting in the Central State Museum (Almaty), in particular, the 
role of the Restoration Centre in preservation and restoration of painting are considered in the article. The history of the 
department of the Restoration Centre, the tasks, the main trends of the activity  are lighted. The considerable attention is 
paid to the problems and prospets of the quality development of restoring work.   
Keywords: museum, museum object, cultural values, restoration, deformation
 
 
 
ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДЕ ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ОРНЫ 
(қарақалпақ жəне қазақ балалар фольклоры мысалында) 
 
Əмирлан С.Е. – $ара-алпа-  гуманитар пəндер ғылыми зерттеу институты, аға ғылыми 
-ызметкер – ізденуші (НEкіс, $ара-алпа-стан, HзРҒА $Б) 
 
Мақалада  автор  қазақ  жəне  қарақалпақ  фольклорларындағы  тарихи  оқиғалалар,  əсіресе  жоңғар  шапқын-
шылығынан тақсірет тартқан қазақ жəне қарақалпақ халықтарының ауыр жағдайлары, зарлы заманның шынды-
ғының  көрініс  табуы  талданады.  Сондай-ақ  халық  поэзиясы  мен  балалар  фольклорындағы  тарих  іздерінің 
деректік  маңыздары  салыстырмалы  түрде  ашып  көрсетіледі.  Осы  аталған  фактілер  бірнеше  мың  жылдық 
кезеңдердің фольклорларда орын алғандығын материалдарды саралау арқылы дəйектейді.  
Тірек сөздер: қазақ, қарақалпақ, фольклор,балалар поэзиясы. 
 
Тарих көшінде шаң берген əрқилы оқиғалар, замана жаңғырығы өз кезегінде ауыз əдебиетіне де 
сəулесін  түсіріп  отырады.  Сондықтан  да  өткен  кезеңдерден  суыртпақтап  сыр  тартқан  зерттеушілер 
əркез  фольклорлық  мұраларға  сүйеніп,  жұртшылық  жадында  сақталған  деректерді  жазба  құжаттар-
мен салыстырып үйренеді [16:3]. Тарихи болмыс тек қана үлкендер орындайтын шығармаларда емес, 
балалар  шығармашылығында  да  өзіндік  ізін  сақтайды.  Бұл  –  табиғи  заңдылық.  Түбі  бір  түркі 
ұлыстарының  көне  түбірлерінің  бірі  қарақалпақ  халқының  балалар  фольклорында  да  мұны 
айғақтайтын деректер баршылық. 
Қарақалпақ  балалар  фольклорында  осы  халықтың  кейбір  топтарының  кезінде  «алты  алаш» 
қауымдастығына  кіргендігінен,  тағы  бір  бөліктерінің  қазақ  ордаларымен  қанаттас  жасағандығынан 
дерек беретін  өлеңдер мен ойын тақпақтары сақталып қалған. Бұл жайында біз бірнеше еңбегімізде 
тоқталған болатынбыз. Оларда қазақ жəне қарақалпақ балалар фольклорында кездесетін «алашартақ» 
ойынының  тарихи  тіндерін  талдай  отырып,  ойын  атауының  «алаш  ортақ»  деген  сөзден  шыққанды-
ғына  мəн  берген  едік  [2:176;  3:126].  Қарақалпақ  халық  поэзиясын  зерттеушілердің  бірі 
С.Бауатдинованың  жұмысында  «ғойқаң  қазақ»  деген  ойын  жөнінде  сөз  болған  [4:34].  Əзіл-
қалжыңдық  сипаты  басым  бұл  ойын  қарақалпақ  балалар  фольклорында  «жырғаулар»  деп  аталатын 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
147 
жанрлық кешен құрамына енеді [3:123-130; 9]. Ойын мəтіндерінде қазақ жəне қарақалпақ халқының 
туысқандық, көршілік қарым-қатынасын сипаттайтын деректік маңызға ие мəліметтер бар. 
Қарақалпақ балалар фольклорында жоңғар шапқыншылығын еске түсіретін қайғылы кезеңдердің, 
қасіретті  күндердің  іздері  де  үзік-үзік  сақталған.  Бұл  жəйт  –  туысқан  қазақ  жəне  қарақалпақ 
халықтарының  тартқан  тақсыреті  болып  қана  қалмай,  жалпы  алты  алаш  баласының  басына  түскен 
зарлы  заман  еді.  Осы  сұрапыл  қырғыншылықтың,  қанды  оқиғалардың  сəулесі  қарақалпақ 
фольклорында: 
Ордамды ойрат алды, 
Ортама ойран салды, 
Ошақта отым қалды, 
Он сан оғым қалды. 
Жасаўлы үйим қалды, 
Жыйыўлы жүгим қалды, 
Жасаўрап көзим талды, 
Жуўыспай жағым қалды. 
Қаңырап жайым қалды, 
Қазықта малым қалды, 
Қаңғалап ҳалым талды, 
Қарақалпағым қалды..., -  
деген жолдарды қалдырған.
1
 Бір ескерерлігі, осы мұңды өлең ересектер шығармашылығына тəн болса 
да,  ғасырлар  аясында  айтыла-айтыла  жат  болып  қалып,  дəстүрлі  балалар фольклорына  өтіп  қалған. 
Мұндағы ойраттар – хошоуыт, дөрбіт, хойыт, торғауыт, бағауыт (баяуыт) сияқты рулық бірлестік-
терден  құралған  жоңғар  қалмақтары  екені  белгілі  [10:50].  1635-жылы  Ойрат  одағын  құрған  бұл 
тайпалардың  көршілес  елдерге  жиі  жорыққа  шығып  тұрғаны,  ХVIII  ғасырдың  бірінші  жартысында 
болса, Ұлы Дала халықтарына жойқын шабуыл жасағаны тарих беттерінен мəлім [6:79-80]. Өлеңдегі 
«он сан оқ» ұғымы – түркі ұлыстары тарихындағы «он оқ», «он оқ созақ», «он сан ноғайлы» аталған 
этнонимдік  атаудың  баламасы  екендігі,  қазіргі  кезде  оның  əр  халық  шежіресінде  əртүрлі 
тарқатылатыны, талқылатыны да аян [2:175;6:168]. Өлең жолдарында халықтың өте аянышты халінің 
баяндалуы себепті, бір заманда жұрт басына түскен жағдайды соңғы ұрпақтың ұмытпауы үшін оның 
кеңінен насихаттала келіп, уақыттың озуымен балалар репертуарына өтуіне де əсер еткен секілді. 
Қарақалпақ  балалар  фольклорында  қариялардың  немерелерін  алдына  алып  отырғызып  алып, 
жырау  жолымен  толғайтын  қысқа  жыр  үлгілері  бар.  Ол  «термишлер»  деп  аталады  [4:460-463;19]. 
Терме-толғаулардан іріктеп алынған мұндай сарындарда: 
Айдыў, айдыў – айдайды, 
Ай балам мениң қандайды, 
Арқадан келген жаўларды, 
Алдына салып ҳайдайды, 
Ҳəңңай, ҳəңңай, ҳəң-ə-ңай, -  
деген жолдар жиі қайталанады [4:460]. Осы мазмұн балаларға арналған басқа да өлеңдерде кездеседі. 
Сондай өлеңдердің тағы бірінде сырттан келетін басқыншылардың кім екендігі анық айтылған: 
Қарағым мениң айдайды, 
Белине садақ байлайды, 
Жаў қалмақтың жылқысын, 
Дүркиретип айдайды..., -  
деп  беріледі  [14:153].  Ер  баланы  еркелету  ыңғайымен  айтылған  бұл  өлеңде  де  жаугершілік 
замандардың  лебі  сезіліп  тұрады.  Өлеңнің  басты  мақсаты,  баланы  жас  басынан  жауынгерлікке 
тəрбиелеу, ерлікке баулу, азаматтық намысын ояту болып табылады. Халық поэзиясының балаларға 
арналған  немесе  балғындардың  өздері  орындайтын  өлеңдерде  замана  көрінісі,  дəуір  шындығы 
осылай  қылаң  берсе  де,  бұл  шығармаларда  көпке  белгілі  жəйттер  баяндалған.  Соған  қарамастан 
мысал  етілген  өлеңдерден  Орталық  Азия  халықтарының  ортақ  жауы  саналған  «ойраттар»  немесе 
«қалмақтар» деп аталған халық хақындағы деректерді табамыз. Соны да ескерткен орынды, осындағы 
                                                 
1
 
Бұл  өлең  мəтінінің  тағы  бір варианты  тарих  зерттеушісі  Ə.Байниязов  тарапынан  жоғарғы қарақалпақтар арасынан  жазып алынған. 
Мəтіндер қарақалпақ тіліндегі жазылу қалпы бойынша берілді (авт.).
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
148 
«қалмақ» атауы кей-кейде сырттан келген барлық жаулаушыларға жалпылама түрде де қолданылған 
[6:190]. Сондықтан өлең астарынан ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысындағы бүліншіліктердің сұлбасын да 
аңғарғандай боламыз [11:55]. 
Қазақ  балалар  фольклорына  байланысты  кезінде  С.Сейфуллин  «қалмақ  шапқыншылығынан 
қалған» деп жариялаған: 
Бұрынғыдай жайың бар ма? 
Мінетұғын тайың бар ма? 
Жылағанда дайын тұрған, 
Қарындағы майың бар ма? 
Бұрынғыдай елің бар ма?..., -  
деген өлең жолдары жайлы К.Іслəмжанұлы: «Бас-аяғы күзеліп жеткен ана жырының бұл үзіндісінен 
біз  ХVIII  ғасырдағы  қазақ-қалмақ  халқы  арасындағы  шапқыншылықтардың  ауыр  сызын  сезінеміз, 
бірақ  дəл  қай  уақыт,  қандай  оқиға  екендігін  тап  басу  қиын»,  -  дейді  [17:42].  Шындығында  да 
фольклорда  тарихи  шындықтың  іздері  сақталғанымен  де,  оларға  көбірек  жалпылық  сипат  басым 
болып келеді. Оны там-тұмдап саумалап тарту, түп-төркінін жете аңғара білу, оған жан беріп, тілге 
келтіру, зерттеушілердің терең білімі мен біліктілігіне байланысты. 
Қарақалпақ  жəне  қазақ  балалары  арасында  кең  тарқалған  кейбір  фольклорлық  үлгілерде  тарих 
белестерін айқынырақ тануға мүмкіндік беретін деректер кезігеді. Соның бірі «Түлкішек» өлеңі. Бұл 
өлең  қарақалпақ  жəне  қазақ  фольклорында  сұрамақтар  түрінде  де,  қызықтамалар  түрінде  де 
айтылады.  Қарақалпақ  фольклоршылары  «Түлкішек»  өлеңінің  жиырмаға  жуық  вариантын  жазып 
алған. Алайда осы өлеңнің барлық нұсқаларының басталуы бір-біріне ұқсас: 
– Oə, тEлкишек, тEлкишек, 
ТEнде -айда бараса!? 
– Мамамны! Eйине бараман. 
– Мама! саған не берер?... [13:112]. Осы өлең үлгісі көп халықтарға тарқалса да, ондағы оқиғалар 
қарақалпақ жəне қазақ халқының сыбайлас жасаған кездеріндегі жағдайлардан хабардар етеді. 
Біз  алдымен  «түлкішек»  сөзіне  көңіл  аударайық.  Қазіргі  қарақалпақ  тілінде  «түлкишек» 
(«тEлкішек»)    «түлкінің  күшігі»  дегенді  білдіреді  [12:364].  Қарапайым  таным  бойынша  бұл  сөз 
ойыны  түлкішек  пен  бала  ортасындағы  диалогқа  құрылған.  Зерттеушілердің  пікірінше,  шығарма 
XVIII  ғасырға  тиісті  саяси-тарихи  оқиғалармен  байланысты  болып,  соңын  ала  үлкендер 
шығармашылығынан балалар репертуарына өткен жəне ондағы «түлкішек» – «түлкі күшігі» емес, ал 
адамның аты не біреудің сырт көрінісіне қарап қойылған лақап болу ықтималдығы бар.  
Қарақалпақ  этнографы  Х.Есбергенов  «Түлкішек»  –  белгілі  бір  (XVIII  ғ.)  адам  аты  екенін  жазса, 
əдебиетші  ғалым  Ə.Пахратдинов  оны  «түлкі  ішік»  («тEлкітон»)  киген  жан  екенін,  алайда  бұл 
атаудың қайталанып айтыла-айтыла «түлкішек» түрінде қалыптасып кеткенін мысалдармен көрсетеді 
[7:64-66;18:68].  Ə.Пахратдинов  өлеңдегі  аты  аталған  адамның  тағы  бірі  қарақалпақтардың  ХVІІІ 
ғасырдағы көсемі, тарихи тұлға Маман би екендігін, соңынан бұл есімнің (сөздің) балалар тіліне сай 
«мамам»  болып  өзгергендігін  алға  тартады.  Ə.Пахратдинов,  тағдыр  қыспағынан  қысым  көрген 
халықтың  өз  көсемі  Маман  бидің  алдына  көмек  сұрап  барғандығын,  өлеңнің  де  сол  себепті  жүзеге 
келгендігін  баяндайды  [18:68-69].  «Түлкішек»  өлеңінің  қазақша  версияларында  «мамам»  сөзінің 
«апам»,  «əжем»  болып  өзгергендігін  көреміз  [1:50;6:80,135].  Əрине,  мұның  соңғы  кездегі  қоспа 
болуы, мəтінге түзету енгізілгендігінен кейінгі өзгерістер екендігі шүбəсіз. 
Біз  бұл  өлеңдегі  оқиғалардың  тарихқа  қаншалықты  дəрежеде  жанасатындығын  үйрене  келе, 
ақиқатында  да  зерттеушілер  келтірген  пікірлердің  шындықтан  алыс  еместігіне  сенім  пайда  еттік. 
Бірақ біздің көзқарасымызша, бұл жердегі «Түлкішек» – адамның аты да емес, «түлкі ішік» киген жан 
да  емес  тəрізді.  Қарақалпақ  тілінде  «түлкі  баласы»  түсінігімен  байланысты  «түлкишек»  немесе 
«түлкишик» (тEлкішек ~тEлкішік) атауы бар болса да, кейде оны «мыршай» деп те атайды [14:227]. 
«Мыршай»  (тEлкі  кEшігі)  сөзі  əсіресе  оқиға  жүз  берген  арқа  аймақтарда  кеңінен  қолданылады. 
Қарақалпақ  тілінің  жергілікті  сөйленістерінде  «түлкішек»  сөзінің  омонимдік  сыңары  да  бар.  Ол 
«түлкі ішек» сөзімен байланысты болып, «ашқұрсақ» («-арны -абысып -алған») деген мағына береді 
[20:209].  Бұл  ұғым  зерттеушілер  сілтеген  кезеңдегі  халықтың  жалпы  жағдайына  сəйкес  келеді  жəне 
сондай  күйдегі  аш-арық  жанның  келбетін  көз  алдымызға  əкеледі.  Сондықтан  да  ашыққан  халық 
өкілінің  Маман  биге  көмек  сұрай  баруы  кəдуілгі  жағдай  болатын.  Осыған  қосымша,  қарақалпақ 
халқының сөйлеу тілінде «түлкіқұрсақ» деген ұғым да бар болып, ол да «түлкішек» сөзінің баламасы 
түрінде қолданылады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
149 
Осыларды  пысықтайтын  тағы  бір  дерек,  өлеңнің  əртүрлі  варианттарында  «Мамамның  үйіне 
барамын»  деген  сөз  «Биімдікіне  барамыз»  болып  та  айтылады.  Мұндағы  «би»  –  Маман  екендігі 
артықша  түсіндіруді  талап  етпейді.  «Түлкішек»  өлеңінде  Маманнан  басқа  бұл  тарихи  тұлғамен  бір 
заманда жасаған Батыр хан, Тайлақ жəне т.б. адам аттары да келтіріледі [8:39,128]. Осыған қарағанда, 
ондағы  оқиғалар  дұрысында  да  белгілі  бір  тарихи  кезеңнің  халық  поэзиясында  қалдырған  іздері 
болып,  соңынан  ол  ата-аналардың  бөбек  тілін  ұстартыудағы,  оларды  сөйлетіп  үйретудегі  бір  əдіс-
тəсілі болып қалыптасқан жəне ол балалардың ойын өлеңдеріне де айналып кеткен секілді.  
Сайып  келгенде,  халық  поэзиясы  үлгілерінде  тарихи  болмысты  жəне  тарихи  таным-түсініктерді, 
тарих  іздерін  өз  бойында  сақтап  қалған  деректік  маңызға  ие  материалдардың  бар  екендігі  талас 
тудырмайды.  Олардағы фактілер  тек соңғы  замандардағы  оқиғалармен  шектелместен, бірнеше  мың 
жылдық кезеңдердің де елестерін бере алады. Халық поэзиясындағы бұл сырлы құбылыстар балалар 
фольклоры үшін де тиісті болып, ол алдағы күндері жан-жақты зерттелуі қажет. 
 
1 А- санды-, кFк санды- (балалар фольклоры). – Алматы, 1988. 
2  Dмирлан  С.  Халы-  жадыны!  фольклордағы  жа!ғырығы  //  Проф.  С.Dмiрдi!  80  жылды-  мерейтойына 
арналған халы-аралы- ғылыми-практикалы- конференция материалдары. 2-кiтап. – Алматы, 2010. 
3  Dмирлан  С.Е. Жырғау  жанры  жəне  халы- этнотанымы  // Алтаистика  жəне  тEркология. – Астана, 2011. - 
№2.  
4 Балалар фольклоры / $ара-алпа- фольклоры. 99-том. – НFкис, 2015. 
5 Баўатдинова С. $ара-алпа- халы- -осы-лары. Филол. илим. канд. дисс. – НFкис, 2002. 
6  Дəў-араев  Н.  $ара-алпа-  əдебияты  тарийхыны!  очерклери.  Биринши  бFлим.  Аўызеки  халы- 
творчествосы / Шығармаларыны! толы- жыйнағы. 2-том. – НFкис: $ара-алпа-стан, 1977. 
7 Есбергенов Х., Хошниязов Ж. Этнографические мотивы в фольклоре каракалпаков. – Ташкент, 1988. 
8 Жданко Т. Очерки исторической этнографии каракалпаков. – М.-Л., 1950. 
9 Жырғаўлар // HзРИА $Б Фундаменталь китапханасыны! -олжазбалар -оры. Р-1321, Инв.-№184125. 
10 Златкин Н.Я. История Джунгарского ханства. – М., 1983.
 
11 Камалов С. Каракалпаки в XVIII-XIX вв. – Ташкент, 1968. 
12 $ара-алпа- тилини! тEсиндирме сFзлиги. – НFкис, 1992. 
13 $ара-алпа- халы- -осы-лары. – НFкис, 1965. 
14  Ма-сетов  $.,  Тəжимуратов  А.  $ара-алпа-  фольклоры.  –  НFкис,  1979.  15.  Насыров  Д.,  Доспанов  О. 
$ара-алпа- тилини! диалектологиялы- сFзлиги. – НFкис, 1983. 
15 Самиев О. Генезис и развитие исторического сознания. – Душанбе, 1988. 
16 IслəмжанGлы К. Рухани уыз (-аза- балалар фольклоры). – Алматы: Ана тiлi, 1995. 
17 Пахратдинов D. Мəнили гəплер Qəм халы- əпсаналары. – НFкис, 1989. 
18 Пахратдинов К. Аталар айт-ан термишлер // Мəденият Qəм спорт. – НFкис, 2011. -№.15-16. 
19 Убайдуллаев Ж. Мурынтаў -ара-алпа-лары тилинен этюдлер // Сб. Цивилизации Средней Азии: прошлое 
и будущее. – Нукус. 2012. 
 
Түйіндеме 
Мақалада автор қазақ жəне қарақалпақ фольклорларындағы тарихи оқиғалалар, əсіресе жоңғар шапқыншы-
лығынан тақсірет тартқан қазақ жəне қарақалпақ халықтарының ауыр жағдайлары, зарлы заманның шыңдығы-
ның көрініс табуы талданады. Сондай-ақ халық поэзиясы мен балалар фольклорындағы тарих іздерінің деректік 
маңыздары  салыстырмалы  түрде  ашып  көрсетіледі.  Осы  аталған  фактілер  бірнеше  мың  жылдық  кезеңдердің 
фольклорларда орын алғандығын материалдарды саралау арқылы дəйектейді.  
Тірек сөздер: қазақ, қарақалпақ, фольклор,балалар поэзиясы 
 
Аннотация 
В  статье  автор  рассматривает  вопросы  фольклора  каракалпакского  народа  в  фольклоре  сопоставляя  с 
фольклором казахского народа. Также автор обобщает вниамние на казахскую народную поэзию и раскрывает 
ее ссылаясь на материалы этнографических исследований 
Ключевые слова: фольклор, қазақ, қарақалпақ, факты, материалы, этнография 
             
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
150 
ƏӨЖ 1194 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАРИХИ-МƏДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ-ТАРАЗ     
БАҒЫТЫ: ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ТƏРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ 
 
Е.Н.Ермұқанов – т.ғ.к., доцент,  Абай атындағы $аз%ПУ 
 
Мақалада  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған  «Ұлы  Дала  Елі»  республикалық  тарихи-мəдени 
экспедицияның  Алматы-Тараз  бағытының  ғылыми-танымдық  міндеттері  мен  тəрбиелік  маңызы  қарастыры-
лады.  Сапар  барысында  экспедиция  Наурызбай  батыр  ескерткіші  мен  Боралдай  сақ  қорғандарына  аялдады. 
Экспедиция мүшелері-ғалымдар студент жастар мен көпшілік қауым алдында Наурызбай батыр жəне Боралдай 
сақ  қорғандары  жөнінде  кеңінен  баяндап  берді.  Сондай-ақ  экспедиция  қорытындысына  бойынша  Алматы 
қаласындағы Достық үйінде ғылыми конференция өткізілгені айтылады. 
Тірек сөздер: Ұлы Дала Еліэкспедиция, Қазақ хандығы, жоңғар, батырлар, Жетісу, Алматы аймағы. 
 
Үстіміздегі жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы жыл. Атап айтар болсақ, Қазақ хандығының 
құрылғанына 550 жыл, Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл, Қазақстан халықтары 
Ассамблеясына 20 жыл,  Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл, ұлы ғалымымыз 
Шоқан  Уəлихановтың  туғанына  180  жыл,  талантты  тарихшымыз  Е.Бекмахановтың  100  жылдығы 
меретойлары тұспа-тұс келіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатыр. Біздің «Ұлы Дала 
Елі»  атты  экспедициямыз  да  осындай  маңызды  шараларға  үн  қосу  үшін  Алматы  қаласынан 
жасақталып, Алматы қаласы мен аймағында даталы оқиғаларға қатысты жерлерге саяхаттап, студент 
жастарға қасиетті орындардың мəн-маңызын кеңінен баяндауға күш салды. Соның бірі 2015 жылдың 
22  қыркүйегінде,  яғни,  экспедицияның  алғашқы  күні  ат  басын  тіреген  атақты  батыр  Шапырашты  
Наурызбай  ескерткіші  болатын.  Баhадүр  бабамыздың  ерлікке  толы  өмірінен  сыр  шертетін  мұрағат 
деректері  мардымсыз    болғанымен,  ел  аузында,  халық  жадында  сақталған  аңыз-əңгімелер  негізінде 
жазылған  еңбектер  жоқ  емес.  Соның  бірін  Я.Гавердовский  өз  жазбаларында  былайша  келтіреді: 
«Қазақтардың есінен осы кезге дейін кетпейтін, асқан зор қасіреттер əкелген сол дəуір оларды əбден 
шегіне жеткенше титықтатқан. Орда аңыздарында (естеліктерінде) сол кездегі ержүрек батырлар мен 
қайғылы  оқиғалар  осы  уақытқа  дейін  əлі  сақталып  келеді.  Ақ  шашты  қариялар  көбінесе  қаза 
болғандардың мəйіттері жатқан үлкен үйінділерді көрсетіп, бізге: бұл арада еркіндікті қорғап, ұрыс 
алаңында  қаза  тапқан  батырларымыз  жерленген.  Мына  жерде  қара  құрттай  қаптаған  жауыздар 
қырған тұтас ауылдардар жатыр деді» [1, 125 б.]. 
Шын  мəнінде  жерімізді  қасық  қаны  қалғанынша  қорғап,  шайқасқан  батырларымыз  қаншама. 
Осындай  ержүрек  бабаларымыздың  бірі  осы  Құтпанбетұлы  (Құттымбетұлы)  Наурызбай  болатын. 
Батыр  бабамыздың  елді  жаудан,  яғни  Жоңғар  басқыншыларынан  азат  етудегі  ерлік  істері  талай 
ақындар  мен  жыраулардың  толғауларына  арқау  болды.  Ал  əйгілі  Бұқар  жыраудың  мына  бір  жыр 
жолдары батыр тұлғасын толық айшықтап тұрғандай: 
Ей, Наурызбай, Наурызбай! 
Асылы едің Асылдың... 
Жауға киер беренім 
Миуа ағашта беретім, 
Еңкерістен жау келсе, 
Бетіме ұстар керегім... 
Арандай ашып ауызын, 
Серен келсе сестеніп 
Аттана шабар керенім, 
Өліспей тірі беріспес, 
Артықша туған өренім, 
Жау қыспаққа алғанда, 
Өткел бермес тереңім 
Майданның қанды өтінде 
Сені ылғи көремін [2]. 
Батыр  бабамыздың  еңселі  ескерткішінің  етегінде  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  азаттық 
күресінің батырларына арнап қойылған белгі тастың  қасында Жетісу жерін, Алматы аймағын жаудан 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
151 
азат  етуде  ерен  ерлік  көрсеткен  жүздеген  батырларымыздың  бірі  болса  да  бірегейі,  əрі  сол  кезең 
оқиғалары жөнінде студенттерге біршама мол мағлұмат берілді. Өйткені, біз тұрған Жетісу аймағы, 
яғни  Алматы  маңы  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  жылдары  толықтай  жау  қолында 
қалғанын  орыс  елшісі  И.Унковский,  сондай-ақ  Г.Потаниндер  өз  жазбаларында  мұрағат  деректеріне 
сілтеме  жасай  отырып,  атап  көрсеткенін  көпшілікке  баяндап  бердік.  Əсіресе  Г.Потаниннің 
жазбаларындағы:  ...кей  жерлерде  қуаттылау  дербес  князъдықтар  қыстау  үшін  отырықшы  елді-
мекендер тұрғыза бастады жəне қазіргі бұқаралықтардың қолымен  олардың маңында егіншілік кəсібі 
жүргізілді.  Осы  солтүстік  бөлегіндегі  ...  сияқты  елді  мекендер  болды.  Іле  өзенінде  биіктігі  атты 
адамның  бойындай  саз  балшықтан  істелген  дуалдармен  қоршалған  Колау-Хайнияк-Бак  қаласы 
салынды;  қаланың  ішінде  Галдан  Церен  ханның  бағы  мен  қыс  мезгілінде  ханның  өзі,  қалған 
уақыттарда  диқаншы  бұқаралықтар  тұратын  саз  балшық  дуалдар  тұрғызылған;  хан  жаз  айларында 
Хантəңірінің  етегіндегі  Албан-Шибер  жəне  Текес  өзендерінің  бойындағы  таулы  далаларда  көшіп 
қонып  жүрді.  Бəлкім  мұндай  отырықшы  тұрақтар  Алматы  мен  Таласта  да  болған  шығар»[3,243  б.] 
деген тұжырымы тегіннен-тегін емес. 
Сонымен туған өлкемізді жаудан азат етіп, оны бізге аманаттап кеткен Наурызбай батыр секілді 
бабаларымыз  екені  баршаға  ақиқат.Сондай-ақ  студент  жастарға    басқа  да  батыр  бабаларымыз 
жөнінде аз-кем баяндап өттік. Əсіресе, жеке қол бастаған даңқты қолбасшылар Қаракерей Қабанбай, 
Шақшақ Жəнібек, Тама Есет, Бəсентин Малайсары, Қанжығалы Бөгенбайлардың жоңғарларға қарсы 
бүкілхалықтық  азаттық  күресіне  белсене  атсалысқанына  кеңінен  тоқталдық.  Халықтың  сүйіспенші-
лігіне  бөленген  батырлардың  қазақ  жасақтарын  ұйымдастырып,  қолбасшылық  етудегі  ерекшелік-
теріне  көпшіліктің  назарын  аударып,  жекелеген  батырлардың  шайқастары,  жорық  жолдарына 
қатысты  мағлұматтар  бердік.  Сонымен  қатар  батырларымыздың  жауымен  тек  жекпе-жектердегі 
жеңістерінде  көзге  түсіп  қана  қоймай,  еларалық  қатынастарда  мəмлегерлік  қырларымен  де  дарала-
нып, дипломатиялық қатынастарды нығайтуға да қосқан үлестерінен де құлағдар еттік. Батырлары-
мыз жөнінде көрнекті фольклоршы, этнограф Ə.Диваевтың жинақтауымен бізге талай аңыздардың да 
жеткенін  баяндай  келе,  соның  біріне  тоқталып  өттік:  «Кіші  жүздің  үш  руы  Орта  орданың  бір 
бөлегімен  бірге  Сарыарқаның  солтүстік  шекарасында  жоңғарлармен  соғысты.  Ұрыстарда  атақты 
мергендер Тайлақ (Кіші Ордадан) пен оның жиені Саңырық мерген (Ұлы жүз, ошақты) көзге түсті. 
Жоңғар езгісіне қарсы күрестен ешкімде тыс қалмады».  
Ел  басына  күн  туған  сəттегі  қазақ  батырларының  ерлік  істері  жөнінде  көптеген  шайқастарға 
қатысқан жыршы-жырау Тəтіқара батырлар даңқын былай деп мəңгіге қалдырған болатын: 
Қамыстың басы майда, түбі қайда, 
Жəнібек Шақшақұлы болат найза 
Алдынан су, артынан жау қысқанда 
Ер жігіттің ерлігі осындайда. 
Бөкейді айт Сағырменен Дулаттағы 
Деріпсəлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы 
Өзге батыр қайтса да бір қайтпаған 
Сары менен Баянды айт Уақтағы. 
Ағашты биікті айтсаң қарағайды айт, 
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт, 
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Емəнəлі Керейде ер Жабайды айт [4, 142 б.]  
Сондықтан  осындай  даңқты  ұлдарымызды  ардақтап,  келер  ұрпақтарға  ерлік  істерін  насихаттап 
жеткізу қай-қайсымыздың да қасиетті борышымыз. 
«Ұлы Дала Елі» экспедициясы барысында ұлт зиялылары мен студент жастар батыр баба рухына 
зор құрметпен тағзым етіп, өз сапарларын одан əрі жалғастырды. 
Экспедиция  25 қыркүйекте  Алматының  солтүстік-батыс жақ шетіндегі  «Ұлжан»  ықшам  ауданы-
ның жерінде орналасқан «Боралдай» сақ қорғанына ат басын тіреді. 38 обадан тұратын қорымның ең 
көлемдісіне тоқтап, сол жерде бұл қорым жөнінде белгілі археологтар М.Нұрпейісов, А.Нұржановтар 
экспедиция  мүшелері  мен  студент  жастарға  кеңінен  əңгімелеп  берді.  Əсіресе,  қорымды  арнайы 
зерттеген  М.Нұрпейісов  көпшілікке  салттық  құрылыс  ерекшеліктерін,  оба  құрылыстары,  жалпы 
зерттелген обалар жөнінде жан-жақты баяндады. Қорымдардағы жерлеу ғұрпы, наным-сенімдерге де 
қатысты мол мəліметтермен құлағдар етті. 
2 қазанда экспедиция өзінің сапарын Алматы қаласындағы Достық үйінде қорытындылап, арнайы 
кітап  көрмелерін  ұйымдастырып,  белгілі  қоғамтанушы  ғалымдардың  басын  қосқан  ғылыми 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
152 
конференция  өткізді.  Конференцияда  баяндама  жасаған  елімізге  белгілі  ғалымдар  С.Мəжитов, 
С.Урашев жəне тағы басқалар биылғы жылы Қазақ хандығына қатысты шет ел қорларынан табылған 
деректердің  ғылыми  айналымға  тартылғанын  жəне  Алматы  қаласының  ежелгі  жəне  бүгінгі 
кезеңдерінің зерттелуіне де тоқталып өтті. 
Осы  экспедицияның  сарапшысы  ретінде  аталған  шараларға  қатысты  елімізде  атқарылып  жатқан 
игі  істердің  маңызын  экспедиция  мүшелері  мен  көпшілік  қауымға  насихаттап,  жеткізуге  де  өз 
тарапымыздан шама-шарқымызша үн қостық.  
Жалпы алғанда «Ұлы Дала Елі» экспедициясының Қазақстан халықтарының тарихи-мəдени жəне 
рухани  мұралары  негізінде  қазақстандық  жəне  ұлттық  бірегейлікті  нығайту  мақсаты  толықтай 
орындалды десе де болады. 
 
1
 
$аза-стан тарихы (кFне заманнан бEгінге дейін). Бес томды-. 3-том. - Алматы, 2002. - 125 б. 
2
 
Селеубаев А. Бас батыр // $аза- батырлары. 2003. - №4. 
3
 
Алматы тарихы. 1-том. - Алматы, 2006. - 243 б. 
4
 
$аза-стан тарихы (кFне заманнан бEгінге дейін). Бес томды-. 3-том. - Алматы, 2002. - 142 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет